Дә-ріс Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері



Дата20.10.2022
өлшемі74,34 Kb.
#44344

2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ 1
дә-ріс Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері


1. «Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері
2. Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы
3. Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздері

«Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері.


Пәннің нысаны – бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық құрамдасы ретіндегі сауат ашу әдістемесінің мазмұны.
Пәні – стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне сауат ашу әдістемесі курсынан берілетін білім, білік, дағды қалыптастыру үдерісі.
«Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мақсаты – сауат ашу әдістемесінің теориясынан студенттерге жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді көздейді:
– сауат ашуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;
– оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау;
– сауат ашудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
«Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мазмұнында сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері (яғни «Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері; сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы және оның лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздері); сауат ашу үдерісі (сауат ашудың мектептегі оқу-тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызы; сауат ашу пәнінің оқыту аясы; «Сауат ашу» пәні оқу бағдарламасының мазмұны; «Сауат ашу» пәнін оқыту мерзімі; сауат ашу үдерісі және кезеңдері; сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері; сауат ашуға қажетті құрал-жабдықтар); сауат ашу әдісі (сауат ашу әдісі туралы ұғым; дыбыстық талдау-жинақтау әдісі; бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу; сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама); жазуға үйрету әдістемесі (жазуға үйрету әдіс-тәсілдері; жазуға қойылатын талаптар; бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама; оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдысын қалыптастыру; көркем жазуға үйрету); сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары (сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері; «Сауат ашуды» оқыту барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері; сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілері) қарастырылады.
Сауат ашу әдістемесі педагогика, психология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысқа түсіп, жеке тұлғаның қалыптасуының белгілі бір аспектілерін қарастырады.
Сауат ашу әдістемесі психологиямен тығыз байланысты. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп сауат ашуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Оқушының оқу материалын қабылдауы, есінде сақтауы, түсінуі, ойлауының дамуы олардың жан дүниесінің ерекшелігімен байланысты. Осыған орай мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге, жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушылардың психологиясын білмей тұрып, сауат ашу әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Сондықтан материалды игертуде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру – ең маңызды мәселе. Оқу бағдарламалары да, оқыту үдерісі де осы факторға негізделіп құрылады. Адамның басты ерекшелігі – сөйлеу қабілеті. Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды құралы. Өйткені қарым-қатынассыз қоғам да, оның қозғаушы күші адам да өмір сүре алмайды. Ал қарым-қатынас тек тіл, оның көрінісі сөз арқылы іске асатыны белгілі. Психологиялық тұрғыдан тілді меңгеру – жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі шарты.
Пән бойынша берілетін теориялық білім тәжірибе арқылы бекітілуі, яғни іскерлік пен дағдыға айналуы тиіс. Дағдыға, іскерлікке айналмаған білім тез ұмытылады. Ал дағды мен іскерлік – психологиялық ұғым. Дағды дегеніміз – адамның әрекетті орындау процесінде жасалатын саналы әрекеттің дағдыланған бөліктері. Дағдылар жаттығу арқылы туындайды. Дағды іс-әрекет процесінде оған бағынышты құрылым ретінде қалыптасады. Демек теориялық білім жаттығудың, қайталаудың негізінде дағдыға айналады. Осыған орай оқулықтарда міндетті түрде жаттығулар беріледі, қайталау сабақтары жүргізіледі. Яғни, оқушының сабақты жақсы немесе жаман оқуы олардың психикалық әрекеттерінің дамуымен тікелей байланысты.
Сауат ашу әдістемесі ғылымы педагогика ғылымымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыны белгілі. Ал оқу мен тәрбие – егіз. Дидактика мен әдістеме ғылымының қарастыратын нысандары бір. Ол – оқыту үрдісі. Айырмашылығы: дидактика білім беру, оқыту үрдісін жалпылама қарастырса, әдістеме жеке пәндерді оқыту заңдылықтарын қарастырады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Сауат ашу әдістемесі ғылымы дидактиканың ұстанымдарына, оқытудың әдіс-тәсілдеріне, тексеру формаларына, білімді бағалау нормаларына сүйенеді. Мысалы, оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдар ғылым негіздеріне (ғылыми ұстаным) сүйене отырып, жүйелі және бірізді (жүйелілік ұстанымы), саналы түрде (саналылылық ұстанымы), берік, тиянақты (берік, тиянақты болу ұстанымы), өмірмен байланыстыра (теорияны өмірмен байланыстыру ұстанымы) беріледі. Осыған орай әдістеме ғылымы педагогиканың бір саласы ретінде қарастырылады.
Сауат ашу әдістемесі ғылымы тіл білімімен тікелей байланысты. «Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі; қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар болғандықтан, ол алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар: дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету т.т. әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
«Сауат ашу әдістемесі» курсын оқытуда ғалым-әдіскерлердің әдістемелік мұрасын, мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерімен қатар, дәстүрлі сөздік, практикалық, көрнекілік әдістері қолданылады.
Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы.
Сауат ашу әдістемесі – кештеу қолға алынып, кенжелеу дамыған ғылымның бірі. Оның ғылым ретіндегі қалыптасуының негізі А.Байтұрсынұлының есімімен байланысты. Сауат ашу әдістемесін арнайы зерттемесе де, Т.Шонанұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінің де жас ғылымның бұғанасының қатаюына үлес қосқаны даусыз.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ.Жұбанов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып, үлкен мән бергенін атау орынды.
Қазақ бастауыш мектебіндегі сауат ашу әдістемесін алғаш жазған ғалым – М.Қ.Жұбанова. Оған ғалымның 1965 жылы «Мектепте сауат ашудың методикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы дәлел. Ғалым С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы»оқу құралдарында сауат ашу әдістемесін арнайы бөлім ретінде қарастырады. Сауат ашу әдістемесі бүгінгі күндері жаңа бағыттағы еңбектермен (Жұмабаева Ә.Е., Молдабекова Н.) толыға түсуде.
Ендеше сауат ашу әдістемесінің даму кезеңдерін 1912-1940 жылдар, 1940-1965 жылдар, 1965-1997 жылдар және қазіргі кезге дейін деп бөліп қарастыруға болады.
Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздері.
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздерінің бірі лингвистика (тіл білімі) болып табылады. Соның ішінде, әсіресе, фонетиканың рөлі ерекше. Өйткені тіл дыбыстары – әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы, 2) пікір алысу құралы, 3) танымдық құрал, 4) ойлау құралы болмас еді [4, 15].
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың лингвистикалық түсініктерді білу талап етілмейтіні белгілі. Бұл кезде барлық назар балаларға дыбыстарды танытуды, оқуға және жазуға үйретіп, олардың ауызекі және жазу тілін дамытуға аударылады. Сондықтан бала «дыбыс», «әріп», «буын», «сөз тіркесі», «сөйлем», «мәтін» деген сияқты лингвистикалық ұғымдардың мәнін ұғынуға мәжбүр болады.
Бұл аталған тілдік единицалар туралы, алдымен, мұғалімнің толық мағлұматы болуы керек. Сөйлем туралы айтпас бұрын, сөйлеу туралы айқтан жөн.
«Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде, тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді: сондықтан сөйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады», - деді профессор Н.Сауранбаев. шынында да, заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, адам өміріндегі әрекет, тіршілік т.б. білу, білдіру туралы айтылған ой, яғни өзара байланысты сөйлемдер тобы сөйлеу болады сөйлеу бірнеше сөйлемнен тұрады, өйткені сөйлеуші бірдеме туралы сөйлегенде, ол жайындағы айтылатын ойлардың жігін ажыратып саралап айтады. Мысалы, Қыс түсті. Күн суытты. Жерде қар жатыр. Өзенде су қатты. Балалар шанамен сырғанап жүр. Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар екені іс жүзілік тұрғыдан танытылады. Ол үшін бұл сөйлемдердің әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен бөлініп айтылады да, олардың қандай ойды білдіретіндігі түсіндіріледі.
Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі – осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік сияқты қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т.б.).
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған баланың зейіні тұрақсыз болатыны белгілі. Қабылдауға қиын нәрседен, ұзақ сонар әңгімеден немесе жұмыстан бала зейіні тез шаршайды. Оны шаршатпай, баланың сабақтағы тапсырмаға зейінін ұзағырақ аударуға бірте-бірте тәрбиелеу – сауат ашу кезеңіндегі қиын міндеттерінің бірі. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтерін, іс-әрекеттің нәтижелі түрлерін, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалар зейінін шаршатпай, бірте-бірте тұрақтылыққа тәрбиелеуге көмектеседі.
Сауат ашу барысында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тұсында ескеруге тиіс тағы бір психологиялық міндет – оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Естің адам өмірінде алатын орнын, балалардың таным процесінде атқаратын рөлін психолог ғалымдардың бәрі ерекше атап өткен.
Сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстарына қатысты үшінші психологиялық ерекшелік – балалар психикасындағы ойлау машығын дамыту болып табылады. Оқушылар енді тек өздері бұрын көрген немесе бірнеше рет қайталанған үйреншікті ұғымдарды сөз түрінде қабылдап қоймай, өздері бұрын көрмеген дүниелер мен қимылдардың атауларын, сапаларын т.б. білдіретін сөздерді оқуды және жазуды меңгеріп, естерінде сақтауға мәжбүр болады, әрі мұндай сөздер әр сабақ сайын кездеседі.
Тағы бір психологиялық ерекшелік – балалар қиялының қуатын пайдалану. Кіші жастағы балалардың қиялы бай болатыны белгілі.
Психикалық даму дегеніміз – жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі, білімнің артуы, сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды. Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әрбір әріпке жекелеп көз тоқтатады, «оқу айсағы» тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аймағы» кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейін мен еркі үлкен рөл атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуғы жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Сол себепті олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады.
Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, олардың көпшілігі өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қиыншылықтардан басқа сыртқы қиыншылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. «Сауат ашу әдістемесінің» өзге ғылым салаларымен байланысын дәлелдеңіз.
2. Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуына кімдер үлес қосты?
3. Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздерін қалай түсінесіз, талдап түсіндіріңіз.
2
№ 2
дә-ріс Сауат ашу үдерісі
2.1 Сауат ашудың мектептегі оқу-тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызы
2.2 «Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы («Сауат ашу» пәні оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту мерзімі)
2.3 Сауат ашу үдерісі және кезеңдері
2.4 Сауат ашуға қажетті құрал-жабдықтар

Сауат ашудың мектептегі оқу-тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызы.


Қазіргі мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интеллекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.
Бұл орайда, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгергеннен бастап, мектеп есігін ашқанға дейін сөздік қоры біршама молыққан, ана тіліндегі сөз тіркестіру, жіктеу, септеу сияқты заңдылықтарды әзірше табиғи тұрғыдан түйсігімен ғана сезінген 6-7 жастағы баланың сол білгендерін жүйелеп, ана тілінің әлгі заңдылықтарын саналы түрде меңгерте бастайтын, әріп танытып, өздігінен оқуға, жазуға үйрететін бастауыш сыныптағы сауат ашу әдістемесінің рөлі аса зор.
Бастауыш сыныптағы сауат ашу барысында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының әдістемесі психологиялық, физиологиялық және педагогикалық аспектілер тұрғысынан жалпы әдістеме ғылымының ең күрделі де қиын саласы болып табылады. Бұл кезеңде мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушы оқу мен жазуды үйреніп, ана тілінің заңдылықтарын, ондағы ой мен сезімді бейнелеу мүмкіндіктерін саналы түрде меңгеруге кірісіп қана қоймай, оның қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдылары қауырт дамып, психологиялық және физиологиялық тұрғыдан өзгеше «секірісті» басынан өткізеді. Басқаша айтқанда, бала психикасындағы жоғарыдағы аталған қабілеттердің дамуынсыз сауат ашу кезеңінің міндеттерін орындау мүмкін емес.
«Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы.
ҚР жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Сауат ашу» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», – деп көрсетілген.
«Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы:
– қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі,
– қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;
– балалар көркем әдебиет шығармалары.
«Сауат ашу» пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
«Сауат ашу» пәні оқу бағдарламасының мазмұны: 1. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу, саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру), сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Әліппе кезеңі: әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп, сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу, сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу; сөйлемдерді, мәтіндерді оқу; әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу; сөз, сөйлем жазу; мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру).
3. Әліппеден кейінгі кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және жазу; дауысты және дауыссыз дыбыстар, сөз таптары туралы алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгеру (заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер); сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу, кісі аттары, жер-су атаулары және үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу.
«Сауат ашу» пәні аптасына 7 сағаттан және оқу жылында 238 сағат оқытылады.
Бірінші жарты жылдықта – 112 сағат, ал екінші жарты жылдықта – 126 сағат.
«Сауат ашу» пәні интеграцияланған мазмұндағы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады:
I жартыжылдықта – «Сауат ашу» оқулығы;
II жартыжылдықта «Ана тілі» оқулығы.
«Сауат ашу» пәнінің базалық білім мазмұны.
Әліппеге дейінгі кезең (14 сағат): Сөйлеу. Сөйлем. Сөз. Буын. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Сөзді дыбыстық талдау.
Әліппе кезеңі (98 сағат): Әріптердің баспа, жазба түрлері. Бас әріп және кіші әріп. Сөз. Буын. Сөйлем. Мәтін. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері. Сөзді дыбыстық-буындық талдау. Орфографиялық және пунктуациялық ережелер (бас әріппен жазылатын сөздер, сөйлемнің соңына нүкте қою).
Әліппеден кейінгі кезең (126 сағат): Сөйлеу. Ауызекі және жазба тілде сөйлеу. Қазақ алфавиті. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Буын. Тасымал. Заттың атын білдіретін сөздер. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Заттың сынын білдіретін сөздер. Заттың санын білдіретін сөздер. Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.
Сауат ашу үдерісі және кезеңдері.
Мектептегі оқыту үдерісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып, үйретуден алатын орны да ерекше.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қойылған талаптардың ішіндегі аса күрделісі – 6-7 жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі. 6-7 жасар баланың сауатын ашу, тілін дамыту - олардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз ететін үдеріс. Осыған орай балалардың 6-7 жастан бастап сауатын ашу жүйесі: 1-сыныптың тұтасымен сауат ашуға берілуімен, оқу мен жазу жұмыстарының кіріктірілуімен, сабақ уақытының кезеңдерге бөлінуімен т.б. ерекшеленеді.
Сауат ашу үш кезеңнен – әліппеге дейінгі, әліппе, әліппеден кейінгі кезеңдерден тұрады.
Әліппеге дейінгі кезеңнің басты міндеті – оқушыларды оқуға және жазуға даярлау, олардың сөздік қоры мен сөйлеуін анықтап, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Мазмұны: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу, саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру), тілін дамыту.
Дайындық кезеңінде оқушыларға ертегі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салғызып, білуге құмарлығын арттыруға, қағаз, қалам ұстауға машықтандыруға болады. «Сауат ашу» суреттерін пайдалана отырып, сөйлем, сөйлемнен әңгіме құратуға және сөздерге дыбыстық талдау жасауға машықтандыру керек. Сабақта сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды оқушылар тәжірибе жүзінде меңгеретін болады.
Әліппе кезеңінің басты міндеті – оқушыларды оқу және жазуға үйрету, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.
Мазмұны: дыбыспен, оның таңбасымен таныстыру, әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп, сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу, сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу, сөйлемдерді, мәтіндерді оқу, әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу, сөз, сөйлем жазу, мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру).
Әліппеден кейінгі кезеңнің басты міндеті – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту.
Бұл кезеңде оқушылардың оқу және жазу машықтары жетіле түседі. «Ана тіліндегі» материалдар оқушылардың оқу және жазу машықтарын жетілдірумен бірге коммуникативтік құзыреттіліктерін, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру тәсілдерін меңгертуді (мазмұнын айту, монолог және диалог құрастыру) көздейді.
Сауат ашуға қажетті құрал-жабдықтар.
Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал – «Сауат ашу» оқулығы. Сауат ашудың бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынатын суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Бұл суреттер, бір жағынан, лингвистикалық мақсат көздесе, екінші жағынан, балалардың мектепке дейінгі үйренген сөздік қорын сарқа қолдану арқылы тілдерінің даму деңгейін байқау үшін берілген. Сауат ашуды әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т.б. бар.
Сауат ашуға қосымша көрнекі құрал – кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді. Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады, онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады. Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызыл дауысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Бұл айтылғандардан басқа кестелер де қолданылуы мүмкін.
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материалдар да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар, кейбір жағдайда олар – клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайда – әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т.б. Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал – оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын сызбаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, сызбаны толтыруға кіріседі (дәптерге – түсті бояу қарындашпен, тақтаға – дөңгелекшемен, сызықшамен т.б.). Сөздегі дыбыстарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарды анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі.
Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады. 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін; 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Сауат ашу пәнінің мектептегі оқу-тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызы қандай? Неліктен?
2. Сауат ашу кезеңдерін атаңыз, ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз.
3. Сауат ашу үдерісіне сипаттама беріңіз.
4. Сауат ашу пәніне тағы қандай құрал-жабдықтарды қажет деп есептейсіз? Неліктен? 2
№ 3
дә-ріс Сауат ашу әдісі
3.1 Сауат ашу әдісі туралы ұғым.
3.2 Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы.
3.3 Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі.
3.4 Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу.
3.5 Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама.

Сауат ашу әдісі туралы ұғым. Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы


Сауат ашу барысында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының күрделі аспектілерінің молдығынан болар, әлемдік педагогика теориясында сауат ашудың әдіс-тәсілдерін таңдау мәселесіне қатысты әр түрлі таласты қөзқарастардың орын алғаны белгілі. Мысалы: сауат ашу әдістемесі тарихындағы дыбыстық аналитикалық әдіс (мұны Батыс Еуропада «Жакото әдісі», деп атаса, Ресейде «Золотов әдісі» деп атаған), дыбыстық синтетикалық әдіс ( мұның негізін неміс педагогы Г.Стефани қалап, Ресей педагогы Н.А. Корф одан әрі дамытты), есту немесе буын есту әдісі (мұның негізін орыс ғұламасы Л.Н.Толстой қалаған) сияқты бағыттар осы кезеңдегі күрделі міндеттерді оңтайлы шешу жолдарын табуға тырысқан ғылыми-педагогикалық ізденістердің нәтижесі еді. Кезінде қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынұлы әлемдік педагогика теориясындағы осы талас пікірлерге үн қосып, бірнеше мақала жазғаны белгілі.
Ақырында әлемдік педагогика теориясында сауат ашудың дыбыстық аналитико-синтетикалық әдіс (А.Байтұрсынұлыша айтсақ, «жалқылаулы-жалпылау» әдісі) қолдау тауып, орнықты (оны негіздеген Батыс Еуропа педагогтары К.Грезер, А.Дистерверг, Ресей педагогтары К.Д.Ушинский, В.П.Вахтеров т.б.). Дүние жүзінде бір ауыздан қабылданған осы әдіс күні бүгінге дейін әр қырынан байыпталып, сауат ашуға арналған бағдарламаларымыз бен оқулықтарымызға негіз боп қаланып келеді.
Байтұрсынов «Баяншы» атты еңбегінде: «Сөз – дыбыстың мағыналы болып тізілгені»,– деп түйіндей келіп, дыбыспен жаттығудың негізгі жолдары ретінде мыналарды көрсетеді:
а) әуелі балаларға әр түрлі дыбыс бар екенін білдіру;
ә) балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішінде қандай дыбыстар барын айырту;
б) бөлек- бөлек дыбыстарды тіздіріп сөз айтуды білдіру.
Әдіскер ғалым: «Мұны білмей тұрғанда, балаларға хәріп көрсету жарамайды. Ол жайпақпен жүрмей, жармен шыққан сықылды балалардың күшіне тиеді»,– дейді. Одан әрі автор әріптерді үйрету жөні мен ретін былай көрсетеді:
1) Әр жаңа әріп үшін әуелі сол жаңа әріп ішінде келетін қысқа- қысқа сөздерді айтып, дыбысын айыру.
2) Үйрететін дыбыстың әрпін кеспе әліппеден алып, тақтаға жазып көрсету.
3) Ішінде сол әріп бар сөздерді оқыту, жазғызу.
4) Жазғандағы қателерін балалардың көзінше түзету.
А.Байтұрсынов «Жалқылау (айырыңқы) әдіс» атты мақаласында қазіргі оқыту процесінде пайдаланылып жүрген анализ (талдау), синтез (жинақтау) әдістерінің басты белгілерін анықтайды. «Жалқылау әдіс – жалпылау әдісіне қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтау», – деп көрсетеді. Ал «Жалқылаулы – жалпылау әдіс» мақаласында әдісті қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай «Шағын сөзді», «Жазу-оқу», «Дыбысты әдіс», «Тұтас сөзді» деп төрт түрге бөліп қарастырады.
I. Әдіскер «шағын сөзді» әдісін қолданушылардың әліп-би кітабын басшылыққа алатынын айта келіп, кітап ішінде болуға тиіс материалдарды былайша топтайды:1) Сүгіреттердің болуы; 2) Сүгіреттегі нәрселердің атын көрсететін баспа да, жазба да сөздердің болуы; 3) Сол сөздерге ұқсас басқа да сөздердің болуы; 4) үйретілетін әріптерден жасалған сөздер, сөздерден жасалған сөйлемдер, сөйлемдерден жасалған қысқа-қысқа әңгімелердің болуы; 5) Түгел күйінде әліп-би ретінде жазылған әріптердің болуы, яғни алфавиттің берілуі.
А.Байтұрсынов «шағын сөзді» әдісімен оқытуда әріп таныту, жазуға үйрету және бала тілін дамыту туралы былай деп жазады:
«Үйрету кешесі былай:
1. Сауат ашу кітабының 1-і бетінде тұрған сүгіретті оқытушы тақтайға салады да, сол нәрсенің жайынан әңгіме қозғайды. Балалар мен оқытушы әңгімелесе- әңгімелесе барып, сол нәрсе тупасындағы жұмбақтар, өлеңдер сияқты нәрселерді айтқызады немесе өзі айтады. Бұл әңгіменің пайдасы – алынған нәрсені балаларға анық танытып білім береді, сөйлесуге бойын да, тілін де үйретеді.
2. Салынған сүгіретті балалар дәптерлеріне көшіреді. Бұл көшіру балаларды сурет салуға үйрету емес, салғандары ұқсасын, ұқсамасын әркім әлінше салса болғаны. Мұның пайдасы – сүгірет салуға балалар әуес болғандықтан, сүгірет салғандарына мәз болып өздері рақаттанады, қарындаш ұстауға қолдары үйренеді.
3. Суреттегі нәрсенің атын көшіру. Оқытушы сөзді тұтас күйінде тақтайға жазады. Балалар дәптерлеріне көшіреді. Дәптерлеріне көшіруден бұрын былай ету керек дейді. Оқытушы тақтайға жазып жатқанда, балалар қарап бағып отырады. Жазып болған соң, балалар орнында отырып, оқытушының жазғанына еліктеп, жазған сияқты болып, сұқ қолдарымен тақтай бетіндегі жазу бойымен жүргізеді. Сонан соң барып қарындашпен дәптерлеріне жазады.
4. Сөздің дұрыстарын айыру. Ол үшін оқытушы тиісті сөзді алады да дыбыстарын анық етіп ашық дауыспен айтады. Әсіресе, кезінде үйретуге керек болып тұрған дыбысты айқындата айтады.
5. Сөзді әріптен бұтарлау. Ол үшін оқытушы әріп араларын ашығырақ жазады. Балалар соның ішінен үйретіп жүрген әріпті танып алып, бірнеше рет жазады. Солай бірнеше әріпті танығаннан кейін оқытушы енді әр әріпті жеке күйінде алып тақтаға жазып, бұл қай сөзде, қай орында тұр деп сұрайды. Балалар әліп кітабынан жазылған әріпті сөздің ішінен танып көрсетеді.
6. Әріптерден сөз жасау. 3–4 әріпті танитын болғаннан кейін солардан құрап сөз жасайды.
7. Баспа тану. Ол үшін жазба сөзінің астына баспа сөз қойылып, екеуінің әрпі салыстырылады.
II. «Оқу-жазу» деген түрінде оқу мен жазудың қайсысы алда жүру керектігі туралы айтады. Бұрын оқу алда жүріп, жазу соңында жүргенін, «жазу- оқу» әдісі шыққалы оқу мен жазу екеуі қатар жүретін болды,– деп көрсетеді.
III. «Дыбысты әдіс» дегенінде дыбысты әдіспен үйретуде істелетін мынадай жұмыс түрлерін көрсеткен:
1) Балалармен әңгімелесу.
2) Оқу үйретуге даярлайтын жұмыстар.
3) Сөзден дыбыстарды айырып шығару.
4) Әріптермен таныстыру.
5) Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу.
IV. «Тұтас сөзді» әдісін сынайды. «Балалар оқытушының тақтайға жазғанын ғана оқумен барады. Оқу не әріптен, не дыбыстан басталмайды, тұтас тұрған сөздерді оқудан басталады. Мәселен, бір бала шегіртке ұстап әкелген екен. Оқытушы: «Не әкелдә?– деп балалардан сұрайды. Балалар: «Шегіртке әкелді»,– дейді. «Шегіртке әкелді» деген сөйлемді оқытушы тақтайға жазады. Өзі оқиды, балаларға оқытады. Сонан соң «шегіртке» деген сөзді кірістіріп, басқа сөйлемдер алады. Оны жазады, оқиды, оқытады. Сүйте-сүйте «шегіртке» деген сөздің жазуы қайта-қайта ұшырап, балалардың жаттарында қала-қала барып, әбден таныс болып, бірден танитын болады. Бірден танитын болса, бірден оқитын болғаны. Басқа сөздердің де оқуын сол ретше үйретеді...».
Осы мақаласында «дыбысты әдіс» түрін талдай отырып, әдіскер: «Дыбыстарды айырту, құрастырып сөз қылу дұрысталып істеліп, балалар әбден әдісін алған болса, балалар қиналмайды. Бір-екі сөзді әріптеп құрап оқығаннан кейін тез әдісін алады. Алғашқы кезде сөзді ылғи буындап қостырып оқытады. Сонан буындап оқып әдеттенеді. Буындап оқуға жаттыға бара қалыпты оқу түріне түседі», – деген түйінге келеді. Бұдан оның буындап оқытуды оқу процесін тездетудің тиімді әдісі деп есептегенін аңғарамыз. Ол оқушылардан әріп термей, буынды тұтас оқуды талап еткен.
А.Байтұрсыновтың әдістемеге қатысты құнды еңбектерінің бірі – «Ана тілінің әдісі» мақаласы. Бұл мақалада автор үйрету әдістерін үш топқа бөліп сипаттайды:
1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс деп аталады.
2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бәрі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады.
3) Кей әдістердің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылау немесе айырыңқы-жиылыңқы әдіс деп аталады.
Демек, талдау, жинақтау, талдау-жинақтау әдістерінің ғылыми негізін қалаған да – А.Байтұрсынов.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі
Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріптермен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.
Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден сөйлеу құрастырылып, оқу дағдысы қалыптасырылады; оқушылар сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, сол сияқты әуелі – жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан тұтас сөздерді жаза білуге дағдыланады, соның нәтижесінде сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.
Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:
1) Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден бөліп алып, мұқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, онан әрі оның әріпі меңгертіледі және буыны, сөзі оқытылады.
Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік сызбасы мынадай:
1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу. 2. Сөйлемді сөзге бөлу. 3. Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу. 4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену. 5. Оның баспа әрпін көрсету. 6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру. 7. Ол сөзді оқу. 8. «Сауат ашудан» жаңа сөздер оқу. 9. «Сауат ашудан» тіркестер оқу. 10. Жаңа дыбыстың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін (әріптің) жазу, кейінірек сол әріппен сөз жазу.
Бұл схемадан сөзді оқуға құрамындағы дыбыстарын саналы ұғынып, буынды оқу арқылы үйренеді. Сөйтіп, дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне үйренуде: 1) оқу бастамасы (единица) буын болып табылады; 2) Сөз көрсетілмейді. Ол сөйлеуден бөлінеді де, ауызша айтылады. Оқушылар сөздің әрпінен дыбысын емес, дыбысынан оның әріптерін тануға көшеді (керісінше емес).
1) Сауат ашу барысындағы негізгі міндет – балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйретілетін дауыссыз дыбыс бұрыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі.
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбысы үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а—рра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2) Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбыс шығатынын аңғарады.
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.
3) Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «Сауат ашудағы» тонның суретін көрсетіп, «он» дейді де, «мен сөзді дұрыс айттым ба?» — деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. «Т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
4) Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап-жинақтау арқылы үйретіледі.
5) Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, «қ» дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа таладатады; «қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
6) Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа-буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а»… деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?» — деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөз (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар,» — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
7) Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпін қояды, «қора» деп оқиды .
Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу.
Буындап оқу, тұтас сөзді оқу. Сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөлініп оқылады. Өйткені дыбыстап оқу дегеніміз – алфавиттегі әрбір әріптің жеке дыбысталуын өзара қосып оқу деген сөз. Мұндай жағдайда ешқандай сөз дыбыстарын жасай алмаған болар едік. Мысалы, тақта дегенді «тыақытыа» деп айтар едік. Олай болатын себебі, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тек дауысты дыбыстардың көмегімен дыбысталатыны жоғарыда сөз болған. Сондықтан сөзді оқудың өлшемі – буын.
Қазақ тілінде буынның негізгі түрлерінің – ашық, тұйық, бітеу буынның – әрқайсысы сауат ашу барысында сөзді буындап оқуға түрлі ықпал етеді.
Дауыссызға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты еркін созып айтуға келмейді, тұйық айтылып, буын соңындағы дыбыс кілт тоқталады, дауыс тынады: ат-тар, ас-тық, ар-қар. Оларды буын ыңғайында дыбыстау үшін үстеме тәсілдер қолдану керек болады (буындағы дауысты мен соңғы дауыссызды қайталап айту).
Дауыстыға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты созылып айтылады, сөзді буындап айтуды оңайлатады, созылыңқы буын өзінен кейін келесі буын бар екенін аңғартады, яғни алғашқы буын, келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Мұндай жағдай буындарды бір-бірімен оңай қосылып, сөзді тұтас құрастырып оқуды жеңілдетеді. Сауат ашуға да керегі осы. Дауыссыздан дауыстыға қарай оқу дауыссыз дыбысты дыбыстауға, келесі буынды қосуға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің буын құрылысына байланысты айтылған бұл ерекшеліктер сауат ашуды ашық буыннан бастаудың тиімді екенін көрсетеді. Осыған орай «Сауат ашу» оқулығы да ашық буында оқытудан басталады, яғни сауат ашудың алғашқы кезеңінде сөзді оқудың ашық буынға негізделген перспективтік материалдары беріледі. Егерде бала жаңа таныған дауыссызға өзіне бұрыннан таныс а дыбысын қосып (а-та түрінде) оқи алатын болса, (әрине, мұндай дыбыстардың қосылысы буын ретінде мұғалімнің басшылығымен жеке де, хормен де дыбысталып үйретіледі), келесі танитын дауыссыздарға да а дыбысын (бара-бара буын өзгерту ұстанымы бойынша барлық дауыстыларды) қатыстырып, ашық буындарды жасай алатын болады.
Перспективтік материалдарды төмендегі сызба-кесте түрінде ұсынуға болады:
ата-ата Са-ра
па – апа жа – жаға
на – ана ба – бала
ға – аға ма – маса
ра – ара да – дала
уа – ауа қа – қала
ла – ала ша – шана
Кестеде берілген сөздердің бәрінде де оқушыға бұрыннан таныс әрі дыбысталуы оңай дауысты а дыбысы екі рет қайталанып келеді. Ал мұндай жағдайда оқылатын дауыссыз дыбыс ерекше бөлініп, бірден көзге түседі. Басқаша айтқанда, бала оқығанда, айтқанда таныс емес жалғыз дауыссыз дыбысты бірден естіп, жазғанда оны бірден көре алады. Оқылатын сөздегі бір дыбыстың ғана бөлек болып, қалғандарының таныс бір дыбыстан қайталануы дыбыстық талдау жасауға және ұқсастықпен салыстырып оқуға мүмкіндік жасап, сауат ашу кезінде сөзді оқуды мейлінше жеңілдетеді. Екіншіден, дауыстыға аяқталған буындардың созылыңқы айтылуы нәтижесінде сөзді құрап оқу оңай болады.
Сауат ашу бағандарында берілген сөздерді буындап оқудың нақты үлгілерін мұғалім көрсетеді:
1) бірінің астына бірі жазылған сөздер тобы сауат ашу бағандары деп аталатынын, ондай бағандар сөз тізбектерін топтап, әр топтың аралығындағы ашық жер шекара бөлуші қызмет атқаратынын, алдыңғы баған біткен соң келесі баған оқылатынын түсіндіру;
2) баған жасаушы сөздер тобының қалай жазылып, қалай оқылатынын мұғалім тақтаға жазып көрсетеді;
3) бағандағы әрбір сөздің екі түс арқылы буынға бөлініп (буын арасына сызықша қойылмай) жазылуын түсіндіру; әдетте (бұрынғы әліппелерде) бағандағы сөздер сызықша арқылы буынға бөлініп берілген.
Оқу барысында сөзді буынға талдай отырып, бастапқы буынды келесі буынмен жалғастыра оқу талап етіледі. Бұл тұста бала бірінші буынды оқыған соң, үлкен дауыс кідірісін жасап, тоқтап қалмауы керек. Алғашқы буынды келесі буынға қосып оқуға әдеттенуі керек. Сауат ашуда мұның үлкен мәні бар. Бұл талап буынға бөлінбей, бағаннан тыс сөзбен оқуға берілген сөздерді тұтастыра оқу барысында да мұқият қадағалауды қажет етеді. Бағандағы сөздерді үйрету үшін оларды тақтаға жазып, дыбыстық талдау-жинақтау жасау арқылы сөз құрамындағы дыбыстарды жеке дыбыстау және сөздегі орын ретін анықтап алған соң, сөздің буындалып оқылатыны туралы мынадай жұмыстар жүргізіледі; әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып оқу, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқу, буындарды жеке тұтас сөздегі айтылумен оқу; дауыс екпінін бақылау; әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқу.
Соңғы психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып балаларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталады. Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жеткіліксіздігінен деп түсінген жөн.
Осыған орай, І сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі «Сауат ашуда» берілген сөздер арқылы жүргізіледі.
Бірінші сынып оқушылары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі — балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.
І сынып оқушылары сурет бойынша, сөйлегенде де ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
І сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.
Оқушылардың тілін дамыту үшін «Сауат ашудағы» мәтіндер мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. І сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін грамматика сабақтарында нақтылана түседі.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті – оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мәтінге қарапайым баға бере білу. Әсіресе мәнерлеп оқуға айырықша көңіл бөліне бастайды.
Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Сауат ашу» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың «Сауат ашудан» алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.
Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.
Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.
І сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.
Сондықтан мұғалім ең алдымен, өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Ежелеп оқитындарға «Сауат ашудан» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.
Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымның ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.
Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте «Сауат ашудың» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты — сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандарға бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқитындарды көп ұзамай қуып жетеді.
Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына үлгі-мысал: жаңа оқи бастағандарға: оқулықтан мал сөзін құрау; Мәтінді оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға мал аттарын құрау; оған өздіктерінен мәтін құрастырып айтып беру т.с.с. Жалпы мектептегі мұғалімдер мен әдістемеші ғалымдар жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.
Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама.
Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Осыған орай «Сауат ашу» пәні бойынша төмендегідей оқу-әдістемелік топтама жасалады.
1. Стандарт
2. Бағдарлама
3. Сауат ашу, Ана тілі (оқулықтар);
4. Сауат ашу әдістемесі (әдістемелік нұсқау);
5. Сауат ашудан дидактикалық материалдар
6. Грамматикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар.
Оқу-әдістемелік топтамада оқу бағдарламасы мен оқулықтың алатын орны ерекше.
Бағдарлама – оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пән бойынша білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе. Бағдарламаның құрылымы негізгі үш бөлімнен тұрады: 1) Түсініктемеде оқытылатын пәннің мақсаты анықталып, оны жүзеге асыру міндеттері көрсетіледі. 2) Білім мазмұнында тақырыптарды, ереже, ұғым, анықтама материалдарын игеруге қажетті білім, дағды көрсеткіштері анықталады. 3) Әдістемелік нұсқауында пәнді меңгеруге байланысты қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқу құралдары, көрнекіліктер мен әдебиеттер тізімі, дидактикалық материалдар анықталады, сонымен қатар білім, білік, дағдыны тексеру түрлері мен бағалау нормалары көрсетіледі.
Оқулық мектеп ұсынатын оқу материалының базалық (инварианттық) деңгейіне сай жасалады, яғни оқулықта бастауыш сатыдағы бала психикасының әр жасқа сәйкес ерекшеліктері ескеріліп, тартымды, түсінікті, стилистикалық жағынан сауатты жазылған мәтіндер берілуі керек. түрде түсініп, оны сөйлеу практикаларында дұрыс пайдалана білуі басты бағдар етіп алынған.
«Әліппе» оқулығы профессор Ш. Әуелбаевтың жетекшілігімен, ғылыми қызметкер Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, бастауыш сынып мүғалімі А. Құлажановалармен авторлық бірлестікте жазылып, 1997 жылы «Атамұра» баспасында алғаш рет басылып шықгы.
Ал, 1999 жылы «Әліппе» окулығының өнделген 3-ші басылымы шығарылды. Өндеуде: барлық суреттер қайта салынды, бағандағы сөздердің жүктемесі азайтылды, кейбір мәтіндер өнделді, әліппеден кейінгі кезендегі мәтіндердің біразы сағат санына сәйкес қысқартылды.
2016 жылы ол «Сауат ашу» оқулығы деп жаңартылған білім мазмұнына сай әзірленіп, Ә.Е.Жұмабаеваның авторлығымен (авторлық бірлестікте) дайындалды және республика бойынша жалпы білім беретін мектептерге таратылды.
«Сауат ашу» оқулығы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына, бастауыш білім тұжырымдамасына, оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Әдіс ұғымын қалай түсінесіз?
2. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне сипаттама беріңіз.
3. Сауат ашу пәні бойынша оқу-әдістемелік топтамаға нелер кіреді?
4. Жаңа буын оқулықтарының авторлары кімдер? 2
№ 4
дә-ріс Бастауыш сынып оқушыларын бастапқы жазуға үйрету
4.1 Жазуға үйретудің тарихына шолу
4.2 Жазуға үйрету әдістері, әдістемелік тәсілдер
4.3 Оқу және жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты үрдіс
4.4 Жазуға қойылатын талаптар.
4.5 Жазуға үйренуде жүргізілетін әдістер
1.Жазуға үйретудің тарихына шолу. Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа т.б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды.
Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу тарихының алғашқы кезеңі еді.
Мәселен, бес жүз мың жыл бұрын өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы жазып қалдырғысы келеді. Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі – иероглиф пайда болды. Иероглиф сөзі «киелі таңба» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде иероглифпен Қытай мен Япония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған.
Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Екі мың жыл бұрын өмір сүрген Финикиндіктер тек дауыссыз дыбыстарды ойлап тапқан. Олардың тілінде сол әріптермен сөйлеуге болатын еді. Финикин елінің жазуымен басқа да елдер танысып, соның негізінде ертедегі грек елі алфавит ойлап табады. Бұл алфавитте дауысты және дауыссыз дыбыстар болды. Әр елдің оң алфавитінің пайда болуы ұзаққа созылды.
Басқа ғылымдар сияқты көркем жазуды оқытуда да ғалымдар арасында талас-тартыс болды. XIX ғасырдың басында пайда болған темір перомен тек XIX ғасырдың екінші жартысында мектепке қолданысқа түсті. XIX ғасырдың аяғында үйректің қанатынан жасалған қаламсапты пайдалануды тиімді деп санады.
Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету барысында көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады. Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды. Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.
Уақыт өте келе көркем жазу пән ретінде бастауыш мектепке енгізілді.
XIX ғасырда көркем жазу өнер пәндерінің циклінде оқытылды. Бұл пәннен дәріс берген сурет, сызу пәндерінің мұғалімдері еді. Бұл кезде әдемі және тез жазу маңызды болды. XIX ғасырдың ортасында көркем жазуға байланысты бірнеше әдістемелер шыға бастады: В.Половцев «Шапшаң жазу курстары», П.Е.Баранцевич «Шапшаң жазуға жетелеу», П.Е.Традобоев қызмет іс-қағаздарын әдемі жазудың үлгісін шығарды. Осыған қарамастан, XIX ғасырдың ортасына дейін жазу мен оқудың арасында байланыс болмады. Яғни, алфавиттік ретпен оқытылды. К.Д.Ушинский оқи отырып жазуды ұсынды. Яғни, алфавиттік ретпен емес, оқу ретімен жазып үйренді. Оқи отырып жазу нәтиже берді және оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл әдіс қазіргі кезде де мектептерде қолданылады.
Көркем жазу пәні педагогика, гигиена, физиология, психология т.б. пәндермен байланысты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көркем жазу пәні бойынша түрлі әдістемелер жарық көрді. Соның ішінде И.Е.Евсеевтің еңбегінің маңызы зор. Оның «Көркем жазуды оқытудың әдістемесі» атты еңбегінде: көркем жазудың тарихы, әр әдістің қолдану реті т.б. жазылған.Сонымен қатар В.Гербача және Ф.В.Грекованың әдістемелері де үлкен қызығушылығын тудырды.
Көркем жазуды тек әдіскерлер ғана емес, гигиенистер – А.С.Вирениус, В.И.Бывалкевич те зерттеді. Өткен жүз жылдық аяғында профессор Ф.Эрисман мектеп партасын жасады.
Көркем жазуға үйретуде: тік жазу керек пе, әлде көлбеу жазу керек пе? Деген сұрақтар пікірталас тудырды. Бір кездері көптеген елдерде соның қатарында Ресей елінде де тіке жазу енгізілді. Алайда бұлай жазу ұзаққа созылған жоқ. Себебі тіке жазу оқушының денсаулығына (қабырғаның қисық болуы т.б.) әсер ететіндігі дәлелденді. Көлбеу жазу тез әрі қолайлы болғандықтан енгізілді. 1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған жаңа жазу шрифтісіне көшірілді. Оңайлатылған алфавиттегі әріптердің басым көпшілігі өзінің сызылуы жағынан байланыстырып жазуға ыңғайластырылған.
Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек ( үш негізгі элементтен тұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы.
2.Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылды.
Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады. XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді. Бірақ бұл әдістің қолданылуы ұзаққа созылған жоқ. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында алдынғы қатарлы И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. әдіскерлер сын айтты. Олардың айтуы бойынша бұл әдіс түсіне отырып жазуға емес, механикалық жазуға әкеп соғады деді. Бұған қарамастан Д.А.Писаревский, И.Н. Боголюбов сияқты әдіскерлер көркем жазуға үйретудің алғашқы кезінде немесе оқушылармен жеке жұмыс жасағанда пайдалы екендігін мойындады. Д.А.Писаревский бұл әдістің жазуды қайта қалыпқа келтірген кезде пайдалану керектігін айтты. Көшіру әдісінің кемшіліктерін ескере отырып, оны әрқашан қолдануға шек қойылды
Сызықтық әдіс арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді.Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнайы торкөздер пайдаланылды.
1857 жылы Германияда графикалық торкөздер пайда болды. XIX ғасырдың аяғында Германияда бұл торкөзді пайдалануды алып тастады. Себебі, бұл көздің жанарына және оқушылардың өздігінен жұмыс істей алмауына әкеліп соқтырды.
Ресейде суретші мұғалімдер көркем жазу пәнінен дәріс бергендіктен олар жазуды сурет пәніндегідей көмекші торкөздер арқылы қалыптастыруға тырысты. Революцияға дейінгі Е.В.Гурьянов, Ф.Г.Голованов,Е.Н.Соколова бұл әдістің тек нашар жақтарын айтты. Мұндай торкөздерге әріпті жазу дәптерді тік қою арқылы жүзеге асады. Ал, бұл қолдың дұрыс емес қозғалуына әкеп соғады.
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға үйретеді. Генетикалық әдіс өте ерте кезде пайда болды. И.Е.Евсеев бұл әдісті XVI ғасырда неміс суретшісі Дюрер қолданғанын жазды. Көркем жазуға үйретуде Песталоцци қолданған. XIX ғасырда бұл әдіс Европа елдерінің мектептерінде қолданысқа түсті. Бұл әдісті орыс елінің мектептерінде пайдаланудың нәтижесі зор болды. И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. бұл әдістің механикалық жаттығулардан әлде қайда тиімді екенін айтты. Алайда, әдіскерлер әріпті оқудан бөліп жазуға болмайтындығын түсінді. Сондықтан генетикалық әдіс оқудың ретімен әріпті жазып оқудан кейін пайдаланылды. Соңғы кездері бұл әдісті әдістемелерде әліппе кезеңінен кейін және әріпті қалыпқа келтіруде пайдалануды ұсынған.
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) – қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл әдістің бірнеше кемшіліктері бар екендігі дәлелденді.Үнемі қолдану арқылы оқушыларды жалықтыратындығы, жұмысқа қызығушылығын төмендететіндігі айтылды.
Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жатады. XIX ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген. Бұл әдіс бойынша ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді. Бұл әдісті ересектерге ( каллиграфиясын түзеу үшін) пайданылған тиімді.
Міне, бұл көркем жазудың дәстүрлі әдісі болып табылады. Бұл әдістерді жекеше қолдану нәтиже бермейтіндігін байқап отырмыз. Нәтиже барлық әдісті қолдану ретімен пайдаланғанда ғана болады.
Бірінші, сыныпта көркем жазу сауат ашу кезеңінен басталып, оқу жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі. Әдетте, мұғалім жалпы жазу жұмысын, оның ішінде көркем жазуды, бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмысын жұргізуге тиіс.Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге керекті төмендегідей дәстүрлі ережелерді қамтиды:
1. Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға машықтандыру (аяқтың еденге немесе столдың табалдырығына толық тірелуі, екі білектің стол үстінде болуы. Сол қол шынтағының стол-парта бетінен аздап (1-2 см) шығыңқы болуы, бастың сәл ғана еңкейіңкі болып, көз бен қалам ұшы ара қашықтығының 25-30 сантиметрден кем болмауы, денені түзу ұстау, кеудені стол бетінен 3-5 см. алшақ етіп отыру. Дұрыс отыру ережелері орындалмаса, жас баланың дене пішіні мен көзіне едәуір зақым келетінін мұғалім естен шығаруға тиіс емес.
2. Дәптерді дұрыс орналастыру (дәптер кеуденің ортасына бағытталып, оң жақ үстіңгі бұрышы жоғары, сол жақ үстіңгі бұрышы төмендеу етіліп, көлбеу қойылады. Стол жиегінен көлбеу бұрышы 25 С болу керек) Бұл ережені орындау нәтижесінде оқушылар жазу техникасының аса бір қажетті шарты – солдан оңға қарай көлбеу жазуға машықтанады.
3.Қаламды дұрыс ұстауға машықтандыру (қаламды үш саусақпен қарыстырмай, еркін ұстау, сұқ қолының үстінен, бармақпен - сол жағынан, ортаңғы саусақпен асты мен оң жағынан ұстау, қалған саусақтар қағазға әлсіз тиіп, солдан оңға қарай еркін қимылдап, жылжып отыруға тиіс, саусақтар қалам ұшынан 2 - 2,5 қашықтықта болуы тиіс).
Бұл талаптарды орындау бастауыш сынып оқушылары үшін айтарлық дәрежеде оңайлыққа түспейді. Әсіресе, мектепке алғаш келген бірінші сынып оқушылары дұрыс отыру ережесін орындауға бірден төселіп, көніге алмайды. Баланың еркін қозғалып, жиі қимыл жасап отыруы табиғи қажеттілік екені белгілі. Сондықтан мұғалім жазу барысында, біршама уақыт өткен соң, ара тұра қозғалыс минуттарын өткізіп тұруға тиіс, сол сияқты, дәптерді стол үстіне дұрыс орналастырып, қаламды дұрыс ұстау икемділігі үлкен төзімділікті, мұғалім тарапынан ұдайы қадағалауды, сыныппен, ондағы әрбір оқушымен жалықпай жұмыс жүргізуді керек етеді.
Аталған ережелерді меңгергеннен кейін, оқушылар кіші әріптер мен бас әріптерді жазуға көшеді. Әріптерді сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстырып қоса білуді үйренеді. Сауат ашу кезеңі біткен соң, әріптерді дұрыс таңбалап жазуды қалыптастыру мақсатымен көркем жазу сабақтары жүргізілуге тиіс. Бұл кезеңдегі көркем жазу жұмысы тығыз да қарқынды етіліп өткізуді қажет етеді. Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен жөн. Басқаша айтқанда, жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі. Көркем жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді жазу ғана емес, сонымен қатар жеке сөздер мен сөйлемдерді жазу да кіреді. Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқыны біртіндеп жылдамдатуға көңіл бөлінеді. Кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігін қалыптастырылады.

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұ¬рыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай та¬лаптар қойылады:


а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға карай, сәл көлбете (45) жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндейжағдайда болғаны жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды:
1) Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысын¬да меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әр әріп¬ті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді.
2) Сауат аша бастаған бала оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін жүйке жүйесінен бірнеше толқын (им¬пульс) жасалады). Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш-жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.
Сауат ашуға дайындық кезеңінің негізгі міндеттері.
Сауат ашу кезеңінің үшінші бөлігінде де мұғалімге айрықша көп міндеттер жүктеледі. Оқушылардың сөздік қорын, ойлай қабілетін дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу мақсатына ерекше назар аударылады. Оқушыларды жаңа дыбыспен таныстыру кезінде мұғалім тіл дамытуға бағыттай отырып жұмыс жүргізеді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың көргендеріне байланысты сөйлем құрауды талап етеді. Өз ойын толық жеткізуіне, дұрыс таңдауына ықпал жасайды. Тілдегі дыбыстардың шартты таңбасы әріп екендігіне көз жеткізе отырып, жаңа дыбыстың, әріптің өзіндік белгілерімен танысып қана қоймай, олардың сөз мағынасын өзгерте алатын қасиеттерін де анықтап, ажыратуға тиісті. Сауат ашуда оқушылардың логикалық ойлауын, түсініктерін кеңейтетін суреттер жиі ұшырасады. Осыларды пайдаланып, оқушылардың ойын дамытып, сөздік қорын байытамыз. Мұғалім бұл тұрғыда көрнекіліктер қолдана отырып, жетекші сұрақтар, әңгімелесу әдісі арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс жүргізуге дағдыландырады.
Бастауыш мектептің алдына қойған жауапты міндеттердің бірі – оқушылардың таза, көркем жазуын қалыптастыру. Оқушылардың таза, сұлу жазған жұмыстары сырттай көзге сүйкімді болғандықтан, мұғалім оған ерекше талап қоюға тиісті. Көркем жазу оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Көркем жазудың негізі бастауыш сыныпта қаланады. Жазу сабағы әр уақытта сауат ашу, ана тілі, қазақ тілі сабақтарымен байланыстырыла отырып, қатар жргізіледі. Жазуға үйрену кезеңінде сөзді буындап, іштей қайталап отырудың оқушылар үшін мәні зор. Жазу барлық дыбыстарды тиісті әріптерімен белгілейді. Сөзді жазған соң дыбыстап оқиды. Жазу барысында оқушылар оқу ережесін орындайды. Әріп таңбасын дұрыс түсіру оқушылардың көз алдында жүзеге асырылады. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың алфавиттің екі түрін –
баспа және жазба әріптерінің ерекшеліктерін дұрыс түсінуін қадағалау керек. Әріптерді үйрену бір мезгілде өткізіледі.
Жазу жұмыстарын жақсарту кезінде мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеру кезінде мынадай талаптарды жүзеге асырады:

Басып жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге әріптерді қаламмен жазып немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Оқушылар мұғалім жазған жобамен жазуға дағдыланады. Бұл әдіс бойынша мұғалім дәптерге әріптердің жазылу үлгісін, сөз ішіндегі қосылу жолдарын көрсетіп, оқушылардың жазу үлгісі бойынша жазуын талап етеді. Жазу барысында барлық оқушыларда байсалды, біркелкі қозғалыстар жасалады. Бұл әдісті бастауыш мектеп тәжірибесінде көп пайдалану керек. Көлбеу жазу кезінде дәптердің дұрыс тұруына, жарықтың сол жақтан түсуіне мұғалім назар аударуы қажет. Басып жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады. XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді. Бірақ бұл әдістің қолданылуы ұзаққа созылған жоқ. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында алдынғы қатарлы И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. әдіскерлер сын айтты. Олардың айтуы бойынша бұл әдіс түсіне отырып жазуға емес, механикалық жазуға әкеп соғады деді. Бұған қарамастан Д.А.Писаревский,И.Н. Боголюбов сияқты әдіскерлер көркем жазуға үйретудің алғашқы кезінде немесе оқушылармен жеке жұмыс жасағанда пайдалы екендігін мойындады.Д.А.Писаревский бұл әдістің жазуды қайта қалыпқа келтірген кезде пайдалану керектігін айтты.


Әріп элементін жазуға үйрету сабағы
1. Балалардың дәптер мен қаламдарын дайындау;
2. Оқушыларды жазуға үйрету;
3. Тақтаға жазып көрсету;
4. Дәптерлеріне жазғызу.
Сауат ашу кезеңінде дыбыстарды оқып қана қоймай, әріптерді жазуға үйрету қажет.
Әліппе кезеңінде жаңа дыбыс пен әріпті
үйрету, мысалы Ү дыбысы;
Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс):
- Мынау не? - Үкі
- Үкі - түн құсы. Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар.
Ү - кі. (екі буын)
-Үзеңгі сөзін (үзеңгінің мағынасын ашып кету)
буынға бөле қойыңдар.
- Ү - зең - гі (үш буын бар)
-Үкі, үзеңгі, Үміт, үш, үйрек деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгілейміз де қызыл үйге кіргіземіз.
- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?
- Сөздің басқы буындарында жазылады.
Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.
«Ү» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Ауада жаздыру.
Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Оқу сабағы:
1. Оқылған ертегі, әңгіме бойынша кіріспе; Мысалы: Цц дыбысы,
Цирк. Апам екеуміз циркке бардық. Циркте үйретілген хайуанаттар көп......
2. Әңгімедегі жаңа дыбыстардан басталатын, не аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып оқыту; Мысалы: Циркте үйретілген хайуанаттар көп.
3. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу; Мысалы: Цирк-те
4. Сол әріптің баспа түрін көрсету; Мысалы: Цц
5. Кеспе әріптерден сөз құрастыру; Мысалы: Цирк, цех, цемент
Жазу сабағы
1. Жазуға дайындық;
2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріпті бөліп алу;
Мысалы: Кк дыбысы. Ке-ме, ке-се, те-рек, шел-пек;
3. Жаңа әріпті тақтаға, оқушылар дәптеріне жазып, осы әріпке байланысты сөз табу; Мысалы: Кк кесе, кеме, Кемел, кебеже, көсеу;
4. Тапқан сөзді буынға, дыбысқа талдау жасау; Мысалы: ке-се, ке-ме, ке-бе-же;
К-дауыссыз, е- дауысты, с-дауыссыз, м-дауыссыз, б-дауыссыз, ж-дауыссыз.
5.Талдаған сөздің ішінен барлық әріптерді, түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерге жазады; (дәптермен жұмыс)
6. Суретпен жұмыс істеу; Мысалы: суретке қарап әңгімеле (ауызша).
7. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру;
8. Мұғалімнің айтқан сөзін оқушылар қайталайды;
9. Сөйлем сөзге, сөз буынға талданады;
10.Мұғалім тақтаға сөйлемді жазып, оқушыларға оқытып, жасырып, оны оқушыларға тапқызады;
11. Оқушылар сөйлемді дәптерге жазады;
12. Мұғалім жасырғанын ашып, оқушылар жазуда жазғандарын тексереді;
13. 2 және 3 сөйлемдер жазылады;
14. Оқушылар жазған сөйлемдерін оқиды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1.Жазуға үйретудің тарихына шолу жасаңыз.
2.Жазуға үйрету әдістері мен әдістемелік тәсілдеріне мысал келтіріңіз.
3.Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар қандай?
4. Жазуға үйретуде сөзді буындап, іштен қайталап айтудың пайдасын айтыңыз, мысал келтіріңіз.
5.Жазуға үйрету әдістерін санамалап беріңіз.
2
№ 5
дә-ріс Көркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттері мен принциптері
5.1 Көркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттері
5.2 Көркем жазуға үйретудің принциптері
5.3 Көркем жазуды үйретудің әдіс- тәсілдері.

Көркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттері: Баланың мектепте оқып, білім алуы кезеңінде жазуға үйретіп, жазу дағдыларын қалыптастыру – оның өміріндегі ең күрделі процестердің бірі. Өйткені бала оқып, білім алумен қатар, жазбаша түрде ойлауға және сол ойын жазбаша жеткізуге төселеді. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасында (1997) «бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін (сияқты түрлі жайларды пайдалана алса, ал) меңгеруге үйрету...» делінген.


Ауызша сөйлеу кезінде ойды толық жеткізу үшін интонация, мимика, ырғақ сияқты түрлі жайларды пайдалана алса, ал жазба тілде ойды жеткізу үшін бұлардың бірін де қолдану мүмкін емес. Керісінше, ойды жазбаша түрде жеткізу үшін қажетті сөздерді сұрыптап алу, оларды түрлі грамматикалық формаларға қойып, бір-бірімен байланыстыра жазу керек. Мұнымен бірге жазба жұмыс емлелік, стильдік, графикалық ережелерді қатар ескеріп отыруды да талап етеді. Ал бұл талаптардың орындалуы әрбір оқушының оны қалай меңгергеніне байланысты болады, сонда ғана нәтиже бере алады. Бұл нәтиженің түп қазығы алғашқы үйретуде жатыр. Ендеше, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың сауатын ашуда көркем жазуға үйретудің негізгі мақсаты - әріптерді графикалық жағынан дұрыс, анық, таза және шапшаңдықта жазу. Негізгі мақсатқа жету мұғалім алдында тұрған бірнеше міндетердің жүзеге асырылуынан туындайтыны сөзсіз. Ол міндетер мыналар:
- жазу кезінде дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді талапқа сай орналастыру ережелерін үйрету;
- әріп элементтерін саналы қабылдауға, көлбеу жазуға, үзбей жазуға, байланыстыра жазуға машықтандыру;
- әріп элементтерінн анализдеуге дағдыландыру;
- графикалық қатемен жұмыс істеуге төселдіру;
- шапшаң жазуға үйрету;
Көркем жазуға үйретудің тәрбиелік мәні зор, өйткені әдемі жазу оқушының әсемдік
сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелейді., еңбек сүйгіштікке баулиды, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушылардың көркем жазуын қалыптастыруда мұғалім төмендегідей үш нәрсені басшылыққа алуы тиіс: біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және әріпті элементтерден дұрыс құрастыра білуге үйрету, екіншісі - әріпті графикалық жағынан дұрыс жазуға үйрету, үшіншісі - жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру.
Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.
«Каллиграфия» - грек тілінен шыққан сөз, «көркем жазу өнері» деген мағынаны білдіреді Каллиграфия тек көркем жазылуымен ғана шектелмей, ол жазуға графикалық айқындылық беріп, оқуды ыңғайландыруға мҥмкіндік береді. Ортағасырлық Таяу Шығыс елдерінде көркемдеп жазуда қамыс қолданылса, Еуропа елдерінде құс қауырсыны, Қиыр шығыста қылқаламдар пайдаланылған. Каллиграфияның пайда болуы - жазудың дамып, жетілгенінің белгісі. Әсіресе, Шығыс елдерінде көркем жазу өнері жоғары бағаланған. Қазіргі кезде де мектеп оқушыларынан каллиграфия принциптерін сақтау талап етіледі.
Көркем жазудың мақсаты: балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Бағдарламада мектеп курсына енбеген тақырыптар қамтылған. Әр бөлімде берілген тақырыптар арқылы оқушылар әріп элементтерін жазуға, шағын әңгімелер құрастыруға, жұмбақтарды шешуге, мақалдарды жалғастыруға, сөздердің ұйқасын табуға, суретпен жұмыс жүргізуге, тыйым сөздер жазуға машықтанады. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастыруда педагогикалық қоғамның тәрбиелік мәні зор.
Көркем жазу әдісі – тікелей жазу тарихымен байланысады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай . Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру жұмыстарды оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады. Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.
Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Осыдан кейін осы талаптардың сабақта орындалуы, әріп формалары мен арақашықтығы біркелкі болуы ескерілуі.
Әріптің көлемі біркелкі болуы I, II сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1-сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.
2-3-сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм.
Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.
2.Көрнекілік принципі жазуға, әсіресе көркем жазуға үйренудің негізі Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан
Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың методикасын жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалардың заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту мен тәрбие процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілік қолданудың нәтижесінде сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныпта сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеру әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді. Көрнекіліктің тәрбие процесінде де маңызы өте зор. Мысалы, бұған дәлел, біріншіден, мұғалімнің, ата-ананың, ересек адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері балалар үшін үлкен өнеге. Олардың өнегесін, әдет-ғұрпын балалар тікелей бақылайды, көреді, өзінің бойындағы қасиеттерімен салыстырып, үлгі алуға тырысады; екіншіден, тәрбие жұмыстарының барысында ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы саласындағы белгілі жаңашыл адамдармен, Ұлы Отан соғысының батырларымен, совет барлаушыларымен олардың адамгершілік, патриоттық, интернационалдық істерімен оқушылардың экранды-динамикалық, дыбысты техникалық құралдар арқылы таныстыру жеңіл де және түсінікті де болады.
Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту мен тәрбие материалдарын, әсіресе теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Көркем жазуда оқушы ғана түсіндіру, тапсырма беру көп қиындық тудырады. Бұған қоса мұғалімнің жазу үлгілеріне жазып көрсетуі қолтаңбаның дұрыс қалыптасуына әсерің тигізеді.
Оқушылар түсіне отырып жазуының маңызы зор. Мәселен, оқушылар көлбеу жазудың не үшін керектігін түсіне отырып жазу керек. Сонымен қатар көркем жазудан алған оқушылардың білімдерінің кейбіріне ереже ретінде қарау керек. Мысалға, оқушылар гигиеналық талаптарды, әріп элементтеріне қойылатын талаптарды білу керек. Ережелерді оқушыларға біртіндеп үйретіледі. Ең бірінші ереже – гигиеналық және әріптің солдан оңға қарай көлбеу жазуы.
Екінші ереже – элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. I, II сыныпта оқушылар бұл ережелерді қайталап, өз айтқандарын көрсете білуі керек. Түсіне отырып жазу оқушылардың өзінің немесе өзгенің қатесін түзетуге үлесі зор.
Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.
Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді. Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс-әрекеттер жасалыну тиіс.
Жаттығу немесе қайталау-дағдысы қалыптастырудың ең ескі түрі жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға анализ жасау, салыстыру арқылы қорытындылап отыру керек. Қайталау принципін демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді.
Көркем жазу дағдыларын игерту оқушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді: қолдың қимылы, нерв жүйесі т.б. 6 жасар баланың жазу дағдыларын игеру қиынға түседі. Себебі, олар баяу қимылдайды.
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте-бірте күрделену. Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз. Бұл
6 жасар балаға қиындық туындайды. II сыныпта оқушының үзіліссіз жазуды үйренеді.
Онайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа – жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады. Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.
Оқушыларды көркем жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: оқушылардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл-қозғалыстарын ескеру қажет.
Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын, тез немесе баяу жазуын байқап отыру керек. Мұның бәрі мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеріне, ата-анасына кеңес беруге, үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі. Көркем жазуда оқу мен жазуды байланыстыра алу маңызы К.Д. Ушинскийдің оқу мен жазуды байланыстыра жүргізу принципі мектеп тәжірибесінде өз нәтижесін көрсете білуі.
Жалпы баланың коллиграфиялық дағдысын қалыптастыруда көркем жазу пәні тек жазуға үйретумен ғана шектелмейді, жалпы педагогикалық-саяси тәжірибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады.
3. Көркем жазуды үйретудің әдіс-тәсілдері. Сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуға үйрету. Бұл кезеңдегі жазуға үйретудегі міндет – жеке әріптерді дыбыстық талдау-жинақтау негізінде жазуға үйрету, жазу үлгілері бойынша жұмыс жүргізу, жазу каллиграфиясын бұзбай жазуға жаттықтыру, сөзді буынға бөліп және тұтас сөз ретінде жазуға төселдіру, сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді көшіріп жазу және есту бойынша жазу машығын қалыптастыру. Әріппен жазуды үйрету мынадай тәртіппен орындалады:
1. Сөзге дыбыстық талдау жасау арқылы керекті дыбыс бөлініп алынады да, жеке және хормен дыбысталады да, дыбыстың баспа және жазба әріптері көрсептіледі, ол әріптер бір-бірімен салыстыралады.
2. Әріптің жазылу үлгісімен таныстырылады (тақтадан, кестеден, жазу үлгісінен).
3. Әріпті мұғалім тақтаға жазып көрсетеді және оны әріп элементтері арқылы қалай жазу түсіндіріледі.
4. Әріпті сөз ішінде басақа әріптермен қалай қосып жазу керектігі үйретіледі.
5. Көркем және таза жазу талабы қойылады.
6. Әрбір оқушының жазуын мұғалім бақылап, графикалық қатесін түзетіп отырады.
7. Жазу оқылған материалдар бойынша жүргізіледі.
Сауат ашу кезінде жазудың үш түрі жүргізіледі: көшіріп жазу (үлгі бойынша жазу), есту арқылы жазу (диктант), ойша есте сақтап жазу (шығармашылық жұмыс). Бұлардың бәрінде де алғашқы кездегі жазу сөзді буындап айту арқылы орындалуға тиіс, жазылатын сөзге дыбыстық талдау жасалынып, әрбір дыбыстың орны мен буын саны айқындалады. Буындар іштей дыбысталып оқылады да, сол бойынша жазылады, жазылған сөз қайтадан буындалып оқылу арқылы тексеріледі. Демек, жазу кезінде де бала әріпті емес, буынды көретін бллуы керек. Буындап жазудан біртіндеп тұтас сөзді жазуға төселеді. Көшіріп жазу сауат ашу кезіндегі негізгі жазу түрі болып табылады. Көшіріп жазу оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар жазу қарқыныны біртіндеп жетілдіруге көмектеседі. Бұл кезеңде көркем жазу талабы күшейе түседі. Өйткені буынды, сөзді, сөйлемді қатесіз көшіріп жазу қандай керек болса, көркем жазу да сондай қажет. Қазақ алфавитіндегі әріптер әр түрлі бейнелі жазу элементтерінен тұрады. Бұл жағдай кіші жастағы баланың жеке әріптерді тұтас жазып кетуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан бастауыш мектептегі алғашқы жазу әріптерді талдап жазудан басталады. Талдап жазу оқушыны алуан түрлі әріп элементтерін дұрыс сызуға жаттықтырып, одан әрі тұтас жазуға даярлайды. Әріптерді элементтеп жазу – сауат ашудағы жазу жұмысының негізгі және жауапты кезеңі. Әріп негізгі және қосымша элементтерден тұрады. Негізгі элементтерге көп қайталанып, бір емес бірнеше әріп конфигурациясын жасауға қатысатын элементтер жатады.
Бас әріптердің негізгі элементтері :көлбеу сызық, төменгі жағы бұрышталған көлбеу сызық, оңға қарай иілген қармақша, солға қарай иілген қармақша, оңға және солға қарай иілген қармақша, төменгі жағы тұйықталған көлбеу сызық, жоғарғы жағы бұрышталған тұйық көлбеу сызық, жоғарғы жағы тұйықталған көлбеу сызық, ашасы оңға қараған жарты құрсау, ашасы солға қараған жарты құрсау, бүтін құрсау, сол жағы тұйықталған түзу сызық, жоғары және төменгі жағы бұрышталған көлбеу сызық.
Кіші әріптердің негізгі элементтері: көлбеу сызық, төменгі оң жағы бұрышталған көлбеу сызық, оңға қарай иілген қармақша, солға қарай иілген қармақша, оңға және солға қарай иілген қармақша, жоғары жағы солға иілген қармақша, ұзын ілмекше, көлбеу сызық, ашасы оңға қараған жарты құрсау,ашасы солға қараған жарты құрсау, бүтін құрсау
Әріптердің күрделі элементтері: қысқа ілмекше, белдікше, ойықша, нүкте, қос нүкте, төменгі жалғас сызығы ,үстіңгі жалғас сызығы
Алғашқы талдап жазу процесінде оқушы әріп бейнесін көз алдына толық елестеткенімен, бірден тұтас жаза алмайды. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы талдау процесін атқару деген сөз. Ал мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-әрекет. Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену ең алдымен оның неше элементтен тұратынын, 2-ден, ол әріпті қай жерден бастап жазуды меңгеруді талап етеді.
Жазуға үйрету балаларды жазу кезінде дұрыс отыру техникасын меңгертуден басталады. Дұрыс отыру талабы ең алдымен гигиеналық мақсатты іске асыруды көздеуге тиіс. Кеудені тым еңкейтіп отыру кеуде қуысын тарылтып, дем алуды қиындатады да, қан айналасын нашарлатады. Сонымен бірге кеуденің салмақты бөлігін алға қарай еңкейту кеуде еттеріне салмақ түсіріп, арқа тұстағы қан айналысын қиындатады, әрі көзге қан көп мөлшерде баруына әсер етеді. Партада дұрыс отыру талабы: арқаны орындықтың арқалығына тіреу, бас пен кеудені түзу ұстау, аяқты еденге қою, иықты еркін, кеудені үстел жиегінен 2-3 см қашықтықта ұстау. Әрине, бұл талап орындалу үшін сынып бөлмесіндегі парта оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.
Қол мен дәптердің парта үстіне дұрыс орналасуына да көңіл аудару керек. Қаламның жоғары жағы оң иыққа қарай бағытталады. Қалам ұшымен сұқ саусақтың аралығы 1,5-2 см, Қашықтықта болса, қалам ұшы мен көздің ара қашықтығы 25-30 см мөлшерде болуы шарт.
Дәптер кеуденің ортасына бағытталып оң жақ үстіңгі бұрышы жоғарғы, сол жақ үстіңгі төмен қарай көлбеу қойылуы сызықтың бойымен жазуды іске асырады. Дәптердің төменгі жағы партаның бұрышынан 30° бұрыш жасайтындай жағдайда жазу иесінен солға қарай қалыпта дәл алдында жатады. Дәптерді жылжыту, негізінен, сол қол арқылы жүзеге асырылады. Жарық баланың сол жағынан түсуі тиіс. Дәптерге кіші әріптердің биіктігі 4 мм, ал бас әріптердің биіктігі 8 мм болып жазылады.
№ 1, № 2, № 3 нөмірлі «Жазу дәптері» «Сауат ашу» оқулығына сәйкес жасалған. Жазу жұмыстары бір сабақтың ішінде оқу материалдарымен үйлестіріле жүргізіледі. Дәптерде берілген үлгілер оқулық мазмұнымен сәйкес әрі алған білімдерін жетілдіріп, дамытатындай, жазу дағдысын қалыптастыратындай, оқушының жас және психифизиологиялық ерекшеліктері ескеріле жасалынған. Оқушылардың көркем жазуын қалыптастыруда көркем жазу дағдысын қалыптастыруда бұдан басқа тәсілдерді қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Көркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттерін атаңыз.
2. Көркем жазуға үйретудің принциптері қандай?
3. Көркем жазуды үйретудің әдіс-тәсілдерін атаңыз, мысал келтіріңіз?
4. Жазуға үйрету тәртібі қандай, атаңыз.
5. Сауат ашу кезеңінде жазу сабағының құрылысын атаңыз. 2
№ 6
дә-ріс Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
6.1 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері.
6.2 «Сауат ашуды» оқыту барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері.
6.3 Сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілері.

Қазақ мектептеріндегі сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің ғылыми негіздерін талдауды, ең алдымен, бұл проблеманың психологиялық аспектілерін зерттеуден бастағанды жөн көрдік.


«Балалық шақта дамудың алдында жүріп, дамуды соңынан ілестіріп отыратын оқыту ғана жақсы»,–деген орыс психологы Л.С.Выготский. Ғылымның пікірінше, бала сол сәтте пісіп-жетілген қабілеттерінің деңгейінде емес, бойындағы дамуға бейім тендециялардың деңгейінде тұрады. Оның ертеңгі болашағын айқындайтын да нақ осы тенденциялар. Осы ойын Л.С.Выготский әрі қарай былайша өрбітеді: «Оқыту мен даму бір-бірімен тең деңгейде бола бермейді, сөйтіп, олар өте күрделі қарым-қатынастарда тұрған екі процесс болып табылады. Оқыту дамудың алдында жүрген кезде ғана жақсы. Сонда ғана ол пісіп-жетілу сатысында тұрған, ең таяудағы даму аймағында жатқан бірқыдыру фукцияларға түрткі болып, өмірге әкеледі. Оқыту ең таяу даму аймағын айқындайтын кезең аймағында жүзеге асқанда ғана жемісті болмақ».
Л.С.Выготский «Оқытудың басты міндеті бала санасындағы ең таяу даму аймағына түрткі болу екендігі» туралы тұжырымын қайта жаңғыртып, өз іс-тәжірибелерінде сәтті қолдана білген педагогтер (Ш.Амонашвили т.б.) бұл тұжырымның сауат ашу кезеңіне өте дәл келетінін дәлелдеп берді. Сөйтіп, әдістеме ғылымында балаларды «дамыта оқыту» жүйесі қалыптасты.
Демек сауат ашу барысында оқыту үдерісі, нақтырақ айтқанда, оқушылардың тілін дамыту (сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру т.б.) ісі олардың сол сәттегі психикалық-физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерінен төмен болмай, керісінше, алға түсіп, балалардың дамуын жетелеп отыруы қажет.
Сауат ашу кезеңінде оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі болуы балалардың қабылдау мүмкіндігін дамытуға байланысты екендігі белгілі. 6-7 жастағы балалардың жаңа нәрсені (затты, ұғымды, әңгімені, суретті т.б.) қабылдауы көбінісе көру және есту түйсігі арқылы жүзеге асады. Және мектепке келген алғаш бала не нәрсені де тұтас қабылдайды, оның мәніне назар аударып жатпайды. Бұл жастағы балалар қабылдауының тағы бір ерекшелігі – сезіміне тиер әсерлі нәрсені (суретті, әңгімені,мағлұматты) тез қабылдағыштығы. Ал мұғалімнің міндеті – балалардың бойындағы осы қасиеттерді жетілдіріп, қабылдаудың саналы болуына, не нәрсенің де мәнін түсінуге ұмтылу әрекетін тәрбиелеу. Ол үшін, ең алдымен, оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау машығын, қиялын мақсатты түрде дамытуға тура келеді.
Әсіресе, сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда тапсырмалардың түрлерін балалар зейіні шаршамайтындай етіп ауыстырып отыру, абстракциялы әңгімеден гөрі нақтылы, әрі балаларға етене жақын мысалдарды, суреттерді, ойыншықтарды әсерлі қолдана білу, тапсырмалардың орындалу мерзімін бірте-бірте ұзарта түсу қажет.
Сауат ашу барысында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тұсында ескеруге тиіс тағы бір психологиялық міндет – оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Естің адам өмірінде алатын орнын, балалардың таным үдерісінде атқаратын рөлін психолог ғалымдардың бәрі ерекше атап өткен.
Естің және есте сақтау механизмінің физиологиялық және психикалық ерекшеліктері сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда мықтап ескерілуі қажет. Онсыз баланың сөйлеу (жазу) дағдысының орнықты, сөздік қорының мол болуы мүмкін емес.
Мектепке жаңа келген баланың есте сақтау қабілетін дамыту ісінде Ж.Аймауытов осы мақсатқа қажетті төмендегідей шарттарды үнемі ескеріп отыруды талап етеді:
1. Түсіндірілген білімді немесе дағдыны балалар толық, дәл және айқын ұғынғанша қайталап пысықтау.
2. Меңгертілетін ұғымның балалар есінде қалатындай әсерлі болуы. Мысалы, оқушыларға жаңа сөздің мағынасын түсіндіру барысында оқыс оқиғаны, әдемі ойыншықты, әсерлі суретті т.б. пайдалану қажет.
3. Жаттау жұмыстары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Алайда, мағынасын түсінбей немесе атүсті түсініп жаттау, жаттаған өлең, жұмбақ т.б. бөліктерінің арасындағы логикалық байланысқа мән бермеу күткендегідей нәтижеге қол жеткізбейтінін көрсетті.
4. Естің көру есі және есту есі болатыны белгілі. Сауат ашу кезінде балалар есінің осы екі түрін дамытуға да назар аударып отыру қажет. Әйтпесе, естің бір жақты дамуы кейін балалардың ауызекі тілі мен жазу тілі арасында елеулі алшақтықтар пайда болатынын көрсетті.
5. Үйретілетін ұғымдар мен дағдылардың жүйелі, бір-бірімен байланысты болуы да оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға оң ықпал жасайды. Әсіресе, сөз мағыналарын салыстыру, ұқсастыру, балалардың бұрыннан білетін сөздерімен байланыстыру әдістері сол сөздерді оқушылардың есінде қалдыруға мүмкіндік беретіні анықталды.
Сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстарына қатысты үшінші психологиялық ерекшелік – балалар психикасындағы ойлау машығын дамыту болып табылады. Сөздің өзі бейнелейтін заттан бөлектеніп, балалар санасында абстракцияланып, үйреншікті ұғымға айналу дағдысы балалар психикасында мектепке келмей тұрып та пайда болатыны белгілі. Алайда, мектеп өмірі, әсіресе, сауат ашу барысында осы дағдының қауырт жетілуін талап етеді. Оқушылар енді тек өздері бұрын көрген немесе бірнеше рет қайталанған үйреншікті ұғымдарды (заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды т.б.) ғана сөз түрінде қабылдап қоймай, өздері бұрын көрмеген дүниелер мен қимылдардың атауларын, сапаларын т.б. білдіретін сөздерді оқуды және жазуды меңгеріп, естерінде сақтауға мәжбүр болады, әрі мұндай сөздер әр сабақ сайын кездеседі. Осы жағдайда, мұғалім оқушыларға жаңа сөздердің мағыналарын меңгерту барысында ол мағыналардың ұғым түрінде балалар психикасында абстракциялану механизмін жақсы білуі қажет. Атап айтқанда, жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы ұғындыру, бейнелеп көрсету немесе балалардың көз алдына елестейтіндей әсерлі түсіндіре білу әдістері мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді.
Сауат ашу кезеңінде жаңа сөз мағыналарын меңгерту, балалардың тілін дамыту барысында ұқсату, салыстыру, топтау тәрізді ойлау дағдыларының көмегі көп болатыны белгілі. Мысалы, «қымыз» сөзі оның дәмін татып көрмеген бала санасында «сүт» сөзімен ұқсастырылуы табиғи жағдай. Немесе «алыс», «жақын», «биік», «аласа» сөздерінің мәні салыстырыла ұғынылғанда ғана балалар есінде ұзақ сақталады. Тіпті, қызыл, қызылтым, қызғыш сөздерінің мағыналық реңктерін де балалар салыстыру барысында ұғынады. Сондай-ақ, оқушылардың сөздік қорындағы шашыраңқы ұғымдар оларды белгілі бір белгілеріне орай топтастырылған кезде жүйелене түседі. Бұл әдісті А.Байтұрсынұлынан бастап қазіргі сауат ашуды түзушілерімізге дейін қолданып келе жатқаны белгілі. Бұл тұста әңгіме осы үлгіде тапсырмалардың ойлау дағдысына айналуы, мұғалімнің осы үдерісті басқара білуі жайында болып отыр.
Саут ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының тағы бір психологиялық ерекшелігі – балалар қиялының қуатын пайдалану. Кіші жастағы балалардың қиялы бай болатыны белгілі. М.Жұмабаев қиялдың сауат ашу кезеңіндегі рөлін жоғары бағалай келіп, оқушылардың осы қабілетін дамытудағы ойындар мен ойыншықтарды пайдаланудың, ертегілерді жиі қолданудың ерекше ықпалын атап өтеді. «Оқушылардың ойы, ақылын кеңейтіп», құлқы түзеліп, тілі баю үшін ертегі тым қымбат нәрсе» дейді ол.
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бұдан өзге де психологиялық астарлары көп. Біз тек негізгілеріне ғана тоқталдық. Ендігі талдайтынымыз – осы жұмыстардың өзіндік педагогикалық, яғни дидактикалық негіздері.
Кез келген оқыту үдерісі анықталған дидактикалық ұстанымдарға негізделгенде ғана жемісті болатыны белгілі. Сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстары да осы ұстанымдарға сүйеніле отырып жүргізіледі. Дәлірек айтқанда, төменде аталатын ұстанымдар бірінші сынып оқушыларының физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне бейімделіп қолданылады.
Сонымен, педагогикалық еңбектерде оқытудың бірінші дидактикалық ұстанымы ретінде берілетін білім мен дағдылардың ғылымилық ұстанымы аталады. Әрине, сауат ашу кезінде оқушыларға ғылыми мағлұматтар берілмейді. Бірақ бүкіл оқыту үдерісі, оның ішінде тіл дамыту жұмыстары да ана тілінің ғылыми негізіне сүйеніліп, тұйық және бітеу буынды сөздерді оқыту қажеттігі әдістеме ғылымында дәлелденген шындық. Алайда қазақ тіліндегі п, с, ш, қ, т тәрізді дауыссыз дыбыстардың сөз соңында бір бөлек дыбысталатыны белгілі. Сондықтан ашық буынды сөздерді меңгертумен тым ұзақ әуестену, яғни бітеу және тұйық буынды сөздерді оқытудың кешіктірілуі оқушылар тілінің дамуын тежеп, олардың ауызекі тілі мен жазба тілінің дамуы арасында елеулі алшақтықтардың пайда болуына әкеп соқтырады.
Сондай-ақ, сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мүғалім оқушыларға ашып түсіндірмегенмен сырттай олардың сөздері мағыналық реңктері бойынша дұрыс қолдануын қадағалап, қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі көп мағыналық, синонимдік, антонимдік, омонимдік құбылыстарды ғылыми терминдерін атамай-ақ байқатуға тура келеді.
Немесе оқушыларды алғашқы шағын сөйлемдер құрастыра білуге үйрету кезінде қазақ тілінің синтаксистік ерекшеліктеріне сүйеніп, заттың атын білдіретін сөздер мен сынын білдіретін сөздердің тіркесуі қандай жағдайда сөйлем болатынын, қандай жағдайда болмайтынын үғындыру қажет.
Мысалы:
ақ қағаз Қағаз ақ
қызыл көйлек Көйлек қызыл.
Мұның бәрі – сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізуі кезінде оқытудың ғылымилық ұстанымдарының қалай ескерілетіне қатысты мысалдар.
Ал оқытудың жүйелілік ұстанымы – сауат ашудың негізгі ұстанымдарының бірі екендігі белгілі. Егер сауат ашуды дыбыстық талдау мен жинақтаудың бірлігінен тұратын тұтас та күрделі үдеріс деп есептесек, бұл үдерістің өн бойында катаң жүйе сақталуы қажет екендігі де түсінікті. Құрамында оқушыларға бейтаныс, үйретілмеген дыбыс бар сөздерді мейлінше аз пайдалану, ал үйретілген дыбыстардың ұмытылып қалмауы үшін бұл дыбыстар қатысатын сөздерді келесі сабақтарда молырақ қамту талабы сауат ашу барысында мұғалімнен үлкен шеберлікті қажет етеді. Оқушылардың тілін дамыту барысында да түсіндірілген жаңа сөздерді олардың белсенді сөздік қорына енгізу ісі де жүйелі сатылардан тұрады. Сондай-ақ оқушылардың сөздік қорындағы шашыраңқы ұғымдарды тегіне, түріне, басқа да белгісіне қарай топтауды мақсат ететін тапсырмалар мен жаттығулар түрлерінің жиі қолданылуы – сауат ашу кезіңіндегі тіл дамыту жұмыстарын жүргізудегі жүйелілік ұстанымын жүзеге асырудың бір мысалы.
Сауат ашу барысында, міндетті түрде, ескерілуге тиісті келесі ұстаным – оқытудың көрнекілік ұстанымы.
Алты-жеті жастағы оқушылар көз алдарындағы бейнелі, көрнекті нәрсені тез қабылдайды. Және осы тәсілмен үйретілген ұғымдар естерінде сақталып, ұмытылмайды. Сондықтан оларға жаңа дыбыстарды үйреткенде де, оқу мен жазуды меңгерткенде де көрнекі құралдарға сүйенуіміз қажет. Сюжетті суреттер, ойыншықтар, заттардың нақты макеттері мен суреттері, қима әріптер т.б. сауат ашу кезінде бұрыннан қолданылып келе жатқаны белгілі. Қимылсыз көрнекі құралдардан гөрі түсіндірілетін ұғымның жанды қозғалыстағы қалпын бейнелейтін диафильмдерді, бейнемагнитофонды қолданудың әсері зор. Әрине, бұл құралдармен тым жиі әуестенудің балалар зейінін негізгі мақсаттан басқа бағытқа бұрып кететін де қатері байқалады. Алайда техникалық құралды орнымен қолдану – көздеген педагогикалық мақсатқа оңай әрі жылдам жетудің тиімді тәсілі.
Сондай-ақ, балалардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, олардың сөйлеу екпіндері мен мәнерін тәрбиелеу мақсаттарына магнитофон тәрізді техникалық құралдарды қолдану да жақсы нәтиже береді. Бұл құралды сабақта ұйымдастырылатын ойын үдерісіне араластырып, балалардың ертегі кейіпкерлерінің рөлін қалай ойнағандарын, өлеңді қалай жатқа айтқандарын, бір-бірімен сөйлескендерін өздеріне тыңдату олардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеудегі әсерлі тәсілдер болып табылады.
Сабақтың экскурсия түрінде өткізілуі – балалардың ойы мен тілін дамытудың жақсы формаларының бірі. Тек мұндай сабақтарды мұқият ойластырып, барынша мол әсер беретіндей түрде ұйымдастыру керек.
Сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында, әсіресе, тапсырмалардың жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айтып жарыстыру, ребус шешу, балалардың өз беттерімен жазған шығармаларын көтермелеу, сурет бойынша ауызша бірнеше үлгідегі әңгіме құрату сияқты түрлері оқушылардың белсенділігі мен саналы іс-әрекеттік дағдыларын жетілдіруге оң ықпал жасайтындығын көрсетті.
Оқытудың зерттеу тақырыбымызға тікелей қатысты тағы бір маңызды ұстанымы – берілген білімді тәжірибемен байланыстыру ұстанымы.
Сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстарына қатысты ерекшелік – үйретілетін жаңа сөздер де, берілетін тапсырмалар да, қолданылатын суреттер де балаларға мейлінше таныс, күнделікті өмірімен тығыз байланысты болуы қажет. Кез келген сөз мағынасын балалар өміріне, олардың бұрынғы ұғымына байланыстырып түсіндіргенде ғана оңай әрі берік қабылданады. Бұл тұста оқушылардың белсенділігі де арта түседі.
Сондай-ақ сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында (әсіресе, әліппеден кейінгі кезеңде) оқушыларға өмірлік маңызы бар іс-қағаз түрлерін (бір-біріне хат, қолхат, өтініш, хабарландыру т.б.. жазу, тіпті, өлең мен шағын әңгіме жазу талпындыру) жаздырудың да әрі әсерлі болып, әрі балалардың белсенділігін арттыратыны сөзсіз.
Сонымен, сауат ашу кезеңіндегі жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жоғарыда айтылған психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық ұстанымдарын бастауыш сынып мұғалімдері үнемі есте ұстауы қажет.
«Сауат ашуды» оқыту барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері.
Бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ кейбір әдіскерлер де бірінші сынып оқушыларының тілін дамыту жұмыстарын ең әуелі олардың сөздік қорын байытудан, жаңа сөздер үйретуден, бұрын білетін сөздерінің мағыналарын нақтылаудан, басқаша айтқанда, сөздік жұмысынан бастап жүр. Олар сөз тіркестері мен сөйлем құрату, балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмыстарына сөздік жұмысынан кейін, екінші кезекте көшу қажет деп есептейді.
Алайда мұндай жүйе бастауыш сыныптағы оқытудың барлық кезеңдерінде, әсіресе, сауат ашу барысында оң нәтиже бермейді. Себебі, бірінші сыныптың есігін жаңа ашқан балалар «сөз», «сөйлем» дегеннің не екенін білмеуі мүмкін, бірақ олардың бір қатары бірнеше сөйлемнің басын құрап, көрген-білгенін ауызша айтып бере алатынын анықтау тәжірибесі көрсетті.
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі бастауыш мектептің басқа сыныптардағы жұмыстарға ұқсай бермейді. Себебі сауат ашу барысында оқыту ісі талдау және жинақтау үдерісінің бірлігінен тұратынын жоғарыда айтқанбыз. Яғни әліппеге дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніліп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балаларды байланыстырып сөйлеу дағдылары бағаланып, оларға сөйлем мен сөз туралы түсінік беріледі. Әрине, әліппеге дейінгі кезенде заттарды тегіне, түріне т.б. белгілері бойынша топтатқызу бойынша жұмыстары нәтижесінде балалардың сөздік қорын жүйелеу жұмысы да жүзеге асырылады. Бірақ бұл кезендегі негізгі міндет – балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.
Ал әліппе кезеңінде, яғни оқушыларды нақтылы дыбыстарды оқуға және үйрету негізінде, сөздік жұмысының, балалар күн сайын ұшырасатын жаңа сөздердің мағыналарын меңгерту ісінің бірінші кезекке шығатыны белгілі. Сонымен бірге бұл кезеңде балалардың ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жаңа сапаға көтеру жұмыстары жалғасып, олардың жазба тілінің негіздерін қалыптастыру міндеті жүзеге асырыла бастайды. Сөз тіркесі және сөйлем туралы ұғымдарда осы кезеңде меңгеріледі. Дауыс ырғағын, сөйлем қарқынын меңгеруді тәрбиелеуге байланысты жұмыстар да ұмыт қалмайды.
Әліппеден кейінгі кезеңде балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысы қайтадан бірінші кезекке шығарылады.
Алайда, бұл кезеңдегі байланыстырып сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған жұмыстардың сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлде өзгеше. Оқушылар сөз тіркесі мен сөйлемді саналы түрде түсініп, өз ойларын жүйелі баяндау тәсілдерін меңгереді. Ең бастысы – олардың жазба тілінің негіздері қалыптасып, өз ойларын баяу болса да баяндап жазу машықтарына жаттығады.
Сонымен сауат ашу барысында тіл дамыту жұмыстарын төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі.

Кезендер


Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
1. Әліппеге дейінгі кезең 1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын байқау, бағалау.
2. Оларға сөйлем, сөз, дыбыс туралы алғашқы түсініктер беру.
3. Сөздік қорларын анықтау
4. Сөйлеу мәнеріндегі кемшіліктерді байқап, есепке алу.
2. Әліппе кезеңі 1. Нақтылы дыбыстарды оқытуды және жазуды меңгертуге байланысты күн ұшырасатын жаңа сөздердін мағыналарын түсіндіріп, олардың белсенді сөздік қорларына енуін қадағалау «сөздік жұмысы»
2. Тілдегі омонимдік, антонимдік, көп мағыналылық құбылыстар туралы алғашқы түсінік беру, олардың қолдану дағдыларын қалыптастыру
3. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.
4. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
5. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы т.б.) бірте-бірте жою бағытында жұмыстар жүргізілу т.б.
3. Әліппеден кейінгі кезең 1. Оқушылардың оқуға және жазуға үйрену барысында алған білімдеріне сүйеніп, олардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
2. Жазба тілін дамытуға баса назар аудару. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге қол жеткізу.
3. Оқушылардың сөздік қорларының байып, сөздерді орынды қолдана білу дағдыларының қалыптасуын қадағалау.
4. Сөйлеу мәдениеті мен мәнерін жетілдіруге бағытталған жұмыстар т.б.

Көріп отырғанымыздай, сауат ашу кезеңінде оқушылардың тілін дамытуға бағытталып жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі мен құрылымы өте күрделі. Бірақ балалардың философиялық және психологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне лайық оңтайлы әдіс-тәсілдерді тиіімді қолдана білсек, бұл жұмыстарды жемісті атқарып шығуға болады.


Сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілері.
Қазіргі әдістеме ғылымында оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстардың түрлері жайында бірнеше тұжырымдамалар жинақталған. Осы тұжырымдамалардың әрқайсысын жеке-жеке талдап жатпай-ақ, тіл дамытуға бағытталған жұмыстардың жалпы топтап көрсетсек, оқушылардың тілін дамытуға арналған жұмыстарды төмендегіше сипаттауға болады:
1.Әңгіме. Мұның монологтік (әңгімелеу) және диалогтық (сұрақ-жауап) түрлері бар. Жұмыстың бұл түрі әсіресе бастауыш сыныптартың кез-келген сабақта, сабақтың басқа формаларымен ұштастырылып қолданылатын әмбебап түр болып табылады.
Тек мұғалімнің әңгімесі немесе сұрақ-жауап түріндегі бұл жұмыс бастауыш сыныптарда балалар тараптарынан қызығушылық туғызатындай әсерлі, деректі, қысқа болуы шарт. Әңгімелесудің ұзақтығы 5-6 минуттан әріге созылса, балалар зейіні шаршай бастайтыны белгілі. Сондықтан әңгімелесуді жұмыстың басқа түрлерімен алмастырып отыру қажет.
2. Көрнекі құралдармен жұмыс соңғы кезге дейін, негізінен, суретпен, ойыншықтармен, карточкалармен т.б. көрнекіліктермен жұмыс істеумен шектелетін. Соңғы жылдары көрнекі құралдардың түр-түрінің көбеюі (диафильмдер, бейне магнитофондар, лингафондар т.б.) бұл жұмысты шығармашылықпен түрлендіре жүргізуге мүмкіндік берді. Алайда, тәжірибе көрнекі құралдармен шектен тыс әуестену бастауыш сыныптарда балалардың зейінін негізгі мәселеден аулақтатып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелей алмайтынын көрсетті. Сондықтан көрнекі құралдармен жүргізілетін жұмыс түрлері балалардың тілін дамытуға бағытталған өзге жұмыстармен ұштастырыла, қажетті жағдайларда ғана қолданылуы керек.
3. Сабақтағы ойын бастауыш сыныптарда оқушылардың белсенділігін арттырып, кез келген мағлұмат пен дағдыны оңай және әсерлі ұғындыруға мүмкіндік беретін тәсіл екендігі белгілі. Әрі балалардың ойын барысында алған мағлұматтары мен дағдылары ұзақ уақыт ұмытылмай, есте сақталады. Тек белгілі бір білімді немесе дағдыны меңгертуге бағытталған ойын түрін ұйымдастырғанда көздеген мақсаттың нақтылы, айқын болуы талап етіледі. Әйтпесе кез келген ойын сол күйінде қабылданып, балалар оның сыртқы әсерімен әуестенуге айналдырып алады.
4. Әдеби мәтіндермен (шағын өлеңдермен, жаңылтпаштармен; жұмбақтармен, мақал-мәтелдермен, ертегілермен т.б.) жұмыстың бұл түрі бірнеше жолмен атқарылады: а) мәнерлеп оқу; ә) жатқа айту; б) мазмұнын баяндау; в) кейіпкерлерінің рөлдерін бөліп, оқиғаны ойнату; г) жаңылтпаш немесе жұмбақ айтқызып жарыстыру; ғ) мәтінді немесе ертегіні бөліктерге бөліп, оларға ат қойғызу; д) өлеңдердің ұйқасатын сөздерін тастап кетіп, балаларға сол сөзді тапқызу т.б.
5. Экскурсия сабақ (бастауыш сыныптарда) алдын ала дайындықпен ұйымдастырылады. Онда экскурсияның мақсаты нақтылы айқындалып, тіл дамыту жұмыстарының шеңбері ойластырылады. Экскурсиядан соң оқушылардың алған әсерлері туралы ауызекі әңгіме айтқызып, шағын шығармалар жазғызуға болады.
6. Оқушылардың тілін жазу жұмыстары арқылы дамыту. Сауат ашу кезеңінде балалардың жазба тілін дамытуға бағытталған жұмыстардың негізінен үш түрі жүргізіледі: көшіріп жазу (үлгі бойынша жазу); есту арқылы жазу (диктант); есте сақтап жазу (шығармашылық жазу).

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Тіл дамыту жұмыстарында қандай психологиялық ерекшеліктер ескеріледі?
2. Тіл дамыту жұмыстарынада ескерілетін педагогикалық ұстанымдарға талдау жасаңыз.
3. Тіл дамыту жұмыстарының сауат ашу кезеңдеріне байланысты ерекшеліктерін түсіндіріңіз. 2
№ 7
дә-ріс Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері
7.1 Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері
7.2 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері

Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың, білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.


Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл ауда¬рылады:
1. Балалардың сөздік қорын анықтау.
2.Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.
3. Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару;тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.
5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.
6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; бірінші сынып оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады). Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі. Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады. Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4-6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, келуінде. Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады. Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып, таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, «А» үш таяқшадан тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т. с. с). Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайда¬лану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде бала¬ларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгере алмай қалады.
Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:
«Сөйлем және сөз» тақырыбына арналған сабақ (ауызша).
1.Мұғалімнің ертегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі).
2.Айтылған ертегі (немесе оқылған әңгіме) бойынша сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу.
3.Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
4.Әңгімені сөйлемге ажырату.
5.Сөйлемдердегі сөздерді табу.
6. Ертегідегі (немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу.
Ертегіні (немесе әңгімені) диалог түрінде рольге бөліп айтқызу.
«Сөз және буын» тақырыбы бойынша сабақ (ауызша).
1.Сауат ашудың алғашқы беттеріндегі суреттер бойын¬ша әңгіме жүргізу.
2.Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
3.Сөйлемдерді сөзге талдау.
4. Сөздерді буынға талдау.
Дыбыспен таныстыру сабағы
1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
2. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.
3. Дыбыспен таныстыру (а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып, «а» дыбысына көңіл аударылады).
4. Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.
5. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Әріп элементін жа зуға үйрену сабағы.
1.Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.
2.Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін қөрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.
3.Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
4.Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.
5.Балаларға дәптерлеріне жазғызу.
Сөйлемді сөзге,сөзді буынға ажырату жаттығу сабағының үлгісі: Модуль; Пән; Сабақтың тақырыбы; Сабақтың мақсаттары; Табыс критерийлері; Түйінді идеялар; Уақыт; Мұғалімнің іс-әрекеттері; Оқушының іс-әрекеттері;
Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыра¬туға жаттығу.
Көрнекі құрал: Сауат ашу кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер.
Сабақтың барысы: Жеке суреттерді қарап, оларды атау. Сұрақ - жауап арқылы суретте көрсетілген заттардың әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы:
- Үйрек қайтеді? Үйрек ұшады деген сөй¬лемде неше сөз бар? Үйрек ұшады деген екі сөз бар. Бірінші сөз қайсы? Бірінші сөз - үйрек. Жақсы¬лап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін. Үй-рек. Нешеге бөліп айттым?
- Екіге бөліп айттыңыз.
- Бірінші бөлігі қалай?
- Бірінші бөлігі - «үй».
- Екінші бөлігі ше?
- Екінші бөлігі - «рек».
Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл сөздерді балалардың өздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуымен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буынды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.
- Сонымен, бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Сөйлем құрастырдық, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрен¬дік.
- Енді суретке қарап, жақсылап тыңдап отырыңдар. Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер қалған бу¬ынды жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, тауық, т. б.
- Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік?
- Өткен сабақта біз «Бақша өсімдіктері» туралы әңгімелескенбіз.
- Бақшада не өсірілетін еді?
- Бақшада қауын, қарбыз, сәбіз т. с. с. өсіріледі.
- «Бақшада қарбыз өседі» деген сөйлемде неше сөз бар?
- «Бақшада қарбыз өседі» деген сөйлемде үш сөз бар.
Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады және сол сөздер буынға талданады. Үйге екі-үш буыннан құралған сөздер ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалу тапсырылады.
Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі құрал – кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасына жете түсінетіндей, қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады. Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын-ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысы өзгеше сөздер мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады.
Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Сауат ашу» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың сауат ашудан алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан, әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді. Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.
Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері. Бірінші сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.
Сондықтан мүғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Ежелеп оқитындарға «Сауат ашудан» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.
Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.
Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы такырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте «Сауат ашудың» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты — сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайынды-ғына қарай, оқу дағдысын жетілдіру. Қайсыбір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді. Мысалы, «құрал-саймандар». Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі. Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, біз, машина суреттерін алады. Олардан гөрі тәуір оқитындар: шалы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, шеге алады. Әрбір оқушы кұрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан соң әр оқушыдан ол сөзді неге кұрал-сайманға жатқызғаны, ол құралмен не істелетіні, қалған картинканы неге құрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.
Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз құрау жүмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқи алатындарды көп ұзамай қуып жетеді.
Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал: Жаңа оқи бастағандарға: Әліп¬педен мал сөзін құрау; мал тексін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын кұрау; оған өздіктерінен текст құрастырып айтып беру т. с. с.
2.Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді (маусымдық өзгерістерді). Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық өзгерістердің себептерін түсіндіреді (күннің сәулесі мен жылуына байланысты). Табиғат календарын жасайды. Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бақшадағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін байқайды.
Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің рөлі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына куану т.б.с. с. үйренеді.
Оқушы режимінің негізгі бөлімдерімен танысады. Оқулықтарды, оқу жабдықтарын ұқыпты ұстауға дағдыланады, ертеңгіліктерге қатысады (Кітап мерекесі», «Әліппемен кездесу», «Әліппемен қоштасу» т. б.).
Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынан өткен уақиғалар мен бүгінгі жайы және болашағы, салт, дәстүрі туралы, түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтынымызды біледі.
Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді, мек¬теп мүлкін сақтау, киімдерін күту, нан, басқа да тағамдарды төгіп-шашпау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетінде шыққан көгалды таптамау әрекеттерге дағдыланады.
Мектептегі және коғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларымен танысады. Жақсы деген немене, жаман деген немене екенін айырады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдык, қарапайымдылық ұқсас қасиеттерінің не екенін, олардың мәнін түсінеді.
Көшеде жүру тәртібімен, жол ережесімен таны¬сады.
Санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға үйренеді.
Бұл жұмыстар сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі.
Практикалық тапсырма
Сауат ашу кезінде жүргізілетін оку-тәрбие жүмысының бір апталык жоспарын жаса.
Тарауды қайталау үшін сұрақтар
Сауат ашу жұмысына қажетті фонетикалык мәліметті айтып бер.
Психикалық даму дегеніміз не және оқуға түскен алты жасар баланың психикалық ерекшеліктері қандай?
Сауат ашу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар кандай?
Талдау-жинақтау әдісі деген не, ол калай жүргізіледі?
Сауат ашу кезеңі нешеге бөлінеді? Қандай-кандай?
Әліппе кезеңіне шолу жаса.
Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдерін сипатта.
Әліппеден кейінгі кезендегі жұмыстардың мақсаты. Сауат ашу барысында колданылатын кандай көрнекі кұралдардың түрлерін білесіңдер?
Практикалық тапсырмалар
Әліппеде берілген суреттердің біреуімен таныстыру жоспарын жа¬са (Мысалы, балалар ағаш кесті).
Кандай да болмасын бір сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбыска талдау үшін коятын сұрақтарды жүйелеп жаз.
Әліппедегі бір текст бойынша жүргізілетін әңгіменің жоспарын жаса.
Әліппенің бір бетіне (ондағы берілген материалдардыи окай әлде
қиындығы, дидактикалык талапка сай келуі тұрғысынан т. б.) талдау жаса.
Қандай да болмасын бір жаңа дыбыспен және әріппен танысты¬ру сабағына арнап, көрнекі кұралдар дайында.
Дайындық кезеңіндегі және әліппе кезеңіндегі сабақтардың жоспарын жаса (екі сабақ).
Жазу сабағының жоспарын жаса.
Сауат ашуға талдау жаса:
1) Сауат ашу кандай бөлімдерге бөлінеді, әр бөлімнің
мақсаты мен мазмұны.
2) Сауат ашудағы әріптер мен буындардың орналасуы.
3) Сауат ашудың әр бетінің кұрылысы: сурет, бағана арқылы берілген сөздер, байланысты текст, жазу үшін берілген материал т. б.
4) Текстер мен суреттердің тәрбиелік мәні.
Сауат ашу беттерінен сөздік жүргізу үшін қажетті сөздерді іріктеп, оны қалайша жүргізу керектігін түсіндір.
Мектептегі сауат ашу сабақтарына қатысып, талдау жаса.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін атаңыз.
2. Сауат ашу жұмысының ерекшеліктерін атаңыз.
3. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлерін атаңыз, мысал келтіріңіз.
4.Сабақ жоспарын жасаңыз, талдаңыз.
5. Сауат ашудағы бір мәтін бойынша жүргізілетін әңгіменің жоспарын жасаңыз.
3

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет