Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет10/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122
Гносеология.  Гносеология  немесе  таным  теориясы - қоршаған  дүниені,
субъект  пен  объект  арасындағы  байланысты, шындықты, ақиқатты  дұрыс  əрі
айқын тануды мақсат ететін философияның бөлімі.
Таным  теориясы  адамның  əлемге  деген  танымдық  көзқарасын, оның
орнын жəне жалпылық негіздерін насихаттайды.
Таным 
теориясы 
философияның 
өзіндік 
бір 
бөлімі 
ретінде
қарастырылыуымен бірге, теориялық - танымдық көзқарас əрқашанда басқа да
философиялық  көзқарастармен  қатар, яғни  тұрмыс  табиғаты, этикалық  жəне
эстетикалық бөлімдерді қарастырды.
Таным теориясы тарихы, негізінен, білім дегеніміз не? (Платонның «Тет-
а-тэт» сұхбатында) деген  сұрақтан  бастау  алған, «таным  теориясы» атты
терминнің өзі кеш пайда болады.
Философия тарихында, танымдық теорияның негізгі мəселесі ең маңызды
орын  алды. Таным  теориясында  философияның  негізгі  бағыттары  Махизм,
Кантшылдық.
Танымды  зерттеудің  арнайы - ғылыми  əдістерінің (математикалық
логика, семиотика, ақпарат  теориясы, психология  жəне  т.б.) қарқынды  дамуы,
кейбір  позитивистердің  жəне  позитивті  ойлаушылардың  пікірінше, таным


25
теориясын философия ғылымы ретінде қарастырады.
Арнайы  ғылыми  зерттеу  философиялық  мəселелердің  теориялық
танымын түсіндіре алмайды. Керісінше, ол теориялық танымға жаңа мəселелер
мен аспектілерді алып келеді. Таным теориясы өз дамуында жаңа ғылымдардың
философиялық əдістемелік негізіне сүйеніп дамыды.
Қорыта  айтқанда, қолданатын  құрал (тəсіл) жəне  əдіс  деген  екі  ұғымдар
бір-бірімен тығыз байланысты.
Тəсіл - материалды  немесе  идеалды  объект, оның  танылатын  объектпен
бағыттық  байланысының  нəтижесі, мəселенің  шешім  негізін  құрастырады.
Сөйтіп, бұл  ұғым  заттық  объектермен  ассоцацияланады  жəне  объектілердің
орнын басатын (репрезентация) жəне  жиналған білімді  концептуалдау (жүйелі
түрге келтіру) көрнекі елестер болып табылады.
Таным іс-əрекетін меңгеретін негізгі формасына əдіс жатады.
Ғылыми  əдіс - зерттеушінің  таным  процестерінің, операциялары  мен
процедураларының  мазмұндық  тұрғыда  регламенттеуге  арналған  алдын-ала
жазба бұйрықтардың жүйесі. Əдіс классификациясының бірнеше түрі бар, оның
ішінде: философиялық  əдістер (зерттелетін  нақтылықты  анықтайтын,
синтездейтін, фрагментациялайтын  жалпы  қағидалар) диалектика  жəне  оның
альтернативалары, яғни 
метафизика 
мен 
эклектика, структурализм,
феноменологияның, инструменталды  операционализмнің  философиялық
түрлері.
Жалпы, ғылыми  əдістерге (бүкіл  ғылыми  салаларда  қолдалынатын)
сапалық, сандық, құрылымдық-функционалды, жүйелік, кибернетикалық,
бағдарламалық, синергетикалық түрлері жатады.
Нақты ғылыми əдістер (нақты ғылымда зерттеушінің таным іс-əрекетінің
мазмұны  мен  ізгілігіне  регламентация  жасайды): физикада - ядерлы-
магнетикалық  резонанс, калибровты  əдіс, химияда - хроматографиялық  əдіс,
психологияда - интроспективті  əдіс, тарихи  зерттеулерде - герменевтикалық
шеңбер. Осыған  қарамай, дəстүрлі  жіктелудің  түрлері  келесі: формальды
өлшемдер  бойынша: жалпы  логикалық  əдістер; ал  мазмұндық  тұрғыдан:
эмпириялық пен теориялық зерттеулер əдістеріне бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет