Бөж пәні: Саясаттану Тақырыбы



бет1/4
Дата02.12.2022
өлшемі71,46 Kb.
#54361
  1   2   3   4
Байланысты:
Тохтан Диана 112 (1)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Қоғамдық ғылымдар кафедрасы

БӨЖ


Пәні: Саясаттану
Тақырыбы: БӨЖ тапсырмалары


Орындаған: Тохтан Д.
Қабылдаған: Сыздықова Г.
Тобы: ЖМК-112

Түркістан 2022 ж


Жоспар:
5. Қазақстандағы көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба? Осы ойыңызды дәлелдеңіз.
6. Қазақстандағы идеологиялық жағдайды сипаттаңыз.
7. Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер. Шолу жасаңыз.
8. Қазірге әлемдік геосаяси жағдайында халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстандағы көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба? Осы ойыңызды дәлелдеңіз

Қазіргі Қазақстанның партиялық-саяси жүйенің қалыптасуын келесі кезеңдерге бөлуге болады: Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы – 1991 жылдан 2000 жылдардың басына дейін – партиялық өрістің құрылуы, оның аясында қоғамдық-саяси консенсус, сондай-ақ ел дамуының негізгі идеологиялық құрылымдары мен тұжырымдамалары әзірленді.Екінші онжылдық – 2000 жылдардың басынан 2010 жылға дейін – Парламент Мәжілісіне сайлаудың бастапқы мажоритарлықтан пропорционалды жүйесіне көшумен саяси партиялардың сапалы нығаюы.Үшінші онжылдық – 2011 жылдан бастап – басым саяси күшке ие көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Партия құрылысына сайлау жүйесінің дамуы белсенді түрде ықпал етті. 1998 жылы Конституцияға енгізілген түзетулер пропорционалды сайлау жүйесінің негізін қалады. Саяси партиялардың рөлі мен олардың заң шығару процесіне ықпалы артты. Осы сәттен бастап Мәжілістегі қосымша 10 орын партиялар арасында партиялық тізімге берілген дауыстардың санына сәйкес бөліне бастады. Парламенттің төменгі палатасына кіру үшін 7 пайыздық кедергі енгізіліп, саяси саладағы бәсекелестік жанданды.


Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол əсіресе демократиялық мəдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады.Көппартиялық жүйенің қалыптасуына əртүрлі демократиялық саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы. Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына əлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды, басқарушы партияларды алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялық қоғамда көппартиялыққа айрықша мəн беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады. Саяси партия- пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келуге немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындағы əлемдік тəжірибеде əлдеқашан дəлелдеген. Саяси партия- пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келуге немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындағы əлемдік тəжірибеде əлдеқашан дəлелдеген. Тəуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90- жылдарында көппартиялы саяси жүйе тəжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өйткені кеңес дəуірінің саясатының дамымағандығы əсер етті. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары 90-жылдардың екінші жартысында дəл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дəл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. 2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал-демократиялык “Ауыл” партиясы, “Отан” партиясы, «Қазақстанның Коммунистік партиясы», Қазақстанның демократиялық “Ақжол” партиясы, “Асар” республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтык партиясы, Қазақстанның Демократиялық партиясы, “Руханият” партиясы жəне т.б. жатады.
Қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осымемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
Қорытындылай келе, елімізде қалыптасқан көппартиялық жүйе Қазақстан Республикасын əлемге зайырлы жəне демократиялық мемлекет ретінде танытуда. Бұл біздің тарихи жетістіктеріміздің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет