2. Девиантты мінез-құлықтың себептері және түрлері.
3. Әлеуметтік бақылау.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Социальные отклонения. Введение в общую теорию. М., 1984.
2. Кудрявцев В.И. Социальные деформации. Причины, механизмы и пути преодоления.М, 1992.
3. Социология преступности. М, 1966.
4. Социология экономической преступности. М., 1988.
Әлеуметтануда девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын жасап ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда «заңның болмауы» дегенді білдіреді. Егер де индивидтер қоғамдағы жалпыға ортақ нормаларды сақтағысы келмейтін болса, онда аномия пайда болады. Аномия – қоғамның мүшелерінің өздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жөнінде біле-тұра оларға бейжай қарайтын қоғамның жай-күйі
ДЕВИАЦИЯ (ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУ) ДЕГЕНІМІЗ – БҰЛ БЕЛГІЛІ БІР ҚОҒАМДА ҚАЛЫПТАСҚАН НОРМАЛАРҒА НЕМЕСЕ МОЙЫНДАЛҒАН ШАБЛОНДАРҒА ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН, АДАМДАРДЫҢ, ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫСТАРЫ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫ.
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ДЕП БЕЛГІЛІ БІР ҚОҒАМДЫҚ ЖҮЙЕ ҮШІН ЗАҢДЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҚҰБЫЛЫСТАР МЕН ПРОЦЕСТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫН АТАЙДЫ.
ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР ЕКІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ:
ЖЕКЕ ДЕҢГЕЙ
БҰҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДА ДЕВИАЦИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ БІРЫҢҒАЙ КӨЗҚАРАС ЖОҚ.
ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық дәрігер Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен адамның дене белгілерінің арасында байланыстың бар екендігін айқындады.
Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің өкілдерінің бірі – американдық ғалым, дәрігер Уильям Шелдон болды. Оның тұжырымдары бойынша, адамның белгілі бір дене құрылымының болуы оның қандай да бір тұлғалық сапаларын білдіреді.