Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
БӨЖ
Орындаған:Дәулетханова Балерке
«Егер мен сынып жетекші болсам»
Жалпы мен сынып жетекші болсам,заманауи білім беру технологиясын толық меңгерген,баланың бойына өз оқыған білімімді дарытушы едім.Қазіргі заман жастары еркін ойлайтын,еркін қадамдарға барғанын қалаймын.Егерде бала еркін,еркін ойлайтын болса ол қоғамға өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
Заманымыздың білім беру саласына қойып отырған талаптарын бәріміз жақсы түсінеміз. Отыз дамыған елдердің қатарына кіру үшін заман талабына сай білім алып, тәрбиеленген, кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алатын, серіктестікке бейім, шапшаң да жан - жақты қалыптасқан тұлға қажет. Ал осы қасиет, осы құндылықтар мектепте қалыптасатыны талассыз жайт.Заманауи сынып жетекші заман талаптарына сай, балалармен жұмыста жаңа әдіс - тәсілдер қолданып, бала дамуындағы басты құндылықтарды дамыту. Оларға - сүйіспеншілік, отбасы, денсаулық, адамгершілік, білімділік жатады.
Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін отбасыдан басталады. Отбасыда баланың тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым – қатынасы, белгілі бір мінез бен әдеттері қалыптасады. Әрбір баланы тануға, оны жақсы көріп, оның қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекші тиісті. Мектеп – бұл: бала+ ата - ана+ сынып жетекші. Сондықтан ата - анамен байланыс – менің жұмысымдағы ең маңызды буын.Басты байлық - денсаулық. Осыны ескере отырып, сыныпта салауатты өмір салтын ұстану мақсатында түрлі сайыс, шаралар ұйымдастырамын.Тәрбие ісінде басқалардың жеке басынын өнегесі де өте зор қызмет атқарады. Ертеде Рим философы Сенеке «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай» - деген екен. Мұндай қасиет біздің ұлтымыздан да байқауға болады. Мәселен, біз ұстаз бола тұрсақ та, өзімізге жақсы жағынан ұнаған ұстаздарға еліктейміз.Тәрбие сағаттарын өткізу үшін күні бұрын әр балаға тақпақтар, жұмбақ, мақалдар таратып, кейбір балаларға ән айтқызып, би билетіп келеміз. Осындай жұмыс түрлері балаларды жалықтырып жібермесе екен деген ой туындайды. Сондықтан тәрбие сағаттарына да жаңа технологияны кіргізіп, өзгешелеу етіп өткізсек, балалардың ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеттері және әр баланың бойындағы өзіндік ерекшеліктері байқалып, әр баланы жеке тұлға ретінде танимыз.«Білім мен тәрбие» егіз. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек.
Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан әдіс - тәсілдің бірі. Еліміздің президенті Н. А. Назарбаев өз жолдауында былай деген еді: «Білім жүйесінде түбегейлі кадрлық өзгерістер жүргізілуі тиіс. Дәстүрлі оқытушы (қажет білімдерді беруде және тәржімалауда монополист) сахнадан кетеді. Педагог - тәрбиешінің жаңа бейнесі жасалмақшы: ол зертеуші, тәрбиеші, кеңесші, жобалар жетекшісі болуы тиіс».Заманауи сынып жетекші - бұл қырағы, шығармашыл, ертеңіне сенімді, ғылыми - танымы жан - жақты дамыған заман талабына сай тәрбиеші деп түсінемін.
Уақытпен бірге қарыштау үшін үздіксіз өз - өзін жетілдіріп, мақсатқа жету жолында ерінбей еңбек етуіміз керек. Себебі, бала – бұл сенің ой - қиялың, сенің ерік - жігерің, сенің шабытыңның сусындап өсетін дән.
Адамдарға кемшіліктері жөнінде көп айтыла беретін болса, онда олар өздеріне деген, өз күштеріне деген және өз мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін жоғалта бастайды» Я, кемшіліксіз адам болмайды. Біздің ұжымда өз күшіміз бен мүмкіншіліктерімізге деген сеніміміз күн сайын артып, өз жұмысымызға деген махаббатымыз нығайып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |