Болашақты құру үшін өткеніңді ұмытпау керек. Өткеннің мысалдары, бүгінгінің баға жетпес байлығы. Болашағын жоспарлап, барын бағалай білген адам ешқашан адаспайды. Әр жеке дара тұлға өз елінің тарихын білуі керек



Дата25.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#86613
Байланысты:
Тарих эссе










Болашақты құру үшін өткеніңді ұмытпау керек. Өткеннің мысалдары, бүгінгінің баға жетпес байлығы. Болашағын жоспарлап, барын бағалай білген адам ешқашан адаспайды. Әр жеке дара тұлға өз елінің тарихын білуі керек. Бұл Қазақстанның шексіз даласының аумағында болып жатқан көптеген оқиғаларымен байланысты. Ерте орта ғасырларда Ұлы Дала жерін түріктер, түргештер, оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар мекендеген. Бір қыпшақ этносынан бірнеше түркі тілдес халықтар тарады. Оның ішінде қазақ, башқұрт, татар, қырғыз т.б. Одан соң, XIІI ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыншылығы болды. Темучин басқарған моңғол шапқыншылығы екі ғасырға қазақ халқының халық болып қалыптасуын тежеді. Темучин өз ұлдарына жерлерді бөліп беру арқылы ұлыстар пайда болды. Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда. Жалпы тарихта осы Алтын Орданың әлсіреуі нәтижесінде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордалары қалыптасады. Ал осы Алтын Орданың әлемдік тарихтағы рөлі қандай?


Алтын Орданың тағдырлы тарихы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Бірақ елімізде дәл осы кезеңді жеке-дара зерттеумен айналысатын тарихшылардың саны аз. Тіпті, көркем шығарма туралы айтқанда Кеңес кезіндегі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясын еске алатынымыз рас. «Қазақстан тарихының көне замананнан бүгінгі дейінгі тарихының» бес томдығында Алтын Орда дәуірі турасында егжей-тегжейлі жазылған. Шыңғыс хан Моңғол империясын құрған соң, Қазақстан аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына кіргені белгілі: үлкен(далалық) бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедейге қарады. Шыңғыс қағанның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. Жошының ұлы Бату қолы Ресей жеріне, Еділдің батысындағы жерлерге жорық жасап, Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейін кеңейтіп, орталығы төменгі Еділде орналасқан іргелі мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің аты «Алтын Орда» деп орнықты. (Қазақстан тарихы(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІ том. – Алматы: Атамұра, 1998. – 81 б.) Бірақ, «Алтын Орда» деген мемлекеттің емес, тікелей хан ордасының атауы деп қарастыратын зерттеушілер де бар. Қалай болғанда, Алтын таудан(Алтай) тараған, металл өңдеп, алтын құйған, аумағынан бірнеше «Алтын патша» табылған халық үшін «Алтын Орда» атауы жат болмаса керек-ті. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату(қазіргі Астрахань маңы) болды, кейінірек астана солтүстікке қарай Сарай-Беркеге көшті. Яғни, аталған аралықта қала-кітапханалар қиратылып қана қоймай, салынып жатқанын да ескеру керек. Бірақ Батудың өзі де, мұрагерлері де Алтын Орданы біртұтас орталықтан басқармағаны туралы айтылады. Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс жүзінде тәуелсіз шешімдер қабылдап, өздерін Алтын Орда хандарына бағынышты деп санаса да, құрылтай жиналыстарына бармаған кездері де болған. Жошы ұлысын екі қанатқа бөлу арқылы бір жағын Орда Ежен, екіншісін Бату хан басқарып отырды. Орда Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Орда Ежен – кейінгі Қазақ хандарының атасы екендігі белгілі. Оның ұлысы шығыстың тарихи деректерінде «Ақ Орда» деп аталады. (Қазақстан тарихы(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІ том. – Алматы: Атамұра, 1998. – 82 б.) Ордадағы биліктің тізгіні осы ұлыс ұрпақтарының арасында алмасып отырды. 
Алтын Орданың саяси-мемлекеттік құрылысына келетін болсақ, онда ұлыстың мемлекеттік құрылысының түп негізі сақталды. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет адамдарынан, сондай-ақ көшпелі, әскери шонжарлардан құралған әкімшілік-шенеуніктік аппарат маңызды орын алды. Олардың ішінде түрік халықтарынан шыққан – қыпшақтар, ортағасырлық ұйғырлар, Еділ бұлғарлары елеулі рөл атқарған екен. Армияны және мемлекеттің ішкі істерін тікелей басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Хан атынан бүкіл әскери істі беклер-бек басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болды. Беклер-бек әскери өкіметтің өкілі ретінде «патшалар мен сұлтандардың кеңесшілері» - уәзірден дәреже жағынан жоғары тұрды; ол сондай-ақ басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды басқарды және негізгі әмір ретінде азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін өз қолында ұстаған. Уәзір орталық үкіметтің атқарушы өкіметінің басшысы, мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару ісінде ханның кеңесшісі болды. 
Алтын Орда мемлекетін басқару ісінде даруғалар мен басқақтар да маңызды орын алды. Даруғалар негізінен салық жинау, басқақтар басқару міндетін де атқара отырып жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Кейбір жергілікті жерлерде олар салық жинаумен де айналысты. Атқарушы өкіметтің орталық органы диуандар қаржы, салық және басқа ведомствоға ие болды, ал диуанның бітікші деп аталған хатшылық қызметкерлері де болды. Бұдан көріп отырғанымыздай, Алтын Ордада шенеуніктік-әкімшілік аппарат жұмыс істеп тұрды. Осындай қатаң иерархия мен тәртіп Алтын Орданың феодалдық-әскери құрылысын нығайтты. 
Алтын Ордада әкімшілік және әскери істер ғана емес, Орталық Азияда Қыпшақ дәуірінен гүлденген білім мен ілім, медицина, сауаттылық та кемшін қалған жоқ. Әрине, моңғолдың шапқыншылығы оңтүстік өңірдегі ірі кітапханалар мен ғибадатханалар, архитектуралық нысандарды күйреткенін білеміз. Дегенмен Орданың іргесінде сауат ашу мен қала мәдениетін таратуға хорезмдіктер, ирандықтар, түркі-бұлғарлар, қыпшақ, қарлұқ, қаңлылар және ұйғырлар, шығыстан қытайлар мен тибет буддистері ықпал етті.  
Сырттан келіп-кетушілер көп болғандықтан, Ұлыс халқының этникалық құрамы да әрқилы болғаны рас. Олар негізінен түрік халықтары, Еділдің бойы, Қара теңіздің қыпшақтары, Хорезм мен Еділ Бұлғариясының халықтары, сондай-ақ шығыс славяндары мен угро-финдер де болды. Билеуші моңғол әулеті осы халықтардың мәдени ықпалына түсіп, XIII ғасырдың соңына қарай түркі тілі мен ислам дініне көшті. (Қазақстан тарихы(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІ том. – Алматы: Атамұра, 1998. – 87 б.) Алтын Орда дәуірінде Еуразия даласындағы Жібек жолы тоқтап қалғанымен, халықтың келіп-кетуі толастаған жоқ. Ал, Жібек жолының бір бағытын теңіздің бойымен саяхатшы Чжэн Хэ жалғастырғаны тарихтан белгілі. Ол ары қарай батыс саяхатшыларының географиялық ашылуларымен жалғасын тапты. Түрік тілі және ислам дінінің келуімен Алтын Орда жаңаша кейіпке еніп, қолөнер, сәулет, монша, ыдыс-аяқ пен әшекей, геометрия, медицина дамып, Шығыс елдері және олардың астаналарымен байланысы нығая түсті. Мәселен, Алтын Орда астанасы Сарай-Батуға түрлі миссионнерлер, қолөнершілер, құлдар да өзімен бірге мәдениет ала келді. Алтын Орда, Ақ Орданың тарихы тек шапқыншылық пен қанды соғыстар, хандардың ауыс-түйісі ғана емес, сол уақыт пен кеңістікте өмір сүрген халықтардың біртұтас шежіресі деуге болады. Алтын Орданың мұрасы XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығынан да, сол кезеңдегі Орта Азияның, Сібірдің Еділ бойының, Солтүстік Кавказ бен Қырымның түрік мемлекеттерінен көрінді. Мемлекеттің қоғамдық-саяси құрылысынан, атап айтқанда хан билігінің Шыңғыс ұрпақтарынан таралуы да соны көрсетеді. Сондықтан, биылғы жылғы Ұлық ұлыстың 750-жылдығы Қазақстаннан бөлек, алыс-жақын түрік халықтары үшін мерейлі дата болмақ.
.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет