Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік академиялық жазу пәнінің мақсаты мен міндеттері



Дата14.10.2023
өлшемі15,3 Kb.
#114894
түріДиплом

ДӘРІС 1. АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ПӘНІ БОЙЫНША ТҮСІНІК
1. Академиялық жазу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
2. Академиялық мәтіндерге қойылатын талаптар мен олардың құрылымдары 3. Академиялық жазылым және ғылыми стиль

Академиялық жазылым дегеніміз: • зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі. • эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы. • жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. • ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. Академиялық жазылым- арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады. Академиялық жазылым мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді.


Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар мыналар: • зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
• конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
• өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
• болашақ мәтіннің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
• аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу. Академиялық жазылымның ерекшелігі:
1) Ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы;
2) Жүйелілік; 3) Тақырыптың тұтастығы;
4) Арнайы етістік шақтарын қолдану;
5) Ғылыми стиль талаптарын сақтау. Академиялық жазылымның негізгі талаптары:
• Зерттеу тақырыбы. • Плагитат ережесін сақтау. • Ғылыми мәліметтерді қолдану • Кіріспе, негізгі бөлім және бөлімдердің болуы. • Түйіндеменің (abstract) болуы. • Академиялық мәтін тілі, ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарының сақталуы. • Академиялық мәтінге қажетті элементтердің (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі)болуы. Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мынаны меңгереді: • Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау); • Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажетті ақпаратты жазып алу); • Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану мен жоспарлау; • Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу; • Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету. Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Ал, мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп екіге бөлуге болады. Бірінші түріне рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. жатқызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады. Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мәселен, физика немесе химия саласы бойынша жазылатын ғылыми мәтіндер тақырыптарына байланысты термин сөздер мен күрделі формулаларды қолдану арқылы түрлі тәжірибелік сынақтарды түсіндіру немесе талдау бағытында жазылады, ал әлеуметтік сала бағытында жазылатын жұмыстар түрлі әлеуметтік саяси құбылыстарды түсіндіру бағытында жүргізіледі. Мұндай мәтіндер көбінесе осы саланың арнайы мамандарына ғана түсінікті болуы мүмкін. Дегенмен, ғылыми бағытта жазылатын жұмыстың барлығының бір ғана мақсаты бар. Ол зерттеу жұмысымен және оның нәтижесімен басқа адамдарды таныстыру, сол себепті академиялық мәтін түсінікті тілде, жүйелі құрылымда жазылуы қажет. Мәселен, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негігізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру. Сондықтан, академиялық мәтін ғылыми мәтінің негізгі талаптарын сақтай отырып, оқырманға түсінікті тілді таңдайды. Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті және мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Академиялық жазылым және ғылыми стиль Академиялық жазылым – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойын- ша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұ- мысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізуге, жоба- лық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады. Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Осы орайда қарым-қатынасқа түсуші өз мақсаты мен міндетіне қарай байланыс құралының стилін таңдайды. Тіл білімінде стильдің бес түрі (ауызекі, публицистикалық, әдеби, ғылыми, ресми іс-қағаздар) бар. Осы стильдердің ішіндегі академиялық жазылымға тән стиль - ғылыми стиль болып табылады. Түрлі слаларға байланысты жазылған ғылыми еңбектердің барлығы ғылыми тілмен жазылады. Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі. Академиялық бағыттағы жазба жұмысының тілі көпшілікке, мәселен белігілі бір ғылыми сала жөнінде терең білмейтін қарапайым оқырманға түсінікті болуы тиіс. Яғни, студенттің эссесі экономикалық бағытта жазылғанымен, оны арнайы экономикалық мамандығы жоқ оқырман еркін түсіне алуы тиіс. Сонымен, академиялық жазылым ғылыми көпшілік стилінде жазылады. Ал, таза ғылыми стиль немесе ғылыми-оқулық стилі нақты бір ғылым саласына бағытталып, тек қана осы саланың маманына ғана түсінікті тілде жазылуы мүмкін. таза ғылыми стиль; ғылыми-оқулық стилі; ғылыми көпшілік стиль. Ғылыми стильдің жүйесі, ондағы сөйлем құрылымы, баяндама сипаты әдетте, күрделі болып беріледі. Мұндағы негізгі ерекшелік анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Академиялық жазылымның мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдаландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбек- терді жазуға үйретеді. Сонымен ғалыми стиль, біріншіден, жазба стилінің бір түрі, екіншіден, логикалық оймен жазылуы тиіс, үшіншіден терминдер қолданылады. Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Оның өзге стильдерден ерекешелейтін қасиеттері: нақтылық; объективтілік; қисындылық. Ғылыми бағытта жазылған жұмыста зат немесе құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелденуі талап етіледі. Ғылыми стиль бағытанда жұмыс жазу басқа стилдерге қарағанда қалыпта- сқан құрылымды талап етеді. Шартты түрде академиялық бағытта ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым үлгісі мандай болып келеді:  Титул бет  Мазмұн бет  Кестелер тізімі (міндетті емес)  Aлғыс (міндетті емес)  Түйіндеме  Кіріспе  Əдебиеттерге шолу  Зерттеу әдісі  Нәтижелер/талдау  Қорытынды  Ұсыныстар(міндетті емес)  Алдағы зерттеулер  Қолданылған әдебеиттер  Қосымшалар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет