Бөж тақырыбы: Мектеке дейінгі педагогика және мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы пәндерінің бағдарламалары



Pdf көрінісі
Дата11.11.2022
өлшемі190,29 Kb.
#49433


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
Гуманитарлық ғылымдар факультеті 
Білім технологиялары кафедрасы 
 

БӨЖ 
Тақырыбы: Мектеке дейінгі педагогика және мектеп жасына дейінгі 
балалар психологиясы пәндерінің бағдарламалары. 
 
 
 
Қабылдаған: Исахова.Ш 
Орындаған: Оспанова.Ұ.Н 
Тобы: ПМД-711 
 
Түркістан 2020 


Жоспар: 
1.Мектеке дейінгі педагогика пәнінің мазмұны. 
2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының басым бағыттары. 
3.Педагогикалық процесті ұйымдастыру. 
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту – балабақшада жас 
ерекшелігіне сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде балалар меңгеретін, 
іріктелген қарапайым ғылыми білім, білік, іскерлік, дағдылар жүйесі және сол 
арқылы баланы мектепке дайындап, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын, 
жан–жақты дамуын қамтамасыз ету» деп тұжырым жасадық. 14 Аталған 
анықтамаларды басшылыққа ала отырып мектепке дейінгі ұйымдарда 
тәрбиеші педагогтар жас ұрпаққа білім беруде оның мазмұнын таңдай білуге 
және ол арқылы баланың танымдық қабілетін дамытуға, алған білімді бойына 
өмірлік дағды ретінде сіңіруге баса назар аудару қажеттілігі ұсынылды. 
Мектепке дейінгі жаста баланың дамуы мен тәрбиесінің негізгі құралы білім 
мазмұны болып табылады. Білім мазмұны бүгінгі қоғамдағы өзгерістерге 
сәйкес жаңартылып отыруы шарт. Осыған орай, мектепке дейінгі білім 
мазмұнын жаңартудағы тәжірибеге сүйене отырып, оның төмендегідей 
қарама– қайшылықтарын айқындадық. Кесте – 1 - Мектепке дейінгі білім беру 
мазмұнын жаңартудағы қарама – қайшылықтар қайшылықтадың кезеңдері 
Қарама – қайшылықтар Қоғамдық, әлеуметтік жағдайларға сәйкестік – 
қоғамды жаңғырту және демократияландыру үдерісінде әр ұлттың өзіне тән 
рухани өмірінің қайта саралануы мен өткеннің мәдени–тарихи мұрасын қайта 
өркендету мәселесінің білім мазмұнында толық ашылып берілмеуі 
арасындағы; – мектепке дейінгі кезеңдегі және бастауыш сыныптардағы білім 
мазмұнының сабақтастығының сақталмауы; Білім беру жүйесіндегі мектепке 
дейінгі ұйымдарға байланысты –білім беру бағдарламалары мазмұны мен 
оның тәжірибедегі талаптарының сәйкес келмеуі; –біртұтас білім беру 
бағдарламалары мен білім беру үдерісін ұйымдастыру талаптарының өзара 
байланысының болмауы; –білім мазмұнын жаңартуға арналған төл туынды, 
авторлық және балама бағдарламалар мен оның оқу– әдістемелік кешендерін 
заман талабына сай қайта дайындау қажеттілігі; –білім мазмұнының жеке 
пәндік мазмұндарға бөлшектенуі баланың тұтас тәжірибе жинақтауына 
кедергі келтіретіндігі; Арнайы мамандарға қатысты –білім мазмұнын 
жаңартуда тәрбиеші педагогтардың шығармашылық ізденістері мен кәсіби 
шеберлігі және белсенділіктерінің төмендігі; – арнайы мамандардың 
жеткіліксіздігі; Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпалы –
мемлекеттік стандартпен оқу жоспарларының талаптарының біржақтылығы 


мен балаға берілетін білім мазмұнына қойылатын талаптардың 
үйлесімділігінің 
сақталмауы; 
–балалардың 
танымдық 
әрекетінің 
мүмкіндіктерінің толық ескерілмеуі, педагогтың ғана белсенді әрекетіне 15 
сүйену дағдысының қалыптасуы; –балалардың белсенді шығармашылық 
әрекетін дамытуға мүмкіндік жасамағандықтан, олардың ақылойын 
дамытудың қамтамасыз етілмеуі; –мектепке дейінгі жастағы баланың 
денсаулығының дұрыс болмауы, танымдық қызығушылығы, шығармашылық 
әлеуеті бастауыш сыныптарда жалғаспай қалу тенденциясы байқалады; –білім 
беру бағытындағы білім, білік, дағдылар өмірлік дағды ретінде 
қалыптастырылмауы; Аталған қарама–қайшылықтарды жою мектепке дейінгі 
ұйымдардағы тәбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту ғылыми – 
теориялық және әдістемелік тұрғыдан негізделгенде мүмкін болмақ. Білім 
мазмұны дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық 
және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған 
нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі. Білім мазмұны–әлеуметтік 
тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі–әлеуметтік 
тәжірибедегі іс–әрекет тәсілдерін балаларға үйрету, білімді қолдануға 
дағдыландыру, дәлірек айтқанда адамзат жасаған іскерлік пен дағдыны 
меңгерту оны өмірлік дағды ретінде қалыптастыру көзделеді. Сыртқы 
(тәжірибелік) және ішкі (ақыл–ой) дағдылары мен іскерліктерді қалыптастыру 
мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік құжаттарында белгіленген 
қарапайым білім беруге арналған пәндер арқылы жүзеге асырылады. Ол 
арқылы балалар өздігінен дербес әрекет етуге, салыстыруға, талдауға, 
қортынды жасауға үйренеді. Сондай ақ, білім мазмұнының тәжірибелік 
бөлігінде нақты іс–әрекет жасауға мүмкіндік беретін, көркемдік, эстетикалық 
тәрбиеге баулитын музыка, бейнелеу өнері, еңбек, қарым–қатынас жасау іс–
әрекет түрлерінің маңызы зор. Танымдық іс–әрекет – баланың ой–өрісін 
кеңейтіп, дүниені танудың маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен 
дербес әрекет теуге ынталандырып, ақыл–ойдың дамуына, қарапайым білім 
негіздерін жүйелі меңгеруге көмектеседі. Еңбек іс–әрекеті еңбек ете білуге, 
еңбексүйгіштікке, материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, ұқыпты 
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағтталған. Өзіне–өзі қызмет ету
тұрмыстық еңбек, ауылшаруашылық еңбегі және қол еңбегімен шұғылдану 
мағызды болмақ. Көркемөнер іс–әрекеті – эстетикалық дүниетанымды 
дамытып, әдемілікке сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге 
бөлейді. Болмысты, қоршаған ортаны танып білуде әсемдікті, сұлулықты 
сезінуге үйренеді. Қоғамдық іс–әрекет – баланың әлеуметтік ортаға 
бейімделуі, үлкендермен, құрбыластарымен қарым–қатынас жасау мәдениеті 
қалыптасады. Тәрбиешінің нұсқауымен, түсіндіруімен жұмыс жасап үйренеді 
және жаттығулар орындайды. Білім беру мазмұнының үшінші элементі–
шығармашылық жұмыс тәжірибесі. Мектепке дейінгі жастан бастап баланы 
тек «дайын» білімдерді хабарлау арқылы қабылдауға, жаттығулар орындауға, 


үлгіге қарап жұмыс істеумен 16 шектемей шығармашылықпен еңбек етуге 
баулу қажет. Шығармашылыққа баулуда баланы өздігінен ізденуге, орындаған 
жұмыстарға өз үлесін қосуға бағыт беріп отырған тиімді болмақ. Білім беру 
мазмұнының төртінші элементі–тәжірибе, адам, іс–әрекет, құрал, өзара 
қатынас. Бұл орайда, адамның дүниеге, іс–әрекетке, айналасындағы 
адамдарға, құрбыластарына берген бағалары болады. Сезім мәдениеті – 
баланың әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Баланы білімге, іскерлік дағдыларға іштей сұраныс туғызып, түрлі сезімдерге 
бөлеп, білім мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, 
шығармашылық іс– әрекет эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі 
мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да білім мазмұнын 
қабылдауға ықпал етеді. Егер, бала өзі айналысатын іс–әрекетіне 
қызығушылықпен қарайтын болса, онда олардың оқу, еңбек, ойын іс– әрекеті 
де табысты болады. Психологтардың дәлелдеуінше жағымды эмоциялар 
үлкенді де, кішіні де шабыттандырады. Еңбек нәтижесіне жеткен бала 
қуанышқа бөленеді. Ендеше білім мазмұны жеке тұлғаның негізгі 
мәдениетінің барлық бөліктері бір–бірімен тығыз байланысты. Білім мазмұны 
арқылы іскерлік, дағды қалыптасатын болса, шығармашылық іс–әрекет белгілі 
бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік–жігерсіз 
оқыту дұрыс жүрмейді. Сондықтан, біз зерттеу мәселесіне сәйкес білім 
мазмұны–ол мектепке дейінгі жас ерекшелігіне арналған мемлекеттік 
стандартта белгіленіп, баланың жек тұлға ретінде қалыптасуына және әрі 
қарай дамуына ықпал ететін қажетті білімдер жиынтығы екендігін айқындап 
алдық. Енді, мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұны қандай қағидаларға 
сүйеніп таңдалатынын қарастырайық. Оның ең басты негізгілеріне тоқталатын 
болсақ: Біріншіден, білім мазмұны дамытушылық сипатта болып, баланың 
әлеуеттік мүмкіндіктерін ашуға бағытталуы тиіс. Екіншіден, білім 
мазмұнының жүйелілік сақталуымен қоса, оның кіріктірілген болуы да 
маңызды. Үшіншіден, білім мазмұнының көп мәдениеттілік тәрбиені 
қамтамасыз етуі көзделеді. Төртіншіден, мектепке дейінгі білім мазмұнының 
базистік оқу жоспарында іс-әрекеттің алуан түрлерінің қамтылуы және оның 
негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, құралдарын таңдауы, 
әдістәсілдерді таба білуі, бақылау жасай алуы т.б қарастырылуы қажет. 
Бесіншіден, білім мазмұнын жаңартуда баланың денсаулығын сақтау мен 
нығайту және психологиялық тұрғыдан жағымды жағдай жасау қажеттілігі 
ескерілуі тиіс. Енді осы білім мазмұнын жаңартудың қажеттілігі не? деген 
заңды сұрақ туындайды. Білім мазмұны балаларға «Нені оқыту керек?» - деген 
сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің көлеміне ғана емес 
сапасына байланысты. Білім мазмұнының теориялық мәселелерін және оны 
іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.С.Скаткин т.б 
зерттеді. И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша: «білім мазмұны дегеніміз-
берілетін білім, іскерлік және дағдылар жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, 


эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі» деп тұжырым жасайды. Ең бастысы, 
білім мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға ықпал етеді. 
В.В.Краевский: білім, білік, дағдылармен қоса білім мазмұнының құрамына 17 
жаңа 
компоненттері 
оқытудың 
дамыту, тәрбиелік 
қызметі 
мен 
шығармашылық іс әрекеттің тәжірибесін және әлемге және бір-біріне деген 
эмоционалдық құндылықтарды қамтиды деп есептеп, білім мазмұнын 
таңдауда төмендегідей принциптерді ұсынады. Кесте – 2. Білім мазмұнын 
таңдаудың принциптері Принциптер атаулары Принциптер мазмұны 1. 
Әлеуметтік тапсырысқа сай болу принципі. Бұл принципте білім мазмұнын 
білім, білік, дағды, ғана емес таңдалған білім мазмұнының мүмкіндіктерін 
есепке алып баланың жан-жақты дамуына ықпал ететіндігі ескеріледі. 2. 
Оқылатын материалдың ғылыми және тәжірибелік мәнділігін қамтамасыз ету 
принципі. Мұнда бір жағынан білім мазмұны соңғы ғылыми жетістіктерге 
сәйкес болса, екінші жағынан білім мазмұны баланы қоршаған ортада 
тәжірибелік мүмкіндіктерін қамтуды, яғни теория мен тәжірибенің 
байланысын қамтамасыз етуді көздейді. 3. Оқу процесінің нақты мүкіндіктерін 
есепке алу принципі. Ол білім мазмұнын іріктеуде оны жүзеге асыратын әдіс-
тәсілдерді, құралдарды, оқыту формалары мен технологияларын және білімді 
игеру деңгейін білім беру ұйымдары анықтайды. 4. Барлық пәндердегі білім 
мазмұнының бірлігін қамтамасыз ету принципі. Бұл принципте білім 
мазмұнының компоненттерінің үйлесімділігін сақтау және оқу материалдары 
әртүрлі пәндерде қайталанбауын қадағалайды. 5. Ізгілендіру принципі 
Аталған принципке сәйкес білім мазмұны жеке тұлғаны қалыптастыруда білім 
беру мәдениеті, шығармашылық іс - әрекет мәдениеті, гуманитарлық 
мәдениет, адам денсаулығы мен жалпы адамзаттық құндылықты сақтау, еркін 
даму және кәсіби шығармашылықпен қабілеттілікті дамытуға баса назар 
аудару көзделеді. Жоғарыдағы принциптерге негізделген білім мазмұнын 
арнайы іріктеудің Бабанскийдің ұсынған (критерилері) өлшемдері: 1. Жеке 
тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндетін тұтас қарастыру. Бұл 
критерий бойынша оқу бағдарламалары пәндердің мазмұнына 18 сәйкес 
ғылым мен тәжірибенің теориялық негіздерін, заңдылықтарын, түсініктері мен 
зерттеу әдістерін, негізгі іс-әрекет түрлерін, жеке тұлғаның дамуын, танымдық 
қызығушылығын арттыруды қамтамасыз етеді. 2. Білім мазмұнының ғылым 
мен тәжірибедегі мәнділігі. Мұнда оқу бағдарламалары бойынша білім 
мазмұнының әмбебаптық және ақпараттық элементтері қарастырылып, 
теорияның мәнін ашу үшін ғылымның заңдылықтары, әдістері оның 
тәжірибеде қолданылуы қарастырылады. 3. Білім мазмұнының күрделігі 
балалардың жас ерекшелігіне қарай оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Бұл 
критеридің сәйкестігі арнайы жүргізілетін бақылау (срездері), емтихан 
нәтижелерін талдау, оқу материалдарын меңгеруге байланысты болуы. 4. 
Білім мазмұнының көлемінің пәнді оқып үйренуге кететін уақытқа сәйкестігі. 
Аталған критери бойынша лабораториялық эксперимент барысында оқу 


материалын меңгерудің оған кеткен уақытқа сәйкестігі. 5. Қазіргі мектепке 
дейінгі ұйымдардың оқу-әдістемелік және материалдық базасының білім 
мазмұнына сәйкестігі. Қажетті құрал - жабдықтар мен әдістемелік еңбектердің 
жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуі. Мектепке дейінгі білім беру 
ұйымдарында білім сапасын арттыру жолдарын қарастырған ғалым 
О.А.Сафонова: Мұнда пән аралық байланысты: кибернетика, синергетика, 
ситуациялық және кешенділік тұрғыда пайдаланған. Мектепке дейінгі білім 
беру сапасын арттыруды басқару обьектісі ретіндегі кіріктірілген моделін 
жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару сапасын арттырудың тиімді 
жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеген. Сондай-ақ, білім мазмұнын 
қамтамасыз ететін ұйым ретінде жаңа білім мазмұнымен және оның негізгі 
принциптерін айқындаған. Осы принциптерді басшылыққа ала отырып, білім 
мазмұны заман ағымына, қоғам дамуына сәйкес үнемі өзгеріс үстінде болып, 
жаңартылып отыруы заңды құбылыс. Бұл өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі 
білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететіп, педагогикалық ұжым тарапынан 
өзгеріс жасауға болатын төмендегідей ішкі, маңызды факторларды атап айтуға 
болады: - балаларға арналған арнайы дамытушы ортаның жабдықталуы және 
оңтайлы мүмкіндіктердің жасалуы, білім беруде жеке тұлғаның 
қажеттіліктерінің ескерілуі; - білім берудің жалпы адамзаттық құндылықтары 
мен гуманитарлық бағыттарының тереңдетілуі; - оның әмбебаптылығы, 
қоғамдағы білім берудің интеграциялануы; - нарықтық экономиканың дамуы; 
- әлеуметтік қажеттіліктің көбеюі; - білім берудің азаматтық қызметінің 
рөлінің көтерілуі; - жеке тұлғаның кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптың 
жоғарылығы; - білім беру мазмұны мен оны меңгеру тәсілдері; - педагогтің 
балалармен өзара әрекеттерінің типтері; - мектеп жасына дейінгі балалардың 
өмірі мен әрекеттерін ұйымдастыруы; - мамандармен қамтамасыз ету және 
материалдық базаны жабдықтау, оқу- әдістемелік, қаржылық қорларды 
нығайтуы; 19 - білім беру үдерісінің санитарлық-гигиеналық шарттары мен 
дәрігерлік- сауықтыру бағыттары; - білім беру үдерісіне психологиялық 
қолдау көрсетілуі; - педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігі; - 
педагогикалық ұжымның әлеуметтік институттармен өзара әрекеттері; - 
балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту мәселесінде мектепке дейінгі 
ұйымдар мен отбасының бірлескен әрекеттері; - мектепке дейінгі ұйымдарды 
инновациялық басқарудың ұйымдастыруы; Мектепке дейінгі білім мазмұнын 
жаңарту – негізінен білім мазмұнының мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, 
бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын арттырумен және оны 
қалыптастыруда дәстүрлі әдіс- тәсілдердің орнына жаңа педагогикалық 
технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты. Мұнда Ресейлік 
ғалымдар: В.В.Рубцов, А.Г.Асмолов, «балалар көп нәрсені тек қана 
үлкендерден ғана емес, бір-бірімен қарым-қатынас арқылы да үйренеді» десе, 
А.П.Усова, Н.Н.Поддьякова, А.Н.Поддьяков, «балалар әр түрлі обьектіні 
өздігінен зерттеп, қарап көру барысында, тәжірибелік іс-әрекетте жан-жақты 


дамиды»-деп дәлелдейді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 
педагогикалық үдерісті зерттеуші ғалым Н.Ю.Вознюк: білім мазмұнын 
жаңарту мәселесіне жүйелі талдау жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдардағы 
педагогикалық үдерістің мәнін ашып, ұйымды басқарудың тиімді жолдарын 
ашып көрсеткен. Г.П.Щедровский. «білім берудің мазмұнын жаңарту оқу 
пәндерінің аясындағы өзгертумен шектелмеуі қажет, ол бүкіл адам білімдері 
жүйесінің мазмұны мен ұйымдастыру формаларын қамту қажет» деген ойды 
айтады. Г.И.Ильин: «оқу көздерінің жаңа көздері пайда болуда: пресса, радио, 
көп арналы теледидар, аудио–бейнетаспалар, интернет. Сол себепті 
педагогикалық үдерісті әлеуметтік, әдістемелік тұрғыдан кең көлемді 
қарастыруымыз керек» деп есептейді. Р.Р.Витчинкина: Мектепке дейінгі 
ұйымдарда баланың жеке тұлға ретінде дамуын теориялық тұрғыдан негіздеп, 
мектепке дейінгі жастағы бала дамуының моделін жасаған, осы жастағы даму 
өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтап, оны жүзеге асырудың әдіс–тәсілдерін 
нақтылап, белгілеп берген. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңы. Заң актілерінің 
жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 192 б. 
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты, 2018, 
https://online.zakon.kz/
 
3. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 
2016 
http://docplayer.ru/44681255-
 
4. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана, 2009. 
5. Жиенбаева С.Н., Р.К.Бекмағамбетова, А.Ж.Сыздықбаева Мектепке дейінгі 
педагогика/ 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған: оқу 
құралы – Алматы: «Альманах» баспасы, – 2018. – 269 б., ISBN 978-601-
7945-55-8. 
6. Андабекова С. Мектепке дейінгі педагогика/Алматы, 2012-Б. 280 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет