Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі19,02 Kb.
#12938
  1   2

Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз. Дене жаттығулары ағзаның барлық реактивтілігіне өз әсерін тигізеді, патологиялық процеске қатысқан органдардың жалпы реакциялық механизмін арттырады. Осыған орай емдік дене тәрбиесін патогенетикалық терапия әдісі деп те атауға болады.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика,туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.Бұл адамды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - адамдарды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - адамдардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.

Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Адам күнделікті іс- әрекетінде –тұрмыста, өндірісте, дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда әралуан қозғалыс жасайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда – өзара тізбектелген қозғалыс әрекеттері (қимылдар) белгілі мақсатқа жету үшін орындалатын жаттығулар. Оның ішінде спорттық жаттығулар ең жоғары көрсеткіштерге жету мақсатын талап етеді. Дене жаттығулары бұлшықет іс әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:

1)бұлшық еттің белсенді көлемі

2)бұлшықеттің жиырылу түрі – тұрақты немесе жылжымалы:

3)жиырылу күші немесе алымы.



Бұлшықеттің жаттығуға қатысатын белсенді көлемі бойынша: жергілікті, аймақтық және ауқымды болып жіктеледі. Тұрақты қозғалыс– дене қалпын сақтау, аспаптарды мығым ұстау түрінде атқарылады Дене жаттығуларының көбісі (жүру, жүгіру, жұмыс істеу т/б) жылжымалы қозғалыс түрінде болады. Тұлғалық жаттығулар кезінде бұлшықеттердің күші, оның жиырылу жылдамдығына кері қатынаста болады. Неғұрлым жылдамдық тез болса, солғұрлым аз күш жұмсалады. Бұлшықеттің жиырылу күші мен жылдамдығы оның алымын құрады. Оның күші жоғары болған сайын, жиырылу мерзімінің ұзақтығы қысқара береді. Күш түсетін жаттығуларда бұл қозғалыс сапасын көрсетеді. Ал бұлшықеттің алымы күш түсетін жылдам жаттығуларда маңызды орын алады.Бұлшықеттердің орташа күш пен жылдамдық жұмсап жаттығу мерзімін ұзақ уақыт сақтау қабілетін шыдамдылық дейді. Жаттығулардың негізгі сипаты – олардың энергиялық құны : тыныш отырғанда 1,6 ккал/ мин, жүргенде (5 км/ сағ жылдамдықпен) – 4 кал/ мин жүргенде (8 км/ сағ)- 9 ккал/ мин болады. Алайда, ол арқылы жаттығудың ауыртпалығын анықтау жеткіліксіз. Сондықтан басқа да физиологиялық көрсеткіштерді анықтау қолданылады. (оттегін тұтыну жылдамдығы, жүректің соғу жиілігі( өкпе желдетілісі т/б) Спорттық жаттығулар оралымды және орылымсыз болып бөлінеді. Оралымды жаттығулар бірнеше рет қайталанып отыратын қозғалыс түрінде болады (жүру, жүгіру, жүзу т/б) Ал оралымсыз (ациклді) қозғалыста кимыл белсенділігі әртүрлі бағытта өзгеріп тұрады (спорттық ойындар).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет