Цитологияның зерттеу әдістері 5



бет1/8
Дата17.10.2023
өлшемі51,19 Kb.
#117377
  1   2   3   4   5   6   7   8

Мазмұны
І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім
1. Цитология мен гистологиядағы зертеу тәсілдері
2. Зерттеу тәсілдері
3. Клеткаларды өсіру тәсілі
4. Цитологияның зерттеу әдістері
5. Гистология
6. Гистологиялық зерттеу әдістері 
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Цитология жеке ғылым ретінде өткен ғасырдың соңгы ширегінде пайда болған. Бірақ клетка жөніндегі ілім XVII ғасырдан басталады, оның тарихы үш ғасырды қамтиды. Организмнің клеткалық құрылысының ашылуы микроскоптың шығуьна байланысты.Микроскоптың шығу тарихы толық анық емес. Бірақ та микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің кейбір әсерінің болғаны күмәнсіз. Көзілдірік 1285 жылы Италияда шықкан. Кейбір аңыздарға карағанда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарган. 1612 жылы Галлилей де микроскопты құрастырған. Алгашқы микроскоп ғылыми зерттеу құралы болмаған, оған ойыншық ретінде караған. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоп арқылы тығынның құрылысын қарап, оның үяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды клетка деп атаған. Сонымен Р.Гук "клетка" деген терминді калдырған. Бұл қазіргі түсініктегі клетканың ашылуы емес. Кейінірек, осы XVII ғасырда Грю мен Малышги микроскопты қолдана отырып өсімдіктердің құрылысын зерттеген. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндсгі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдік анатомиясы" атгы кітабші жариялаған. 1671 жылы Грю "Өсімдіктер анато-миясының бастамасы" деген еңбегін Лондон Королевалық қоғамына тапсырған. Мальпиги, әсіресе Грю өсімдіктердің микроскопиялық құрылысьн зерттей отырып, осімдіктердің әр түрлі бөліктерінің құрамында "көпіршіктердің" болатынын анықтаған. Өсімдіктердің клеткалық құрылысын корген, XVII ғасырдың ұлы микроскопшілерінің бірі А.Левенгук, бірақ та ол өз жаңалықтарының маңызын түсіне алмаған. А.Левенгук жануарлардың клеткаларында эротроциттерді, спермотозоидтарды, бірклеткалы жануарларды бірішпі болып көрген. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық кұрылысы" ашылған. Бірақ та шын мағынасындағы клетка осы ғасырдың оқымыстыларына белгісіз болған.


XVII ғасырда микроскоптың құрылысы жабайы күйінде қалған.
XVIII ғасырда микроскоптыд қүршшсына елеулі жацалыкпгар енбеген, тек қана азды-көпті штативі ғана жаңарған. Бұның себебі XVIII ғасырдың ғалымдары микроскопқа көңілді аз аударған. XVIII ғасырда және ХIX ғасырдың бас кезінде откен ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықгар қосылған. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған. XIX ғасырдың басында зерттеушілер өздерінің назарын клетканың ішкі бөлігіне аудара бастаған. XIX ғасырдың бірінші ширегінде клеткада ядро (1825) байқалған. Оны тауық жұмыртқасынан тауып, ұрық көпіршігі деп атаған. Кейін өсімдік клеткасының ядросын 1831 жылы Р.Броун ашқан. Осыдан соң клетканың қалған құрылымын атау үшін Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген терминді енгізген. Сонымен XIX ғасырдың бірінші үш он жылында өсімдіктер анатомиясында елеулі жаңалықтар ашылған. Егер де XIX ғасырдың басында клетканың не екені және өсімдіктердің клеткалық құрылысының маңызы жөніндегі мәселе анық болмаған болса, өткен ғасырдың екінші ширегінің бас кезіңде жағдай өзгерді. Клетканы барлық өсімдіктер әлемінің құрылымдық элементі деп санады.
XIXғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралу клеткалық құрылыс өсімдіктер емес жануарлар организміне тән екенін көрсетті бұл бағытта көп еңбек сіңірген Я. Пуркинье мен И. Мюлердің мектептері.
Пуркинье микроскопиялық анатомияның негізін ғана қалаушы емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың негізін салушының бірі. Оның шәкірттерінің Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың гистологияиың негізін салушылардың бірі А.Келликердің, Э.Дюбуа-Реймонның, Р.Вирховтың, Э.Геккельдің,
И.М.Сеченовтың еңбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн, көптеген деректі материаддарға сүйеніп клеткалық теорияны құрастырды. Т.Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың унивсрсалдық құрылымдық компоненті деп кдрастырды. М.Шлейден мен



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет