Дәріс Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны. Қарастырылатын сұрақтар: Экономикалық талдау түсінігі, пәні



бет1/2
Дата14.04.2022
өлшемі21,43 Kb.
#30981
  1   2

Дәріс 2. Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны.
Қарастырылатын сұрақтар:

1. Экономикалық талдау түсінігі, пәні.

2. Экономикалық талдаудың мазмұны мен міндеттері.
1. Экономикалық талдау түсінігі, пәні.Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.

Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.

Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:

• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;

• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;

• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;

• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;

• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;

• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.

Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет