Бөж жылу, система, процесс күйі. Газдың ұлғаю жұмысын әр түрлі процестерге есептеу. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері



бет1/9
Дата27.10.2022
өлшемі43,18 Kb.
#45574
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СРСП тапсырмасы



БӨЖ 1. Жылу, система, процесс күйі. Газдың ұлғаю жұмысын әр түрлі процестерге есептеу. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері

  1. 298 К температура кезінде біратомды газ идеалды күйде изотермиялық және қайтымды ұлғаяды, 1,5*10-3(1,5 л)-ден 10*103 м3 (10 л) дейін, бұл кезде 966*103 Дж (230 ккал) жылу сіңіріледі. Процеске қатысатын газдың моль санын есептеңіз.

  2. Тұрақты қысымда 0,8752 бар, системаның көлемі 5 л ұлғайғанда қандай жұмыс (Дж) жасалады?

  3. Массасы 5 г азотты тұрақты көлемде 15-тен 25 0 С дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін табыңыз.

  4. 1,96*105 н/м2 қысымда 0,005 –тен 0,01м3 дейін изобаралық ұлғайғандағы гелийдің ішкі энергия өзгерісін есептеңіз.

  5. 1 моль идеалды екіатомды газдың температурасын 15-тен 250 С дейін көтергенде адиабатты сығылу жұмысын есептеңіз.

  6. 3 кмоль аммиакты тұрақты қысымда 273 –нен 473 0 К дейін қыздыру үшін қажетті жылудың шамасын есептеңіз. Қажетті мәліметтерді Анықтамалық кітаптан алу керек.

7. Массасы 60 г оттегі 150 С кезінде көлемі 20 л ден 1 л дейін изотермиялық сығылуы үшін қажетті жылудың шамасын есептеңіз.
8. V=const кезінде 25 г оттегін 3500 С кезінде көлемін 1,013*105 ден 5,065*105 н/м2 дейін ұлғайтатын, қыздыру үшін қажетті жылудың шамасын есептеңіз.
9. Температура 25 0 С және қысым 1,013*105 н/м2 кезінде ыдыста 1 кг азот бар. Қысым изохоралық 2,026*105 н/м2 дейін ұлғайғанда, көлем үш есеге дейін изобаралық ұлғайған кездегі жылуды(Q), ішкі энергияны(U) және жұмысты(А) есептеу керек.
10. Газ тұрақты қысымда 1,013*105 н/м2 көлемі 0,01 ден 0,016 м3 дейін ұлғайып, жылу (Q, Дж) сіңіреді. Ішкі энергияның өзгерісін (U) табу керек.
11. 0,1 кмоль көміртегі (IV)оксиді 200С температурада изотермиялық сығылуы үшін, қысымы 1,02*105 ден 35,7*105 н/м 2дейін, қандай жұмыс жасалады?
12. Массасы 2 г ауаны 1,012*105 н/м2 қысым кезінде 0 ден 10С дейін қыздырғанда ұлғаю жұмысын есептеу керек, ауаның қ.ж. тығыздығы 1,29 кг/м3.
13. Температура 17 0 С кезінде 10 г оттегі көлемі 0,008 м3ден 0,005 м3 дейін адиабатты сығылады. Соңғы температураны, жасалған жұмысты, ішкі энергияның өзгерісін және энтальпия өзгерісін есептеңіз.
14. 0,5 моль хлор 00С кезінде 1 л ден 25 л дейін изотермиялық ұлғайғандағы жұмысты есептеңіз.
15. Массасы 200 г ауа 13,25*105 н/м қысымда 80 л көлем алады. Ауаның атқаратын жұмысын есептеңіз, егер тұрақты қысымда оның көлемі 2 есеге артса?
16. Реакцияның жылу эффектісін түзілу жылуы бойынша есептеңіз:
С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О,
ΔНтүз.С2Н4 = –62,01 кДж/моль; ΔНтүз.СО2 = 393,9 кДж/моль; ΔНтүз.Н2О = = 284,9 кДж/моль.
17. Реакцияның жылу эффектісін есептеңіз: С + 2S = СS2 + ΔН
Заттардың түзілуінің жылу эффектісі көрсетілген үш теңдеуі берілген (үш теңдеуден математикалық өзгерістер жүргізе отырып бастапқы теңдеуді алу қажет)
S + O2 = SO2 + 297,5 кДж/моль; (1)
CS2 + 3O2 = CO2 + 2SO2 + 1109,9 кДж/моль; (2)
C + O2 = CO2 + 394 кДж/моль. (3)
18. Реакцияның жылу эффектісі 1/2N2 + 3/2H2 = NH3 тұрақты қысымда= 46,26 кДж/моль, берілген стандартты температура үшін бұл реакцияның QV есептеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет