Дәріс Негізгі өндірістік қорлар



Дата27.07.2023
өлшемі17,59 Kb.
#104842
түріҚұрамы
Байланысты:
Дәріс 9


Дәріс 9. Негізгі өндірістік қорлар.
Жоспар:
1. Негізгі қорлардың құрылымы, құрамы, экономикалық негізі
2. Негізгі қорларды бағалау
3. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
4. Негізгі қорларды қайта жаңарту
Еңбек процестерінде орындалатын функцияларға байланысты өндіріс құралдары өңделетін затқа әсер ете алатын еңбек заттары мен еңбек құралдарына бөлінеді. Еңбек заттары мен еңбек құралдары өндіріс қорларының материалды-заттық қамтылуын құрайды. Өндіріс процестеріндегі функционалды роліне қарай негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.Өндірістік негізгі құралдарға белгіленген немесе басқа өнімді алу процестеріне міндетті түрде қатысушыларды жатқызады. Ал, өндірістік емес құралдар өнімді алумен тікелей байланысты, бірақ тұтыну сфераларында қолданылады. Олар жұмыскерлердің мәдени- тұрмыстық қажеттілігіне қызмет көрсетеді,осы арқылы өндірістің өсуіне көмектеседі. Өндірістік қорлар негізгі және айналымдық болып бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорлар- бұл өндіріс процестерін қамтамасыз ететін өндірістік ғимараттар, құрал-жабдықтар, жұмыс машиналары, өлшеуші және реттеуші приборлар, лабораториялық құралдар және т.б. Олар көп өндірістік циклдарда қолданылады және өз құнын дайындалып жатқан өнімге табиғи формасын сақтай отырып, ұзақ мерзім ішінде біртіндеп ауыстырады.Негізгі қорлардың әрбір тобы өндірістік процесте нақты өзіне тиесілі функцияны орындайды. Өндірісте негізгі рольді машиналар мен құрал-жабдықтар атқарады. Тек осы топ қана формасы мен қасиеттерін өзгерте отырып, еңбек затына (астық ) әсер етіп отырады. Негізгі қорлардың бұл бөлімін белсенді деп те атау қалыптасқан. Өндіріс көлемінің өсуі, оның көрсеткіштерінің жақсаруы, еңбек өнімділігінің артуы өндірісте қолданылатын машиналар мен құрал-жабдықтар саны мен сапасы бойынша анықталады.
Негізгі өндірістік емес қорлар ( тұрғын үй, балабақша және т.б объектілер) өндірістік процеске қатыспайды, ол тек қана жұмыскерлердің мәдени- тұрмыстық қажеттіліктерін қанғаттандырады. Негізгі қорлардың әрбір топтарының ролі мен олардың салыстырмалы салмағы жалпы құны бойынша бірдей емес. Негізгі қорлардың аталып кеткен топтарының қатынасы негізгі қорлардың өндірістік құрылымының құнын құрайды. Ол кәсіпорын мен салаларының техникалық деңгейін анықтайды. Техника мен технологияның дамуы мен жаңаруына қарай өндірістік құрал-жабдықтардың салыстырмалы салмағы жалпы алғанда өсуде. Негізгі қорлардың құрылымына концентрация, специализация, кооперациялау және комбинациялау процестері әсер етеді. Саладағы кәсіпорынды ұйымдастыру формаларымен байланысты құрал-жабдықтардың салыстырмалы салмағы өседі.
Өндірістік әрекеттегі негізгі қорлар құндық (ақшалық) және шынайы (табиғи) жағдайларын жоспарлайды және ескеріп отырады. Шынайы (табиғи) форма- бұл қорлардың тек сандық емес, сонымен қатар, сапалық жақтарын сипаттау. Шынайы (табиғи) формадағы негізгі қорларды сипаттау мен ескеру олардың техникалық құрамын анықтау үшін, құрал-жабдықтар байланысын құрастыру үшін, нақты қажетті машиналар санын анықтау үшін, ескіргендерін ауыстыру үшін, кәсіпорынның қуаттылығының көлемін есептеу үшін қажет.
Негізгі қорларды табиғи формада есептеу мен жоспарлау берілген периодты түрдегі инвентаризация мен кәсіпорын төлқұжатына негізделген. Төлқұжат қорлардың толық техникалық- экономикалық сипаттамасын қамтамасыз етеді: іске қосу мерзімі, қолдану көрсеткіштері, жөндеу жұмыстары саны, тозу дәрежесі және т.б.
Негізгі қорларды есептеу мен жоспарлаудың табиғи формасы форманың құнымен (ақшалық) тығыз байланысты. Кәсіпорынның немесе саланың негізгі қорларының жалпы көлемін тек негізгі қорлардың сандық жағын, құрылымын, құнымен есепке алуға болады.
