Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
БӨЖ
Дайындаған: ins 2205 тобының
2 курс студенті Бедеров.Ш
Тексерген: phD доктор
Ахметшина Г.У.
Астана
2023 жыл
Тақырыбы: Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды.Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді.Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.
Шиелініс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, қөзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген-марксизм. Маркс пен Энгельс Коммунистік партияның манифесінде: ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антогонистік болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы жане қозғаушы күші деп есептеді.
Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.
1.Дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.
2.Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, не істесең соны істе деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
3.Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімшілік білдіріп, ымыраға келуін айтады.Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып өзара кешірімдік жасап, ортақ келісімге келісуге тырысады.
4.Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
5.Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз епіктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конститутциялық тәртібін жане т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |