Тексергер:Обаева.Г Эссе: Аймақтық әдебиеттанудың идеологиялық маңызы мен бағыт-бағдары
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы сын жанры қайшылықты қалыптасу кезеңдерін, даму жолындағы ой пікірлер қақтығысын, жолсыз бұрмалаулар мен объктивті зерттеулердің ымырасыз тартысын, заман ағысы тудырған саяси қысымдарды бастан кешіре отырып өрістеді. Әдеби сын өнері айтыс-тартысқа құрылып, қателіктерге ұрынып, жіберілген сыңаржақ тұжырымдарды түзеу арқылы өркендеу- әр халық әдебиетінің сын тарихында кездесетін құбылыс. Бүгінгі таңда күрделі сыннан өткен қазақ әдеби сын ғылымы салмақты ғылым арнасына айналып, үздіксіз даму тарихы арқылы мол әдеби зерттеулер тәжірибесін жинақтады. Сын жанры әдеби ағым мен форма тудыруда айқындаушы рольге ие дәуір тұлғаларының шығармашылық мұрасын зерттеу қазақ әдебиеті сын ғылымының іргелі саласы ретінде қалыптасты.
Әдеби үрдістің кешегі тарихы мен бүгінгі беталысын, болашақ бағыт- бағдарын айқындайтын жеке қаламгерлердің тұлғалық болмыс- бітімін даралайтын тұлғатану саласы ұлттық сын жанрымен біте қайнасып, оның ажырамас күрделі құрамды бөлігіне айналып отыр. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым Д.Ысқақұлы: «Қазақ әдеби сын ғылымы ұзақ жолдан өтті, қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласы болып қалыптасты. Оның қол жеткен табыстарын бекіте отырып, дәуірдің жаңа міндеттеріне сәйкес дамыта беру, бүгінгі заманның игілігіне айналдыру- қазақ сыншыларының абыройлы борышы» [1,37б], - деп байыптайды. Міне, осындай бағдарламалық ой-тұжырым қазақ әдеби сын жанрының да ендігі беталысын айқындауға негіз болмақ. Қазақ әдби сын жарнының қалыптасу, даму, тарихы мен өркендеу перспективалары турасындағы зерттеу еңбектерінің теориялық негіздері мен практикалық құндылықтарын, тарихаты мен хақиқатын таразылап, толайым табыстары мен жарқын жетістіктерін әспеттеу, қоғам құндылығы ретінде дәріптеу ғылыми жұмысымыздың өзектілігін құрайды.
Ділмәр тіл мен көркем тілді тұтастырып, халықтың танымын әдет - ғұрып, нанымын танытушы бірден- бір төлқұжат, асылында сөз өнері - әдебиет десек, текті өнердің тереңін болжайтын қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихына, оның жүріп өткен жолына көркемдік сапа деңгейі тұрғысынан қарағанда бірнеше айтулы кезеңдерді атап өтуге болар еді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алаш арыстары негізін қалаған, осылардың арқасында жаңаша, ұлттық танымдық- көркемдік биігіне көтерілген әдеби-көркем сынымыз, ең бастысы осы арқылы сол кезеңдегі туған әдебиетіміздің тарихын, теориясын,
Эссе:Аймақтық ә
бағдары
көркемдік ізденістерін бір жүйеге түсіруге деген талпыныс, барлығы да зая кеткен жоқ. Сол жылдардағы А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев бастаған және осы ізденістер арнасын ары қарай сәтті жалғастырып кете алған кейінгі толқын әдебиет зерттеушілері мен сыншылары, атап айтсақ, Д.Ысқақұлы, Т.Кәкішев, Б.Майтанов, Ы.Мұстабайұлы, Ә.Бөпежанова, А.Ісмақова да ұлтымызға теңдессіз мол мұра қалдырды.