Негізгі қорларды құндық бағалауынынң бірнеше түрі бар:
- бастапқы баланстық құн
- қалдықтық құн
- қалпына келтіру құны
Әрбір түр бойынша негізгі қорды бағалау белгілі бір тәжірибелік мәнге ие. Бастапқы құн бойынша бағалау негізгі қорларды сатып алуға немесе құруға кеткен шығын сомасын белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бағалауды амортизациялық шегертулер сомасын анықтау үшін қолданады.
Бастапқы құн- оларды жасауға кеткен нақты шығындарды көрсетеді, яғни техника мен құрылғылар сатып алуға кеткен шығындар, құрылғыларды монтаждауға арналған шығындар қосылады.
Негізгі кәсіпорынның кез келген түрі осы бағамен кәсіпорын балансына жазылады. Мысалы, құрылғы сатып алу бағасы 12000 АҚШ долларын тең. Құрылғыны үйге жеткізуге 500 АҚШ долларын төледі және құрылғыны монтаждауға 200 АҚШ доллары шығындалды. Сонда бастапқы құн мынаны құрайды: 12000+500+200=1270 АҚШ доллары.
Қалдық құны- бұл бастапқы құннан әр жыл сайын алынып отыратын сомманы шегергенге тең.
Қалпына келтіру құны–негізгі қаржысына қосымша бағалауды арнайы индексация коэффициенттер көмегімен болжанады. Осы қалпына келтіру құны бойынша ағымдық кезең шартындағы негізгі қорларды жүргізуде қажетті шығындар соммасын анықтайды. Егер қалпына келтіру құнынан тозу соммасын шығарып тастаса сол уақыттағы негізгі қорлардың нақты құнын анықтауға болады.
Негізгі қорларды қайта бағалау, олардың қолдану тиімділігін амортизация соммасын жоспарлау, жөндеуге жұмсалатын шығындар мен капиталды салымдарды дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Өндіріс процесінде негізгі қорлардың барлық түрлері тозады, яғни өздерінің бастапқы сапасы мен іс-әрекетке қабілеттілігінен айрылады және оларды жаңасымен ауыстыруға тура келеді. Негізгі қорлар физикалық және моральдық тозу болып ерекшеленеді.
Пайдалану процесінде негізгі қорлар максималды түрде жіктелуі тиіс. Бұл қайтарымды жоғарылатады, өнім шығаруды көбейтеді, моральді тозу көлемін азайтады. Моральдық тозу––бұл техникалық прогрестің салдарынан машиналар мен құралдар конструкциясын жетілдіру қорытындысында технологияның жақсаруы және оларды жасап шығару құнының төмендеуі. Сондай-ақ негізгі қорларды жүргізу арзандайды және жаңа бір өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін еңбек құралдары пайда болады. Еңбек құралдарының осылай құнсыздануы моралдық тозу деп аталады.
Моральды тозу сатысын төмендетуші маңызды жолы модернизация, яғни жаңашаландыру болып табылады. Жаңашаландыру–бұл дәл сол кездегі жұмыс жасаушы еңбек құралдарының барынша жақсартылуы және оларды өндірістің техникалық және экономикалық деңгейіндегі заманауи талаптарға сәйкестендіру.
Негізгі қорлардың физикалық тозуы сол немесе басқа нңбек құралы жасалған материалдың ескіруіне әкеп соғады. Өндіріс процесінде машинаның жұмыс бөліктері ескіреді және негізгі құралдар өздерінің құндарының бір бөлігін жоғалтады. 
Өндірістік салалардағы негізгі қорлардың физикалық тозу дәрежесі өндірістік жүктемеге байланысты, атап айтқанда тәуліктік және жылдық ауысым саны мен өндірістің жұмыс сағатына, жұмыс уақытындағы үздіксіз жүктемеге байланысты болып келеді. Бірақ негізгі қорларға жүктемені үлкейткенде өндірілген өнім көлемі көбейеді. Соның салдарынан өнімнің тозу құны төмендейді.
Негізгі қорлардың физикалық тозу сатысына мамандандырылған кадрлар құрамы мен іске қосу жағдайы (уақытылы жасалған жөндеу жұмысы, жұмыс режимін қадағалау, майлау және тағы басқа) әсер етеді. Соңғы уақытта өндіріс салаларында өндіріс мәдениетін жоғарылатуға, негізгі қорларды іске қосу жағдайын жақсарту, сонымен қатар, физикалық тозуды төмендетуге көптеген шаралар жасалуда.
Негізгі қорлардың физикалық тозуын тозу құнының бөліктерін жасалған өнімге ауыстыру жолы мен қайтаруын амортизация деп атайды. Амотизация–негізгі қор жүргізуге қаржылық қор жинау мақсатында олардың құндарын өндірілген өнімге ауыстыру процесі. Жасалған өнімге сіңірілген және ол өнімді сатқаннан кейін ақша түрінде қайтып оралатын негізгі қорлардың тозған құны амортизациялық қорды, яғни негізгі қордың орнын толтыру қорын құрайды.
Амортизациялық шегерулер нормасы негізгі қорлардың әр бір түріне арнайы белгіленіп, қалыпты пайдалану жағдайындағы олардың жұмыс жасау мерзімі негізінде анықтайды.
Жылдық амортизациялық шегерулер нормасын (Жа) орташа жылдық аударымдардағы негізгі қорлардың толық бастапқы құны бойынша анықтайды. Ол мына формуламен есептелінеді:
Жа=[(Бқ+КЖ+М-Лқ)*100]:Бқ*N,мұндағы:
Жа – жылдық амортизация нормасы;
Бқ – бастапқы құн;
КЖ – бүкіл жұмыс істеу мерзіміндегі капиталды жөндеу құны;
М – бүкіл жұмыс істеу мерзіміндегі машина мен құрылғыларды модернизациялау құны;
Лқ – қолданудан шыққандағы негізгі қорлардың ликвидациялық құны;
N – негізгі қорлардың жұмыс істеу мерзімі.
Амортизациялық шегерулер негізгі қорларды пайдалануда, резервте, жөндеуде немесе қолданылмай жай тұрғанына қарамастан алынып отырады. Амортизациялық шегерулер капиталды құрлыстың аяқталмаған обьектілерінен, уаұытша жабылған кәсіпорыннан, қолдануға берілмеген және орнатылмаған құрылғылардан алынбайды.
Жылдық амортизациялық шегерулер қалыптасу методикасына мыналар кіреді:
1. Әрбір негізгі қордың бастапұы құнын және жұмыс жасау мерзімін анықтау (техпаспорт бойынша);
2.Қызсет мерзімінің соңында ликвидациялық құнды бағалау. Құрылғы жұмыс жасамағанымен, оның металломдық құны бар;
3. Ненгізгі қорларды қолдану кезеңіндегі амортизациялық шегерулердің жалпы сомасын анықтау. АШ=Бқ-Лқ;
4. Амортизациялық шегерулердің негізгі қорларды қолдануды жылдар бойынша амортизация шегерудің жалпы сомасын бөлу әдісін таңдау;
Өндірістік процестің үздіксіздігі үшін негізгі қорлардың тозуын жүйелі түрде қалпына келтіру, олардың жұмысқа қабілеттілік жағдайын сақтау, тозған еңбек құралдарын ауыстыру, яғни негізгі қорларды қалпына келтіріп отыру тиіс. Негізгі қорды қалпына келтіру- қайта құрылымдау, техникалық қайта жабдықталу, модернизация және капиталды жөндеу жолымен оларды жаңартудың үздіксіз працесі.
Негізгі қорларды жүргізудің сандық сипаттамасы жыл бойына толық бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың балансында көрінеді, мына формула бойынша:
Қс= Қб + Қ к= Қл 
Мұндағы:
Қс– жыл соңындағы негізгі қорлардың құны, тг.
Қб – жыл басындағы негізгі қөорлардың құны, тг.
Қк – ағымдағы жыл барысында кірістірілген негізгі қорлар құны, тг
Қл – жыл бойындағы ликвидацияланған негізгі қорлар құны, тг
Негізгі қор жүргізу процесін тереңірек талдау үшін мына көрсеткіштерді қолдануға болады.
1. Негізгі қор жаңарту коэффициенті:
Қжаң = Қкс
Кжаң – жаңарту коэффициенті, %
Негізгі қордың істен шығу коэффициенті:
Кшығ лб
Кшығ – істен шығу коэффициенті,
Кшығ мен салыстырғанда Кжаң –дың артуы негізгі қорларды жаңарту процесі жүріп жатқанын дәлелдейді. Осы көрсеткіштердің қозғалысы өнеркәсіпте өткізіліп жатқан процесті сипаттайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі капитал–өндірістің техникалық базасы.
2. Өндіріс қорларының экономикалық мәні мен классификациясы.
3. Негізгі капиталдың тозуы және бағалау.
4. Негізгі капиталды қолданудың тиімділігі және қамтамасыз етілуі.
5. Нарықтық жағдайларда негізгі капиталды тиімді қолдануды жоғарылату жолдары.
6. Амортизация және есептеу әдісі түсінігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет