Дәріс №4. Физикалық шамалар. Өлшем теориясын қолдану Жоспар



бет1/2
Дата11.10.2023
өлшемі20,6 Kb.
#113552
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Дәріс 4


Дәріс №4. Физикалық шамалар. Өлшем теориясын қолдану


Жоспар:

  1. Физикалық шамалар. Физикалық шама бірліктерінің жүйесі

  2. ФШ-ның ақиқаттық мəні

  3. ФШ-ның нақты мəні



Сабақтың мақсаты: Физикалық шамалар. Физикалық шама бірліктерінің жүйесімен таныстыру

Физикалық шама.Бұл көптеген физикалық объектілерге (физикалық жүйелерге, олардың ахуалына жəне оларда орын алып жатқан үрдістерге) сапалық тұрғыда ортақ, ал сандық тұрғыда əр объекті үшін жеке қасиет.


Сандық тұрғыдағы даралықты келесідей түсінген жөн, яғни қандай да бір қасиет басқаға қарағанда бір нысан үшін белгілі бір санға көп немесе аз болуы мүмкін.
«Шама» термині əдетте сандық тұрғыда бағаланатын қасиеттер мен сипаттамаларға қатысты қолданылады, яғни өлшене алады. Мысалы иіс, дəм, түс сынды қасиеттерді замануи ғылым деңгейі əлі де сандық тұрғыда бағалай алмайтын қасиеттер немесе сипаттамалар бар. Сондықтан бұндай сипаттамалар əдетте шама деп аталудан қашып, қасиет деп аталады. Кең маңынада «шама» - көптүрлі түсінік. Оны үш шаманың мысалында көрсетуге болады.
Бірінші мысал — бұл ақша бірлігімен айшықталған тауардың бағасы, құны. Бұрында ақша бірліктерінің жүйесі метрологияның құрамдас бөлшегі болатын. Қазіргі уақытта ол өз алдына бір сала. Шама көптүрлілігінің екінші мысалыретінде дəрілік заттардың биологиялық белсенділігін айтуға болады. Бірқатар дарумендердің, антибиотиктердің, гормонды дəрі-дəрмектердің биологиялық белсенділігі И.Е.-мен белгіленетін Халықаралық биологиялық белсенділік бірліктерінде көрсетіледі (Мысалы, медициналық рецепттерде былай жазады: «Пенициллиннің саны – 300 мың И.Е.»).
Үшінші мысал— физикалық шамалар, яғни физикалық нысандарға (физикалық жүйелерге, олардың ахуалдарына жəне оларда орын алатын үрдістерге) тəн қасиеттер. Дəл осы көлемдермен қазіргі метрология айналысады.
Берілген нысанда физикалық шаманың сандық үлесі туралы сөз болғандығын атап өтуі қажет жағдайларда, «мөлшер» сөзін қолданған жөн. Берілген шаманың бірқатар бірлік саны түрінде берілген нақты бір физикалық шаманың сандық бағасы физикалық шаманың мəні деп аталады. Физикалық шаманың мəніне кіретін дерексіз сан сандық мəн деп аталады. Шама мəні мен мөлшері арасында түпкілікті айырмашылық бар. Шама мөлшері біздің біліп-білмеуімізге қарамай, шынайы түрде болады. Шаманың мөлшерін кез келген бірлік арқылы көрсетуге болады.
ФШ-ның ақиқаттық мəні (шаманың ақиқаттық мəні) — нысанның сəйкес қасиеттерін сапалық жəне сандық қатынаста мінсіз көрсететін ФШ мəні. Мысалы, вакуумдегі жарық жылдамдығы, +4 °С температурадағы тазартылған судың тығыздығы анықталған мəндер – біз білмейтін жəне біле алмайтын мінсіз мəнге ие.
Тəжірибелік жолмен физикалық шаманың нақты мəні алынуы мүмкін.
ФШ-ның нақты мəні (шаманың нақты мəні) — тəжірибелік жолмен алынған жəне ақиқаттық мəнге барынша жақындығы сонша берілген мақсат үшін оның орнына қолданылуы мүмкін ФШ мəні. Қандай да болмасын физикалық шаманың бірліктері ережеге сəйкес, өлшемдермен байланысты. Өлшенетін физикалық шаманың бірлік өлшемі өлшеммен жүзеге асырылатын шаманың өлшеміне тең. Алайда іс жүзінде бір бірлік берілген шаманың үлкен жəне кіші өлшемдерін өлшеу үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан өзара қысқа жəне үлестік қатынастағы бірнеше бірлік қолданылады.
ФШ-ның қысқа бірлігі — негізгі немесе туынды бірліктен тұтас бір санға артық бірлік. ФШ-ның үлестік бірлігі — негізгі немесе туынды бірліктен тұтас бір санға кіші бірлік. ФШ-ның қысқа жəне үлестік бірліктері негізгі бірліктерге сəйкес жалғамалардың арқасында қалыптасады (1.1-кесте).

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет