Дәріс жоспары: Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері. Мемлекеттің белгілері,нысаны, түрлері және оның қызметтері. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам



Дата07.12.2022
өлшемі18,11 Kb.
#55617

Дәріс жоспары: 1.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері. 2.Мемлекеттің белгілері,нысаны, түрлері және оның қызметтері. 3.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. 4.Қазақстан Республикасы- құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері. Мемлекет мәселесін қарастыруды алдымен қоғамнан бастауымыз керек Қоғамадамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны болып табылады. Оның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып айырбасталауы белгілі бір тәртіпті, адмдар арасындағы қарым-қатнастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуды қажет етеді Ол үшін адамдардың мінез-құлығын басқару және реттеуді жүзеге асыратын ерекше құрал керек. Содай құрал ретінде мемлекет пайда болған. Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол қоғамның даму нәтижесі болып табылады. Адамдар алдымен қауымға, содан кейін туыстық жағынан біріккен руларға бірікті. Бірнеше рулар тайпаға айналды.Өндіргіш күштердің дамуы нәтижесінде басы артық өнім пайда болды Соның негізінде жеке меншік шықты, әлеуметтік таптар қалыптасты. Нәтижесінде қоғамдағы қалыптасқан қайшылықтарды үйлестіріп, оны ұйымдастыратын ұйым мемлекет пайда болды. Мемлекет – қоғамды басқаруды жүзеге асыра отрырып оның өмір сүруін қамтамасыз ететін адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша формасы болып табылады. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі белгілері: 1. Аумағының ( территориясының) болуы. Мемлекет сол территорияда үстемдік етіп,заң шығарушы, атқарушы және сот билігін жүзеге асырады. 2.Саяси билігінің болуы. Мемлекет арнайы ұйымдар армия, сот,құқық қорғау органдары арқылы саяси билікті жүзеге асырып қоғамның тұрақтылықғы мен дамуын қамтамасыз етеді. 3. Тәуелсіздігі және егемендігі; Мемлекет өз билігін ішкі және сыртқы жағдайлардан тәуелсіз жүргізеді. 4. Мемлекттік биліктің жариялық сипаты; Биліктің жариялылығы дегеніміз сол билікті мемлекет азаматтарының қолдап, мойындауы, биліктің заң негізінде жүзеге асырылуы 5. Заң шығару, оған бағындыруды жүзеге асыруы. Мемлекет қоғамды заңдар шығару соның негізінде қоғамдық қатнастарды реттеу арқылы басқарады.Ол үшін арнайы органдар құрады. ( сот, прокуратура құқық қорғау органдары,т.б.) 6.Халықтан салық жинау. Салық жинау арқылы мемлекет өзінің өмір сүруіне қажетті қаражатты қамтамасыз етеді. Осы мақсатта арнайы органдар құрады. Салық жинауға тек мемлекеттің ғана құқығы бар. 7.Мемлекеттік рәміздері мен мемлекеттік тілінің болуы. Мемлекеттік рәміздерге мемлекеттің жалауы, гимні,гербі жатады. Ең алғаш жалау ертедегі гректерде болған. Ал римдіктер найзаға байланған төртбұрышты матадан жасалған жалауды пайдаланды. Мемлекеттік жалау қазіргі түрде ең алғаш Данияда 1219 жылы, Щвейцарияда 1229 жылы, 1785жылы АҚШ-та, 1805жылы Италияда шықты.Мемлекет басқару қызметін атқаратын және оның көмегімен қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, оған қажетті алғышарттар жасайтын ұйым. Мемлекеттің нысанының түрлері: 1. Басқару нысаны 2. Мемлекеттік құрылымы 3. Саяси режимі. Басқару формасына қараймемлекеттің екі түрі бар. Олар: монархия және республика. Монархия- мемлекеттік биліктің атадан балаға мұрагерлікпен берілуімен сипатталады. Монархия абсолютті және конституциялы болып екіге бөлінеді. Республика- мемлекеттік билікті заңмен белгіленген мерзім ішінде сайланатын бір немесе бірнеше органдардың атқаруымен сипатталады. Республиканың үш түрі бар: президенттік республика және парламенттік республика. Аумақтық құрылымы жағынан мем лекеттің үш түрі бар: унитарлы, федеративті, конфедеративті. Унитарлы мемлекет біртұтас, құрамында дербестігі бар (автономды) мемлекеттік құрылымдары жоқ, әкімшілік- аумақтық бөліністерден тұратын мемлекет. Унитарлы мемлекетте жоғарғы билік органдары, басқару, сот органдары бүкіл ел үшін біртұтас, бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтық болады. Федеративті мемлекеттер дегеніміз құрамында екі, үш немесе одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестігі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін мемлекет. Конфедерациялық мемлекет дегеніміз бірнеше мемлекеттердің белгілі бір мақсаттарға сәйкес бірігуі немесе одағы. Ондай мақсаттар экономикалық, әскери, дипломатиялық немесе этникалық мақсаттар болуы мүмкін. Конфедерацияға біріге отырып мемлекеттер тәуелсіздігін сақтайды. Конфедерацияға бұған дейін конфедерация болып 1781 жылдан бастап федерацияға көшкен АҚШ-ты, 1815-1848 жылдардағы швецар одағын құрған Щвейцарияны жатқызуға болады. Мемлекеттің басқару түрлерін, мемлекеттің пайда болуын шартты түрде екі түрлі модельге бөліп қарастыруға болады. Олар батыстық және шығыстық модельдер. Саяси режим дегеніміз – мемлекетте саяси биліктің жүзеге асырылу әдістері мен тәсілдері. Саяси режим демократиялық және антидемократиялық болып екіге бөлінеді. Антидемократиялық режимдерге авторитарлық және тоталитарлық режимдер жатады. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар: Мемлекттің пайда болуы туралы теориялар: 1. Теологиялық теория мемлекет құдай әмірімен жаралды деп түсіндірді (Ф. Аквинский, А. Аврелли) 2.Патриархалдық теория мемлекеттің пайда болуын отбасының өсуімен байланыстырды, және мемлекетте болып жатқан процесстердің реттелуін отбасымен сабақтастырды (Аристотель, Платон Фильмер) 3.Органикалық теория мемлекетті тірі организмге ұқсастырады (Г. Спенсер) 4.Қоғамдық келісім теориясы. Бұл теория бойынша мемлекет адамдар арасындағы ерікті келісім нәтижесінде пайда болды. Адамдар өзінің күнделікті тіршілігінде тәртіпті сақтау үшін, әртүрлі қолсұғушылықтардан қорғану үшін мемлекетке бірігуге келіседі, және сол мемлекетке қажетті билікті береді.(Г. Гротций, Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс,П. Гольбах, Ж.Ж. Руссо Ш.Монтескье) 5.Күштеу теориясы. Бұл теория бойынша мемлекет бір тайпаның екінші тайпаны жаулап алып, бағындырылған тайпаны басқару үшін құрылған. (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский) 6.Психологиялық теорияның түсіндеруі бойынша мемлекет адамдардың бірігіп өмір сүруге психологиялық қажеттілігінен туындайды.(Петражицкий 6.Материалистік (таптық) теория. Мемлекет таптардың арасындағы қайшылықтар нәтижесінде туындайды, мемлекет бір таптың екіншіні қанау құралы деп түсіндірді. (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет