Дене шынықтыру пәні бойынша қысқаша конспекты Ауру және денсаулық туралы жалпы негіздері



Дата07.01.2022
өлшемі14,48 Kb.
#18038
түріКонспект
Байланысты:
Дене шынықтыру пәні бойынша қысқаша конспекты


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқаша конспекты

Ауру және денсаулық туралы жалпы негіздері.

Аурудың сыртқы себептері

Сыртқы ортаның кез келген қозғаушы куші белгілі жағдайда аурудың себебі болуы мумкін. Барлық қозғаушы куштерді бірнеше топтарга бөлуге болады: физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік, жеткіліксіз қозғалу белсенділігі – гипокинезия, шектеп тыс қозғалу белсенділігі – гиперкинезия, психогенді әсер ету.



Аурудың химиялық себептері. Оған ағзаға сырттан түскен (экзогенді улармен) химиялық заттармен улануы, сонымен бірге ағзаның бірсыпыра патологиялық процестер әсерінен түзілген (эндогендік улар) химиялық заттардан улану.

Белгілі бір химиялық зат аз мөлшерде ағзаға емдік әсер етіп, көп мөлшерде ағзаны улап, кейде өлімге де әкелуі мүмкін.

Улардың неорганикалық және органикалық түрлерін ажыратады. Біріншісіне қышқылдар, негіздер, мырыш, сынап, күшән, мыс, хлор, йод, бром және басқалардың тұздары жатады. Ал екіншісіне – алкоголь, эфир, хлороформ, цианды қосылыстар және т.б. Органикалық улардың арасында өсімдік (алколоиттар) және жануар (жылан уы) тектестерде кездеседі.

Ағзаға кіріп әр түрлі аурулар тудыратын тірі қоздырғыштар. Оларды өсімдік паразиттері, жануарлар паразиттері және вирустар деп бөледі.

Жануарлар паразиттеріне бір жасушалы қарапайымдылар (малярии плазмодиясы, дизентерия амебасы), әр түрлі құжаттар (аскаридалар, острицалар, трихиндер, шошка және бұқа солитері, эхиннококк және т.б.) адамның жұмыс қабілетін төмендетіп ағзаның интоксикациясын тудыратын қан аздық сияқты аурулар тудырады.

Өсімдік паразиттері бактериядар және саңырауқұлақтар болып бөлінеді.

Вирустар – кәдімгі микроскоппен көрінбейтін ұсақ денелер. Оларды электронды микроскоппен көруге болады. Олар: қызылша, құтыру, тұмау және т.б. аурулар тудырады.

Нерв нейрондар мен ұсақ серіктес клеткалардан құралған нерв тканінен түзіледі. Нейрондар - нерв тканінің негізгі клеткалары: олар нерв жүйесінің қызмет атқаруына мүмкіндік береді.



Нервтер - сыртқы қабықшамен қапталған нерв клеткалары ұзын өсінділерінің шоғырлары. Қимыл нейрондарының аксондарынан (узын өсінділері) туратын нервтерді қимыл нервтері деп атайды.

Психикалық зақымдану (қайғы, қорқу т.б.) өмірдің ауыр сәтсіздіктері ми қабығының қызметін өзгертіп жүйке жүйесіне әсер етеді.



Ағзада ұзақ уақыт сендіру, өзін-өзі сендірудің әсерінен функционалды бұзылуға ағзаның құрылысының өзгеруін тудырады. Кейде ауру дәрігердің байқаусыз айтқан сөзінен болған ятрогенді аурулар (грек сөзі. ятрос- дәрігер). Бұл жағдайда әсерленгіш, күдікшіл адамдар әртүрлі ауыр: рак, туберкулез, жүрек ақауы сияқты ауруларды теліп алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет