Дене жаттығулары дене тәрбиесінің негізгі құралы. Дене жаттығуларының түрлері. Гимнастикалық жаттығулар;ойындар;туристік жаттығулар;спорттық жаттығулар;техникалық қауіпсіздікті сақтау



Дата28.03.2023
өлшемі12,2 Kb.
#77019
Байланысты:
Новый документ (5)


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Практика
Тақырып: Дене жаттығулары дене тәрбиесінің негізгі құралы.Дене жаттығуларының түрлері.Гимнастикалық жаттығулар;ойындар;туристік жаттығулар;спорттық жаттығулар;техникалық қауіпсіздікті сақтау.

Орындаған:Әбіш Әсел



Алматы-2023
Жоспары:
1. Дене тәрбиесі жаттығулары
2 . Жаттығуларды топтау
3. Техникалық қауіпсіздікті сақтау
Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі құрал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру, секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар- дене тәрбиесінің қосымша амалдары, бұлар дене жаттығулармен бірге қолданылады.
Дене тәрбиесі жаттығулары
Арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қозғалысын денен тәрбиесі жаттығулары дейміз.
Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру. Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м. қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30 м. —8,5-7,5 сек) [3].
Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл топтағы жаттығулар негізі мынадай: 1. Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. 2. Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. 3. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.[1]
Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап 5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір; жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру. Лақтыру және қағып алу жаттығулары.
Жоғары лақтырылған допты бір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі аяқты алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру [3].
Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтаймен, баспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу; екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.
Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.[1]
Жаттығуларды топтау
Дене тәрбиесінде және спорт тәжірибиесінде өте көп мөлшелде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет.[2]
Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау.Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеды: а) гиманастикалық жаттығулар (жалпы дамыту жаттығулары, гимнастикалық снарядтағы жаттығулар): ойын жаттығулар( ойын кезінде орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); туристік жаттығулар( туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велосипед, шанғы тебу т.б.); спорттық жаттығулар- спорттың әр түрінде қолдаланылатын негізгі жаттығулар( 100 м. жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.)
Дене қуаты қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау:а) күш-жылдамдығы жаттығулары, жаттығушылардың күштерің дамытатын жаттығулар; төзімділік байда болуына әсер ететін жаттығулар(ұзақ қашықтықтарға жүгіру, шаңғы тебу); үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар(гимнастика снарядтардағы жаттығулар, суға секіру); икемділікке арналған жаттығулар(созылу, бүгілу,енкею т.б.)
Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау:а )негізгі жаттығулар. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің негізгі жаттығулары Мысалы, волейбол спортындағы допты жоғарыдан, төменнен алу, ойынға қосу; б )дайындық жаттығулары.
Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қуаты қасиеттерін дамытатын жаттығулар б )жақындататын жаттығулар-нгегізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын, техника негізі оларға ұқсас қимыл -әрекеттер (мысалы ұзындыққа жүгіріп келіп секіруге жақындататын жаттығулар-бір, үш адымдап келіп ұзындыққа секіру).
Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар.Қолдың бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне, аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары)
Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау :а) өте жоғарғы қақынмен орындалатың жаттығулар (20 с аралығында орындалады), жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар (20с 5-мин дейін); қатты қақынмен орындалатын жаттығулар (5 мин 30мин дейін); қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулалар(30 мин).
3 Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.
Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.
Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.
Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.[2]
Жеңіл атлетика
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.
4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
Гимнастика сабақтарында
Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;
Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;
Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;
Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.
1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.
2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.
3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.
4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.
5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.
6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.
7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.
8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.
10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
Қорытынды: Бұрыннан меңгерілген қимыл ептілігі мен дағдысының негізінде жаңа қозғалыстарды үйрете, қалыптастыра білу керек. Әрбір спорт түрінің негізгі жаттығуларын үйреткенде оларды рет-ретімен іріктеп қарапайым, жеңіл орындалатын қимыл-қозғалыстарды алдымен, сонан соң күрделі жаттығуларды ақырындап күрделендіре үйрету қажет. Дене тәрбиесі үрдісінің реттілік қағидасының ерекшелігі де осы жаттығулардың сабақтастық негізіне бағытталған. Оқу материалдарын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жатуын ойластыру керек. Жаттығуды орындау техникасы әрқашан дамып отырады.[3]

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің теориясы» Өскемен,2003ж 2.Дерек көзі: https://erketai.org/bala-densauligi/balalarga-arnalgan-dene-jattigulari/
3.С.Тайжанов «Дене тәрбиесі» әдістемелік нұсқау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет