Дәріс. Цифрлық телекоммуникациялық желілер



Дата06.04.2022
өлшемі54,72 Kb.
#30050

дәріс. Цифрлық телекоммуникациялық желілер

Дәріс мақсаты: плезиохронды және синхронды цифрлы иерархиялы PDH және SDH цифрлық телекоммуникациялық желілердің түрлерімен танысу.


Жіберудің цифрлық жүйесі белгілі иерархия бойынша құрылады:

біріншілік ретінде жіберудің 2048 кбит/сек жылдамдығы таңдалынған болатын. Бұл 30 каналдық группа (32 каналдық интервал). ОЦК-ның жіберу жылдамдығы 64 кбит/сек. Кодалық топтың разряды 8-ге тең деп алынған. Онда біріншілік цифрлық ағымтың тарату жылдамдығы мынадай: 64∙103∙32=2048 кбит/сек.

Алдыңғы уақыттарда ағым жылдамдығын жоғарылату үшін 4-ке тең коэффициент алынады. Бұл ЖЦЖ-нің құру негізінде есептеудің екілік жүйесі жатқандығымен түсіндіріледі.

ЖЦЖ-сін формальдау төменгі реттегі цифрлық ағымды жоғарғы реттегі цифрлық ағымға біріктіру негізінде жүзеге асырылады.





    1. сурет - ЖЦЖ иерархиясы

Қазіргі заманғы біріншілік тізбек 3 технология негізінде құрастырыла алады.

PDH-плезиохронды иерархия Plesiochronous Digital Hierarhy; SDH- синхронды цифрлы иерархия Synchronous Digital Hierarchy; ATM – таратудың асинхронды режимі;

PDH.


Бүкіл әлемдік практикада біріншілік желіні формальдаудың 3 принципі

бар:


  • солтүстік америакалық (США, Канада);

  • жапондық;

  • европалық және оңтүстік америкалық.

-


    1. сурет - Жылдамдық стандарты

Әр иерархия сатысының ГО-сы тәуелсіз жұмыс істейді, сондықтан құрылғының синхронизациясы үшін қабылдаушыда төменгі деңгейдегі ағымты дұрыс бөлуге мүмкіндік беретін арнайы синхросигналдар енгізілуі қажет.

PDH технологиясының мынадай кемшіліктері бар:


    • цифрлық ағымтар мен аралық пункттердің қиын енгізіліп шығарылуы;

    • жиілік автоматты бақылау мен басқарудың құрылғыларының жоқтығы;

    • көпсатылы синхронизмнің қалпына келуі барынша көп уақытты талап

етеді;
- үш әртүрлі иерархияның болуы.

Төменгі ретті ағынға енгізіп шығарудағы қиындығы Е1 ағынды Е3



ағыннан бөлу үшін қадамдық демультиплексациялау, содан қадамдық мультиплексациялау жасау керектігінде. Ол түзетуші КСС импульстерінің қосылуы 2 Мбит/с ағым немесе ОЦК 64 кбит/с-тің Е4 потогінен 140 Мбит/с жылдамдығымен шығарылуы мүмкін еместігімен түсіндіріледі.




    1. сурет - Е4 ағыннан Е1 ағынның бөлінуі

SDH.


SDH технологиясы ақпараттың белгілі бір көлемін транспорттау мақсатымен стандартталған цифрлы құрылымдарының жиынтығы ретінде айқындалады, ақпаратты тасымалдаудың бақылау және басқару функцияларын қосқандағы комплексті процесі ретінде қабылданады.

SDH артықшылықтары:



  • байланыстың эффективті және иілгіш желілерін жасау мүмкіндігі;

  • түрлі деңгей сигналдарын берілген сигналдың демультиплексрленуінсіз шығаруға мүмкіндік береді;

  • стандартты интерфейс түрлі фирмалар құрылғыларының бірігуін қамтамасыз ете алады;

  • желіні өте жақсы басқаруды қамтамасыз етеді, тіпті бір центрден болса да.

SDH сигналының негізгі форматы ретінде 155,52 Мбит/с тарату жылдамдығы бар синхронды транспортты STM модулі қабылданған.

STM-1негізгі информациялы жүктемені алып жүреді, мысалы, Е4 ағыны 140 Мбит/с жылдамдықпен, сонымен қатар бақылау, басқару, қызмет көрсету функцияларын қамтамасыз ете алатын қосымша сигналдар, сондықтан жылдамдық 155 Мбит/с-ке дейін өседі.

8.1 кесте - SDH тарату жылдамдығы

SDH деңгейі

Тарату жылдамдығы

STM-1

155,520 Мбит/с

STM-4

622,080 Мбит/с

STM-8

1244,160 Мбит/с

STM-12

1866,240 Мбит/с

STM-16

2488,320 Мбит/с (2,5 Гбит/с)

STM-64

9953,280 Мбит/с (10 Гбит/с)

STM-256

39813,120 Мбит/с (40 Гбит/с)

STM-N сигналдың жоғары деңгейдегі сызықтық жылдамдығы Nx155,52Мбит/с-ке тең.

STM форматы

STM-1 кестесінде 9 қатар және 270 баған бар. Әрбір клетка 64 кбит/с жылдамдыққа сәйкес келеді, ал бүкіл кесте 9∙270∙64=155520 кбит/с. Алғашқы 9 баған қызмет сигналдары үшін.

270

9 261


3

RSOH


Жүктеме


1

PTR







5

MSOH






8.4 сурет - STM форматы


SDH желісінің өркендеуі процесі кезінде, құрастырушылар глобалді желіге негізделген, ұяшық түрдегі өзінің немесе магистральді желіні формальдау сияқты шешімдер қатарын қолдана алады. Бұл SDH желісінің ішкі резерв жүйесімен қатар, бүкіл желінің сенімді жұмысын күшейте алады. Мұндай резерв жүйелерімен альтернативті маршруттарда сигнал тасымалдануының альтернативті ортасы қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер негізгі маршруттарда ВОК қолданылса, онда резервтіде – РРЛ қолданылады, немесе керісінше.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет