Дәріс 26. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Бүйректер ағзада қанды үздіксіз тазартып отырады. Егер бұл үдеріс бұзылса немесе тоқтайтын болса, оның қауіпті салдары аз уақыттың ішінде байқалады. Ағзада орташа есеппен 5 л қан болады. Ал плазма қанның жалпы көлемінің 55%-ын құрайтынын еске түсірсек, онда қанның бүкіл сұйық бөлігі әр жарты сағат сайын бүйректерде сүзілетіні түсінікті. Демек, бүйректер өз қызметін толық тоқтататын болса, онда алғашқы 30 минуттың ішінде оның кері салдары байқалады.
Бүйректердің өз қызметін атқара алмауы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі деп аталады. Аурудың түріне байланысты бүйрек қызметінің жетіспеушілігі жедел (жарақат, улану) немесе созылмалы (бүйректердің жұқпалы не ұзақ уақыт басқа аурумен ауыруы) болып бөлінеді.
Гемодиализ - ағзада бүйректердің қатысынсыз канды тазарту әдісі. Бүйректер қызметін жартылай немесе толық тоқтатқан кезде диализ процедурасы қолданылады.Гемодиализ кезінде ағза сұйықтығынан зат алмасудың улы өнімдері алынады, су және электролиттік баланс қалпына келеді.
Диализдің әсер ету принципі осмос және диффузия заңдарына негізделген. Тек су және онда еріген белгілі бір заттар өте алатын өте жұқа мембрана қажет. Егер мембрананың бір жағындағы сұйықтықта заттардың жоғары, ал екінші жағында аз концентрациясы түзілетін болса, онда еріген заттардың молекулалары концентрация деңгейін теңестіріп, тепе-теңдік орнату үшін мембрана арқылы өтуге тырысады. Демек, мембрананың бір жағында екінші жағына қарағанда қандай да бір заттар көп болса, олардың молекулаларының бір бөлігі басқа жаққа өтеді.
Адам ағзасында осындай табиғи мембраналардың рөлін өкпе капиллярлары мен альвеола қабырғасы; бүйрек шумақтарының капиллярлары мен нефрон капсуласының жасушалары; ішперде атқарады. Осы жасушалардың мембраналары арқылы белгілі бір заттар өтеді, ал қанның басқа құрамды бөліктері (жасушалар, ірі нәруыздар мен көптеген басқа заттар) сонда қалады.Диализ әрекетінің механизмі де осыған ұқсайды.
Диализ әдісі. Диализдің негізгі екі әдісі бар.Перитонеальды гемодиализ - сүзетін мембрана рөлін адамның өз ішпердесі атқаратын әдіс. Пациенттің құрсақ қуысына глюкоза мен тұздар ерітіндісінің көп мөлшері (1-2 литр) енгізіледі. Бұл кезде ішперде тамырындағы қан мен енгізілген сұйықтық арасында осмос және диффузия үдерістері басталады. Қанда ағзада түзілген зиянды заттардың көп мөлшері болады, ал енгізілген ерітіндіде зиянды заттар мүлде жоқ. Концентрация айырмашылығына байланысты қаннан енгізілген сұйықтыққа зиянды заттардың молекулалары өтетін осмос үдерісі басталады. Жартылай өткізгіш кедергі рөлін ішперде атқарады, ол арқылы ерітіндіге қан жасушалары мен ірі нәруыз молекулалары өте алмайды.
«Жасанды бүйрек» әдісі - гемодиализдің басқа бір әдісі. Бұл жағдайда пациенттің қаны ағзадан тыс тазартылады. Мембрана рөлін арнайы өңделген материалдан жасалған жасанды құрылым атқарады. Диализ жасалатын адамның қаны процедура кезінде ұйып қалмауы керек. Ол үшін ұюға қарсы дәрі (антикоагулянт) (мысалы, гепарин) енгізіледі. Стерильді канал арқылы венадағы қан ағзадан шығарылады да, диализа тор, арнайы мембрана немесе жасанды бүйрек арқылы өткізіледі. Бұл аппаратта мембрананың бір жағында пациенттің қаны, ал екінші жағында диализдейтін ерітінді болады. Осмос заңы бойынша зиянды заттардың молекулалары осы ерітіндіге мембрана арқылы өтеді. Бұл кезде мембрана пайдалы заттарды, қан жасушаларын және судың көп бөлігін өткізбейді. Ол заттардың барлығы аппарат арқылы тазартылған қан құрамында қалады.
Тазартылған соң қан стерильді канал - катетер арқылы ағзаға қайтарылады. Бұл процедураны барлық қауіпсіздік шаралары - антисептиктер, есеңгіреуге (шок) қарсы терапия қарастырылған жағдайда жүргізеді. «Жасанды бүйрек» әдісі перитонеальды гемодиализге қарағанда тиімді. Бұл әдісте қан едәуір сапалы тазартылады. Осы әдіс көптеген адамға өмірін ұзартуға мүмкіндік берді.
Қан тазартудың дәстүрлі әдістері:
Гемодиализ - аппараттың көмегімен «жасанды бүйрек».
Хемосорбция - қан химиялық реагенттердің резервуарынан өтеді.
Плазмоферез - қан бөлігін алып тастау және оны арнайы ерітіндімен ауыстыру.
Озонның лазерлік терапиясы - озон ионымен қаныққан тұзды ерітінді енгізу.
Лазерді қанмен тазалау - оптикалық жарық бағыттаушы қол жетімді венаға енгізіледі.
Жүрек-қан тамырлары, жүйке және жыныс-тің жүрек ауруларының аурулары, тірек-қимыл аппаратының аурулары, түрлі тері аурулары бар.Денсаулық саласының мамандары қанды тазартып тұруға кеңес береді. Оның денсаулыққа пайдасының ұшан-теңіз екенін алға тартады. Өйткені көптеген аурулардың пайда болуына қанның тікелей ықпалы бар. Біз қанды тазарту арқылы ағзадағы улы заттардан, шлактан, белгісіз аурулардың қоздырғыш ошақтарынан арыламыз. Нәтижесінде:қанның қоюлануы болмайды;ішкі ағзалардың жұмыс істеуі жақсарады;ұйқысы түзеледі;ойлау, есте сақтау қабілеттері артады;иммундық жүйе нығаяды;аллергиялық аурулар азаяды.