Дәріс 13. Есту және тепе-теңдік мүшелері.Құлақтың құрылысы, қызметі



Pdf көрінісі
Дата19.12.2023
өлшемі195,36 Kb.
#141005
түріКонспект


Дәріс 13. Есту және тепе-теңдік мүшелері.Құлақтың құрылысы, қызметі 
(қысқаша конспект) 
Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстардықабылдап талдайды. Есту 
мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас 
жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-
теңдікті сезеді. есту мүшесі - құлақ. 
1.Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолыжатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс 
тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, 
керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл 
жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан 
бөліп тұрады. 
2.Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. 
Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен 
жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта 
жабық болады.Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс 
сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. 
Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған.. 
3.Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) 
деп атайды. Мұндағышытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп 
аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты 
шытырман орналасады. 
Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту 
сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі 
—» жүйке қозу толқынының пайда болуы. 
Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін 
құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының 
бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық 
қызмет аткарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып қалуы мүмкін. 
Сондықтан құлықты ауық-ауық тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды 
пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін.Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас 
адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды.
Есту гигиенасы. Есту мүшесі бас сүйектің самай сүйегіне терең орналасқан. Әйтсе де зиянды 
әсерлерден, инфекция енуінен сақтау керек. Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер бар. 
Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микробтарды жабыстыру, ұстау үшін 
керек. Құлық жиналып, естудің нашарлауына соқтырады. Оны әр түрлі затпен алуға болмайды. 
Дабыл жарғағы зақымданады. Ортаңғы құлақ аурулары жұқпалы аурулармен ауырған кезде мұрын 
- жұтқыншақтан микробтар мұрын шырышымен есту түтігі арқылы ортаңғы құлаққа түскенде пайда 
болады. Скарлатина, тұмау, баспа, бұлық, шешек, құлғана сияқты аурулар жұтқыншаққа зиян 
келтіретіндер. Есту мүшесін қорғау керек. 
1. Әр түрлі жұқпалы аурулардан. 
2. Қатты шудан. 
3. Үнемі таза ұстау керек. 
Өндірістік шуылды болғызбау - еңбек гигиенасының маңызды міндеті. Кәсіпорындардың
цехтардың қабырғалары мен төбелері дыбысты бойына сіңіретін арнаулы материалдармен 
қапталады. Темір жол бойындағы адамдар дыбысты өзіне сіңіріп алатын наушник киеді. Осы 
заманғы ғылымның жетістіктері құлақтың нашар естуіне жол бермейді, тіпті кейбір жағдайларда 
саңырау адамды емдеуге мүмкіндік бар. Естімей қалу - үлкен бақытсыздық. Атақты композитор 
Бетховеннің азап шеккен қайғысы - оның саңыраулығы болды. Қазір Бетховенді саңырау еткен ауру 
- отосклерозды хирургиялық әдіспен емдейді. 


Қорытынды. Есту арқылы адам сыртқы дүниедегі, бізді қоршаған табиғаттағы әр түрлі 
дыбыстарды қабылдайды. Тепе - теңдік сезімі адамда ішкі құлақта орналасқан. Ол екі қапшық пен 
жартылай иірім өзектен тұрады. Өзек өзара перпендикуляр үш қуыста орналасқан. Жартылай иірім 
өзек қуысы сұйыққа толы. Тепе - теңдік сезімі дененің кеңістіктегі тепе - теңдігін сақтайтын мүше. 
Жердің өзіне тарту күшінен дененің шынығуында, еңбек етуінде, дене жаттығуында кіреберіс 
анализаторының маңызы зор. Кіреберіс мүшесінің ұшқыштар жұмысына, ғарышқа ұшқанда 
салмақсыздық жағдайда, парашют, таудағы спортта, суда жүзгенде, гимнастикамен шұғылданғанда, 
велосипед, коньки тепкенде өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет