ДӘСТҮрлі қазақ ҚОҒамындағы батырлар институты және алыбай жасауыл туралы бірер сөз с. А. Ескалиев



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі163,87 Kb.
#9352

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ 

БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ АЛЫБАЙ ЖАСАУЫЛ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

С.А.Ескалиев

Ацтөбе ц.

Әлем  халықтарының  тарихы  мен  мәдениеіінде  салты  мен  дүниетанымында  берік  қалыптасқан 

зандылық  бар.  Ол  -   ел  ертеңі  үшін  күндіз  отырмаған,  түнде  ұйыісгамаған  билеушілердің  даналығьш, 

батьфлардьщ  ерлігін  өнер 

с а ң л а қ т а р ы н ы ң  

мүрасын  үрпактан  үрпакка  аманатгау.  Ерте  замандардан  дана 

халық  үрпак  сабақтастығы  мен  жалғастығын  осылайша  қаматамасыз  етгі,  яғни  элеуметгік-қоғамдық 

ілгерілеудің пэрменді тетігін дөп басьш таба алды. Тарих халық жадынан қүралады деп есептейгін болсақ, сол 

тарихка өзіндік ықпал жасаған түлғалардың болатындығы да зандылық екендігі мэлім.

Қазіргі таңда тарихымыз жеткілікті түрде зерттелініп жатыр десек те,  элі де  қазақ мемлекеттілігі 

қалыптасқаннан  бастап,  кең-байтақ  елінің  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  сақтауда  аянбай  күрескен 

батырларымыз жөнінде тарихи еңбектерде  толық мәліметтер оқырман қауымға жеткізілді  деуге элі де 

ерте секілді.

Батырларды  қазақ  халқының  р ы   перзентіне  айналдырған  қүдірет  -   олардың  бар  тағдырының 

азаттық,  төл  мемлекеті  мен  үрпактарының  болашағын  аянбай  қорғауға  арналғандығында.  Олардың 

ерлігі  мен  жүректілігі,  намысқойлығы  мен  мэрттігі,  үлылығы  мен  қарапайымдылығы,  қайраты  мен 

ақылы үлт мүддесіне,  үлттық идея мен идеологияға  қалтқысыз  бағышталғандықтан  бүл  қасиеттер  сын 

сағатында  буырқанып  сыртқа  шықты.  Олар  елдің  атын  шығарды,  қандай  сәтте  де  елін  сыртқы 

жаулардан қорғауға эзір  екенін  дәлелдеді,  мызғымайтын сенім  мен оптимизмнің,  саф  алтындай ізгілік 

пен  зиялылықтың  табанына  жауыздықты,  үрейді,  сатқындықты  таптатты.  Олар  осынысымен  туған 

халқының мэңгі махаббатына бөленді.

Қазақ  батырлары  тарихын  зерттеу  тәуелсіздікке  жеткенімізден  кейін  ғана  батыл  түрде  қолға 

алынды.  Әрине,  бүл  арада  сол  кезеңге  дейін  зерттеулер  жүргізілмеді,  батырлар  тарихы  жазылмады 

деуден  аулақпыз.  Халқымыз  қай  кезеңде  де  өзінің  қамқоры,  қорғаушысы  бола  білген  батырларына 

ерекше  үміт  артқан.  Қай  заманда  да  қазақ  үрпағын  Алпамыс,  Ер  Тарғын,  Қобыланды  батырлар 

жырларымен  сусындатып,  ерліктің  елі  үшін  жасалатындығын,  ер  осындай  қабілетімен  көпшілік 

жадында  мэңгілік  қалып  ерекше  қүрметте  болатындығын  сезіндіре  алды.  Міне,  сондықтан  да  ата- 

бабамыз  бүгінге  дейін  үрпағын  «Елдің  атын  ер  шығарады»,  «Батырға  оқ  дарымайды,  Батылға  жау 

жоламайды»,  «Ер  жігіт  елі  үшін  туады,  Елі  үшін  өледі»,  «Ер  жігіт  үйде  туып,  түзде  өлер»,  «Батыл 

болсаң, батыр да боларсың» деп тәрбиелеп келеді.

Сонымен,  батыр  дегеніміз  кім?  Батыр  -   ер  жүрек  адамның  атағы  ғана  емес,  сонымен  қатар 

көбінесе  әскери  міндеттерді  жүзеге  асырумен  айналысатын  адамдардың жеке-дара  қасиеті.  Саяхатшы 

Е.К.Мейендорфтың анықтауы  бойынша қазақ қоғамында ер жүрек,  эділ жэне тапқыр,  соғыс кезінде  ат 

қүлағында  ойнаған  шабандоз  адамдар  батыр  деп  аталған.  «Батыр»  атағы  ешқашан  мүраға 

қалдырылатын болмаған, оны тек жеке ерлікпен алған.

Ал сонымен бірге  белгілі  бір  батырдың өзін әскери істе айқын көрсеткен баласы немесе немересі 

батыр  болған  жағдайлар  аз  кездеспейді.  Бүған  Кіші  жүздің  жетіру  буыны  табын  руының  ықпалды 

батыры  Бөкенбай  (1741  ж.  өлген)  үрпақтарының  -   оның  баласы  Тіленші  Бөкенбайүлының  жэне  XIX 

ғасырдың  20-30  жылдарының  басында  батыс  қазақтарының  үлт-азаттық  қозғалысын  басқарған 

немересі Жоламан Тіленшіүлының осы атақты мүраға алуы мысал бола алады.

ХҮІІІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  батырлардың  беделі  мен  әлеуметтік  маңызы  мейлінше 

күшті өсті, мүның өзі сыртқы қауіпке жэне қазақтардың әлеуметтік үйымдасуында әскери қүрылымдар 

рөлінің  арта  түсуіне  байланысты  болатын.  Жоңғарлар  басқыншылығына  пәрменді  тойтарыс  беруді 

үйымдастыру  қажеттігі  әуелі  әскери  сахнада,  ал  сонан  соң  саяси  сахнада  да  халықтың  жол 

бастаушылары  мен  қолбасшылары  -   батырлардың  аса  көрнекті  шоғырының  пайда  болуына  жеткізді. 

Олар -  қазақ қоғамының төменгі топтарынан өсіп шыққан жетіру  буынының табын руынан Бөкенбай, 

Орта жүздің арғын бірлестігінің қанжығалы руынан Бөгенбай, Қабанбай жэне басқа адамдар.  Тарихтың 

жоғарыда  келтірілген  кезеңдерінің  бэрінде  батырлар  ер  жүрек  жауынгерлер,  ат  жалында  ойнаған 

шабандоздар  жэне  әскери жасақтардың  қолбасылары  ғана емес,  сонымен  қатар,  көшпелі  қоғамның  ең 

таңдаулы әлеуметтік топтарының бірі  болды.  Бүл жағынан революцияға дейінгі көптеген авторлардың 

«батырлар  арасынан  көшпелілердің  саяси  үйымдасуында  маңызды  орын  алған  рубасы  қазақ 

ақсақалдарын  көп  кездестіруге  болатын»  деп  ескертуі  де  кездейсоқ  емес.  Мәселен,  XIX  ғасырдың 

басында  Г.И.Спасский  жазып  алған  үш  жүздің  67  рулық  бөлімшелерінің  25  қүрылымын  батырлар 

басқарған.  [1].

XVIII  ғасыр  -   қазақтардың  «Елім  -айлаған»  ғасыры.  Шоқан  ол  ғасырды  «қанды  қырғын» 

(«кровавый»),  «жан  түршігерлік»  («ужасный»),  «жауынгершілік»  («рыцарство»)  ғасыры  деп  атаған. 

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың сөзімен  айтсақ -  «халық тағдыры  қайқы  қылыштың үстінде  қылпылдаған


кезең».  Әсіресе  XVIII  ғасырдың  І-ші  жартысы  қазақ  халқы  үшін  қатал  сынаққа  толы  кезең  болып 

келгені баршаға аян.  Бүл уақытта Жоңғар хандығының қазақ жеріне экспансиясы өзінің шырқау шегіне 

жетті.  Қазақ  жүздерінің  геосаяси  жағдайы  олардың  толықтай  дерлік  жан-жағынан  анталаған 

жауларының  қоршауында  қалуымен  одан  эрі  тереңдей  түсті.  Бүл  жөнінде  белгілі  қазақ  зиялысы 

М.Тынышпаев:  «бүл тарихи  босқыншылық «Ақтабан шүбырынды»  деп  аталды.  Аштық жэне  кедейлік 

өз  шегіне  жетті»,  -  деп  өз  пікірін  білдіріп  кетеді  [2].  Осындай  қиын-қыстау  заманда  сыртқы  жауларға 

тойтарыс  беру  қажеттілігіне  байланысты  қазақтарға  орасан  зор  әскери,  моральдық,  интеллектуалдық 

жағынан күш жүмылдыру талабы туындады.

XVIII  ғасырдың  30-40  жылдары  қазақтар  мен  жоңғарлардың  қарым-қатынастары  шиеленіскен 

күйінде қала берді, қақтығыстар мен соғыстар тиылмады. XVIII ғасырдың басында туған жерді азат ету 

жолындағы  өзекті  мәселені  шешуді  қазақ халқының  арасынан шыққан  ержүрек  батырлар  өз  мойнына 

алады.  Жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  тойтарыс  беру  барысындағы  саяси  сахнада  әскери 

қолбасшылар  мен  халық  қарсылығын үйымдастырушылардың үлкен тобы  қалыптасты.  Олар  басында 

әскери  адамдар  ретінде  өз  міндеттерін  атқарғанымен,  батырлардың  арасынан  кейіннен  елдің  саяси 

өмірінде де үлкен қызмет еткен танымал түлғалар шыға бастайды.

Қазақ  халқы  тәуелсіздіктің  қадірін  ерте  білген  халықтардың  бірі  болғандықтан  жас  үрпақты,  елін- 

жерін қорғауға,  батырлыққа, эділдікке кішкентайынан тәрбиелеген.  «Басқа елде сүлтан болғанша, өз елінде 

үлтан бол», «Елінен аутан ер жетім, тындаушысыз сөз жетім» деген іспетгі мақал -  мәтелдер осының айқын 

дәлелі.  Көрнекті  қазақ тарихшысы  К.Есмағамбетовтың  өзі  бүл  мәселеге  ойдағыдай  көңіл  бөлінбегендігін 

айта отьфып, «Отандық тарих ғылымында қазақ батырларының елі мен жері үшін қан майданда жаулармен 

шайқасқан  жанкештілік  күресін,  оның  халық  тағдырындағы  орнын  көрсетуге  элі  күнге  дейін  толық  мэн 

берілмей келеді», - деген шкірін білдіреді [3].

Ғылыми  танымдағы  әдістемелік  үстанымның  бір  парасы  қандай  ғана  болмасын,  қүбылысты 

зерттегенде  оның  үздігін,  ең  жетілгенін  талдауы  жэне  тануды  басшылыққа  алу.  Сонда  арғы- 

бергілерінің  бары  мен жоғы,  осал түстары мен толағайы оң зерделенеді.  Басқаша айтқанда,  елдігімізді 

сақтап  қалған  қазақ  батырларын  ғылыми  ой-санамен  тану  арқылы  тарихтағы  түлғаның  рөлін 

айқындауға,  қоғамдық қатынастардың табиғатын түсінуге жол  ашылатынын қаперден  шығармауымыз 

керек.


Ел  тағдьфы  шешілген  ауыр  заманда  ерте  есейген  қазақ  батырлары  «Ақтабан  шүбырынды,  алқакөл 

сүлама»  қасіретіне  қарсы  түрып,  айрықша  болмысымен,  ерен  ерлігімен  көзге  түсті.  Ал  оған  дейінгі 

қақтығыстарда  іштей  ширығу,  қапысыз  дайындық,  қүрыштай  шындалу  мектептерінен  өтгі.  Демек,  ел 

аузындағы  әңгімелерде,  дастандарда,  жыраулардың  шығармаларында үлықталатын үлтгық  үлы  батырлар 

XV-XVII  ғасырлардағы  Отан  тарихына  өз  есімдерін  қапысыз  жазғанменен,  толық  мағынасындағы 

миссияларын атқарғаны  1723 -   1756 жылдар еншісінде.  Бүл -  жоңғарлардан ойсырай жеңілген қазақтардың 

жер  бетінен жоғалуға шақ қалған,  Қабанбай, Бөгенбай, Есет, Алтай, Алыбай,  Жездібай батырлар мен ақыл 

иелерінің  қайратымен  бас  біріктіріп,  қатерлі  дүшпанды  кері  қуған,  Ресей  мен  Қытай  империяларының 

Қазақстанға  сүғына  кіруіне  барынша  қарсыласқан  жылдар.  Батырдың  батырлығы  жаулаумен  емес,  елін, 

жерін  дүшпаннан  қорғаумен,  азатгық  үшін  күресумен  паш  етілсе  керек.  Әрине,  Жоңғар  мемлекеті 

жойылғаннан  кейін  негізгі  дені  ердің  жасы  елуге  енді  шыққан  үлы  батырлар  қарақан  басының  қамын 

күйттеумен шектелмегені  сөзсіз.  Ортасының сөз үстаған көшбасшысына,  Қытаймен, Ресеймен келіссөздер 

жүргізген мэмілегерлерге айналғандары бар.

Батырдың әскербасы,  қолбасшы,  мемлекет қайраткері  мәртебесіне  көтерілгенін де  тиянақтайтын 

өлшемдерді  ғылыми  жүйелеудің 

уақыты  келді.  Мүнсыз  тарихтағы  түлғаның  орнын  анықтай 

алмайтынымыз  өз  алдына,  үлт  тарихын  жаңа  «ақтаңдақтармен»  шүбарлаймыз.  Даланың  ауыз  әдеби 

мүралары  мен  батырлық  жырларында  қай  батыр  қандай  түғырға  лайық  екені  анық  сипатталған. 

Мәселен,  жыраулардың  мүрасында  жекелеген  шайқастардың  ғана  емес,  қазақ-жоңғар  соғысының 

барысын  өзгертіп,  нэтижесін  анықтауға  үлес  қосқан  қолбасшылар  ретінде  Қаракерей  Қабанбай, 

Шақшақүлы Жәнібек,  Тама Есет,  Табын Бөкенбай,  Кете  Арал  есімдері  айтылады.  Бүлар қазақ-жоңғар 

соғысы  кезеңінде  батырлықтың  бар  сатысынан  өтіп,  кейін де  мемлекет қайраткері ретінде  көзге түсті. 

Олар, сонымен қатар,  Әбілқайыр жэне Абылайдай каьарлы  билеушілердің ақылмандары,  стратегиялық 

шешімге  ықпал  етушілері,  сүхбаттастары  болды.  Әлемдік  соғыс  тэжірибесі  көрсеткендей,  кемел 

қолбасшысыз,  эскербасысыз  кез  келген  шайқаста  орынды-орынсыз  адам  шығынына  жол  беріледі. 

Оның үстіне батырдың батырлығы да бір-ақ оқтық арандаумен тынатыны бар.  Бүл -  бір.

Екіншіден,  кезінде  С.Қондыбай  дөп  басып  айтқандай,  Райымбек,  Жанқожа,  Бөкенбай,  т.б. 

батырлардың  бэрі  де  ата-баба  дәстүрімен  батыр  болған  түқымдар.  Қазақта  оларды  «Шынжырлы 

түқым» дейді  [4].

Үшіншіден,  нақты  ахуалға  қарай  үлы  батырдың  өкілеттігі  мен  атақ-  даңқы  хандікінен  де  биік 

түруы  немесе  ханның  атағын  билеушілік  қабілет-қарымынан  гөрі  үрыс  даласындағы  қолбасшылық 

таланты шығаратыны Отан тарихынан белгілі.



Жэне  бір пайымымызды айта кетейік.  Жоңғармен соғыста қазақтың үштен екісі қырылды,  көрші 

елдерге  босып  кетті.  ¥ры с  даласында  өшпес  ерлік  көрсеткендер  мың-мыңдап  саналады.  Дей 

түрғанмсн.  халық зердесінде  есімі  мен  ерлігі,  ғибраты  мен түлғасы  сақталып қалғандары,  ғасырларды 

аттап,  бүгінге жеткендері жойдасыз көп емес.  Тіпті  Бүкар жырларында жиырма шақты  батырдың ғана 

аты  аталатыны  біраз  нәрсені  аңғартса  керек.  Халық  қашанда  эділ  ғой.  Оның  зердесінде  кездейсоқ 

есімдерге  орын  жоқ.  Ол  үздіктің  үздігін,  кемелдің  кемелін,  Шэкэрім  қажының  тілімен  айтсақ,  «ең 

жақсы  адамды»  үрпақтан үрпаққа насихаттаудан таймаған.  Тіпті  батырлар институтының генетикалық 

жэне идеялық жалғастығын биік бағалайтыны бар.

Әрине,  бүдан  батырлық түқым  қуалаумен беріледі  деген үзілді-кесілді  методологиялық үстаным 

түю  қажет бола қоймас,  дегенмен қоғамдық  санадағы  батырлар  институтына қүрмет күмәнсіз  көрініп 

түр.  Осы  орайда  батырлық  пен  батырлар  институты  қоғамдық  қатынастардың,  салт-дәстүр  мен  әдет- 

ғүрыптың  түтас  жүйесін  қалыптастыруға  экелгенін  ғылыми  дәйектеудің  маңызы  зор  екенін  айта 

кеткеніміз орынды.

Батырлар  жэне  олардың  атқарған  қызметі,  тарихи  ролі  мен  алар  орнын  жэне  дәстүрлі  қазақ 

қоғамының  интеллектуалдық  қарымын  жаңаша  сараптайтын  күн  келді  деп  толықтай  айтуымызға 

болады.  Батырлар институты мәселесін арнайы үстаным ретінде зерттеуге бірнеше негіз бар.

Біріншіден,  батырлар институты тарихи үзақ уақытты қамтиды.

Екіншіден,  батырлар қоғамда маңызды саяси, әлеуметтік, экономикалық рөл атқарды.

Үшіншіден,  батырлар қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен сақталуына қызмет етті.

Тарихшы-ғалым  Е.Б.  Бекмахановтың  пікірінше,  батырлар  институты  өзінің  дамуында 

өзгерістерге  үшырап  отырды.  Ерте  орта  ғасырлардағы, 

кейінгі  орта  ғасырлардағы  батырлардың 

қоғамдағы  алатын  орнында  айырмашылық  бар,  эволюциялық  дамуды  аңғаруға  болады.  Ерте  орта 

ғасырларда  көбінесе  ертегі  мен  жырлардағы  аңыздық  батырларды  көрсек,  кейінгі  орта  ғасырларда, 

жаңа  заман  тарихы  түсында,  әсіресе,  XVIII  ғасырда  біз  нақты  тарихи  түлғаларды  көріп,  олардың 

тарихи  істеріне  куэ  боламыз.  Батырлар  институты  әсіресе,  күрделі  XVIII  ғасырда  қазақ  дәстүрлі 

қоғамында аса маңызды қызмет атқара бастайды.  Елдің егемендігің, ел түтастығын сақтап қалу мүддесі 

батырларды бір мақсатқа жүмылдырып отырды.

Бүрынғы кеңестік заманда осындай тақырыптарды  зерттеуге жеткілікті  мэн берілмегендігін айта 

келе,  Елбасымыздың  «Өткенімізге,  бүгініміз  бен  болашағымызға  жалтақсыз  жанар  тіктейтін  мезгіл 

жетті» - деген пікірінің дүрыстығына көз жеткізгендейміз  [5].

Батырлар  институтының  бастау  көзі,  қалыптасу  кезеңдерінің  тарихи  дамуы  батырлар  жырынан 

анық  көрінеді.  Олардың ежелден  бастап  қазіргі  қазақ  даласында  үлкен роль  атқарғандығына  көптеген 

деректер  дәлел  бола  алады.  Қай  заманда  болса  да,  сыртқы  жаулардан  қорғану,  елдің  ішкі  бірлігін 

сақтау  сияқты  күрделі  мәселелерде  батырлардың  рөлі  жоғары  болды.  Батыр  атағын  ақсүйек  жэне 

қарасүйек өкілдері де  қоғамдық дәрежесіне қарамастан бірдей иелене алатын, эрі батырлар XVII-XVIII 

ғасырлардағы сыртқы фактордың күштілігінен қоғамдық қатынастарда басымдылыққа ие болды.

XVIII  ғасырдың  І-ші  жартысындағы  аласапыран  кезеңде  еліміздің  тәуелсіздігі  жолындағы 

күресінде  көптеген  батырлар  тарихта  өз  іздерін  қалдырды.  Олардың  қатарында  өмірі  мен  жасаған 

істері  толықтай  зерттелініп,  үрпаққа  мэлім  болғандары  да,  керісінше  еліне  жасаған  қызметтері  жан- 

жақты  зерттеу таразысынан  өтпей,  элі  де  белгісіз  есімдер  қатарында  қалып қойып жатқандары  да  бар. 

Осы  сөздеріміз  қазақ тарихындағы  ғылыми әдебиеттерде  айтылмай  келе  жатқан Алыбай,  Арыстанбай 

секілді батырларға да қатысты болып табылады.

Кете  Алыбай  батырдың  есімі  Кіші  жүз  қазақтарына  жақсы  таныс.  Батыр  туралы  эңгіме  атадан 

балаға жалғасып,  бүгінгі күнге жетті.  Жалпы, Алыбай кім еді? Оның сол замандағы саяси оқиғалардағы 

орны  қандай?  Ол  туралы  қандай  деректер  бар?  Оны  білу  үшін  алдымен  ол  өмір  сүрген  қатал  жэне 

күрделі кезеңге сипаттама беріп кеткен жөн болады.

ХҮІІІ  ғ.  бірінші  жартысында  Қазақстанның  геосаяси  жағдайы  күрделі  болғаны  белгілі.  Әйгілі 

орыс  зерттеушісі  А.И.  Добромыслов  былай  деп  жазды  «ХҮІІІ  ғасырдың  алғашқы  ширегінің  аяғына 

қарай  солтүстіктегі  сібір  казактары  мен  башқүрттардың,  батыстан  еділ  қалмақтарының,  шығыстағы 

жоңғар  билеушісі  Галдан  Цереннің  үздіксіз  жорықтарынан  эрі  өз  ішіндегі  талас-тартыстардан  азап 

шеккен қазақ халқы батыс жэне оңтүстік бағытқа қарай жылжып, жаңа жайлымдарды иеленді»  [6].

Әбілқайыр  ханның  қолбасшылығымен  Бүланты  жэне  Аңырақай  шайқастарында  жоңғарлардың 

тегеурінді  жойқын  шапқыншылықтарына  тойтарыс  берілгенмен  жалпы  сыртқы  саяси  жағдай  күрделі 

болып қала  берді.  Әсіресе,  батыс жэне  солтүстік батыс  бағытта  башқүрттар жэне  Еділ  қалмақтарымен 

күрес  өрши түсті.  Бүл  күресте  белгілі  зерттеуші  И.В.Ерофееваның  атап  көрсетуінше  Әбілхайыр  хан 

ерекше  үйымдастырушылық  жэне  қолбасшылық  дарындылығын  көрсетті.  Осындай  күрделе  кезеңде 

қазақ  еліндегі  саяси  оқиғаларға  белсене  қатысқан  беделді  батыр  Алыбай  Қосакөзүлы  да  Москва 

қаласындағы  Ресейдің  сыртқы  істер  мүрағатында,  Орынбор  мүрағатының  қоймаларында  тізбелеген 

қүжатттардан  табылды.  Оның  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайыр,  Нүралының  жанынан  табылуы  кездейсоқ 

емес еді жэне көп нәрсеге жауап бергендей.


Әбілқайыр  әуелде  өзін  хан  көтерген  Кіші  жүз  ішіндегі  бірлікті  сақтай  алды.  Іргелі  рулар 

басшыларының  ханнан  тізгін  үзіп  кеткен  кезі  болған  жоқ.  Әбілқайыр  оларға  арқа  сүйеді.  Кейін  ол 

рулар  Нүралы ханға да тірек  болды.  Баьадүр ханның  түсында кете  руы  кемеріне толып,  төрден орын 

ала бастаған.  Алтай, Арал, Алыбай жэне Жүлдыз батырлар орданың іргесін бекіте түсті.  Алпыс екі үйлі 

Алыбай ауылы  деп аталатын аталықтың көсемі -  Алыбай  Қосакөзүлы  ата шежіре  бойынша  1700-1710 

жылдары  дүниеге  келген  деп  есептейді.  Үш  жүздің  басы  қосылып,  қазақтардың  бас  қолбасшысы 

Әбілқайыр  хан  қалмақтарға  қарсы  соғысқа  қол  жинағанда,  Алтай  батыр  Ебескіүлымен  бірге  Алыбай 

батыр да бір мың бес жүз жауынгермен барып қосылады  [7].

Ақ  Кете  Алтай  батыр  жауға  шапқанда  Алыбай  батырды  жанына  алады  екен.  Мүның  өзі 

Алыбайды  қолтығыма  алып,  қамқор  болайын  дегендік  емес.  Керісінше,  бір  жақ  қапталымда  сенімді 

қорған, қару батпайтын қалқаным болсын дегеннен туған. Ал, Алтай сияқты батырға қарсы үмтылатын 

жау да тегін болмасы белгілі. Демек, қалмақтардың қалың қолынан сайдың тасындай іріктеліп алынып, 

Алтай  батырға  атойлап  тиіскен  қалмақ  әскері  оған  жеткенше  айналасын  тазартып  алмайды  ма?  Жас 

өрен  Алыбай  сондай  сәттерде  қүдіретіне  мініп,  айбарланып,  тура  келген  жауға  тайсалмай  қарсы 

шабады екен.

Мүнымен  қоса,  жауға  шапқанда  жапырып  өтетін  Алтай  батырды  жау  оғынан  қорғап,  талай 

шайқаста қалқан болған [8].

Алтай  -   Кетенің  ту  үстар  батыры.  Ол  туралы  аңыз-әңгімелер  көп.  Сол  түстағы  деректерге 

сүйенсек, Кете руы екі мың қол шығара алатын болған.  Бэзбір деректерде Алтайдың кей түста Кіші жүз 

қолына  басшылық  еткені  айтылады.  Орынбор  мүрағатындағы  деректерге  арқа  сүйесек,  алғаш  рет 

Алтай  батыр  есімі  1736  жылы  кіші  жүз  ханы  Әбілқайыр  келген  Орынбор  экспедициясының  бүрынғы 

суретшісі ағылшын Джон Кэстль жазбасында аталады.  Жазбаға сенсек, Әбілқайыр  хан тапсырмасымен 

Алтай  батыр  бір  топ  би,  батырлармен  бірге  Орынборға  аттанған  елшілер  қүрамына  енгізілген.  Міне, 

бүл  арада  белгілі  жазбаға  алғысөз  жазған  тарихшы  К.Есмағамбетов: 

«Бүлардың  ішінде  Бәйбекті 

қоспағанда,  тарихи  қүжаттарда  Алтай  батырдың  есімі  жиірек  кездеседі.  Ол  -   Кіші  жүздің  Ақкете 

руының  биі  (XVII  ғ.)  1742  жылы  қазақ  жэне  қалмақ  арасында  бір  үрпаққа  дейін,  яғни,  сол  кездегі 

«еңбектеген  баланың еңкейген кэрі  болуына дейін»  соғыс  ашпау туралы  бітім жасауға қатысады»  деп 

анықтаған-ды.  Бүл  1742  жылғы  көктемде  жүзеге  асқан  келіссөзге  Кіші  жэне  Орта  жүздердің  беделді 

түлғаларын Әбілмәмбет хан,  Барақ сүлтан,  Есет Көкіүлы,  Жәнібек Қошқарүлы,  Алтай  батыр қатысқан. 

Қазақ үшін осындай шешуші кезеңдерде зерттеуші  Ә.Қ.Мүқтардың пікірінше Алтай мен бірге Алыбай 

да  осы  келіссөзге  қатысты  деп  атап  көрсетеді  [9].  Көп  үзамай  сол  жылдың  тамызының 

23,  26 

жүлдыздарында  Әбілқайыр  ханның  бастауымен  саны жөнінен  үшінші  Кіші  жэне  Орта жүздің  билері 

мен  батырларының  Ресейдің  қоластына  өтуі  туралы  келісім  шартқа  отырды.  Кіші  жүзден  34,  Орта 

жүзден  94  өкіл  қатысқан  бүл  жиынға  ханның  сенімді  серігі  Алыбай  батыр  да  қатысып,  өз  руының 

тамғасының белгісін қойыпты [10].

Москва  қаласындағы 

Ресейдің  сыртқы  саясаты  мүрағаты  қойнауында  сақталған  сол 

XVIII  ғасырда  қүжатты  қаттағандар 

«Алыбай  жасауыл»  деп  хатқа  түсіріп  отырған.  Ресей 

мүрағатындағы  деректерде  Алыбайға  тіркелген  орыс  тілінде  «Есаул»-  жасауыл  сөзі  түрік  тілінен 

шыққан  «басшы»  [11]  мағынасын  білдіреді.  Сондай-ақ  алғашында  әскери  қолбасшының  көмекшісі, 

орынбасары  дегенді  де  білдірген.  Орыс  казак  әскерлерінде  «есаул»  атағы  атаманнан  кейінгі  екінші 

орында түрды.  ¥ л ы  жиьангср Шынғыс ханның баласы Шағатай «еке жасаул» деп аталған.  «Еке»  деген 

сөз  ескі  моңғолшадан  аударғанда  «үлы»  дегенді  білдірсе  керек,  айтарлық  «еке  моңғол  үлыс»  үлы 

моңғол  мемлекеті  деп  аударылады  [12[.  Сонда  Шағатай  «¥лы   жасаул»  деген  атаққа  ие  болған  екен. 

Демек,  Шыңғыс  ханның  үрпақтары  Әбілқайыр  хан  өмір  сүрген  дэурде  Алыбайдың  жасаул  атағына 

жетуі  жэне  ханның  сеніміне  ие  болуы  онын  ер  жүректілігі  мен  әскери  қабылетін,  қайсарлығын, 

намысқойлығы  мен  мэрттігін,  қайраты  мен  ақылы  үлт  мүдесіне  бағышталғандығын  дәлелдейді. 

Әбілғазының  «Түрік  шежіресіндегі»196-бетте  жасауыл  -   монгол  әскер  тэртібін  бақылаушы,  соғыста 

түскен олжаны есепке алып,  бөлуші адам деген анықтама берілген.

1748 

жылғы  1  тамызда  қарақалпақтардың  Әбілқайырға  жақынырақ  көшіп келіп  қонған жерінде, 



¥лқияқ жэне  Торғай  өзендерінің  арасында  болған  қақтығыс  кезінде  бағынуды  білмейтін хан өлтірілді. 

В.Н.Витевскийдің  «егер  1748  жылы  өзара  араздық  кезінде  оны  Барақ  сүлтан  өлтіріп,  Әбілқайырдың  бүдан 

кейінгі ойларын тоқтатып тастамаса, Орынбор губернаторы Неплюевтің Әбілқайыр ханмен элі де үзақ уақыт 

бойы күресуіне тура келетін еді» деген пайымдауыньщ негізінде қазақ халқының қүлдыққа түсуі мен қүрып 

кетуінің  нақіы  қатері  әкеп  тіреген  аса  қиын  сырщы  саяси  жағдай  салдарынан  Ресей  қамқоршылығьш 

қабылдаута мэжбүр болған ханды көреген саясатшы ретінде сипатгайтын шындық жатьф.  Солай бола түрса 

да, хан Кіші жүздің бүрынғы тэуелсіздігін қалпына келтіруден үмітін үзбеді, сондықтан да ру ақсүйектері мен 

халық оны тек қана  «барлық қазақ хандарының атасы, көптеген қазақтар әулие санап қадірлейтін адам деп» 

атады  [13].  Осындай жағдайда  басты  мақсат ішкі  бірлікті  сақтап,  ел  билеген  сүлтан,  би,  батырлардың 

келісімімен  жаңа  хан  сайлау  болатын.  Хандықты  билеуге  басым  көпшілікпен  Әбілқайырдың  үлкен 

үлы -  Нүралы сүлтан сайланды.


Осындай  жағдайда,  кезінде  Әбілқайырды  түрақты  қолдаған  Әлімүлдары  белсенділік  танытты. 

Мэселен,  1748 жылғы 5  қазандағы Ресейдің Елизавета патшайымына жолдаған хатында Нүралыға Орта 

жүз -  арғын-шақшақ Жэнібек тархан,  Керей, Наурыз,  шақшақ Қойсары билермен бірге Әлімүлдарынан 

-   Шөмекей,  Қаракесек,  Шекті,  Төртқара,  Кете  руларының  беделді  түлғалары  қатысты.  Соның  ішінде 

кете  руынан  Алтай  би,  Жүлдыз  батыр  т.б.  көзге  түседі.  Көп  үзамай  Нүралы  өткізген  Кеңестерде 

Жэнібек, Есет тархандар, Кете Алтай би Әбілқайыр үлдарына тағы да қолдау көрсетті.  1748-1749 жылы 

қыста  Жем,  Қаракөл  аралығын  қыстаған  Әжібай,  Арал,  Алыбай,  Есет  тархан  елінің  малын  Бүхар 

беттегі  қыстық  азықтың  жоқтығына  байланысты  Орынбор  әкімшілігінен  Жайықтың  Самар  бетіне 

жіберуін өтінді.  Ал келісім жүзеге  аспаған түста қаңтар  айы  аяғында қазақтар малдарын күшпен Еділ- 

Жайық аралығына өткізді  [14].

Әбілқайырдың  қаза  тапқанына  бір  жыл  өтуіне  орай,  Нүралы  хан  1749  жылдың 3  тамызында  ас 

беріп, үлкен Кеңес  өткізеді.  Оны көзімен көріп, жазбаға түсірген капитан Андрей Яковлев  «Әбілқайыр 

асына  200-дей  белгілі  билер,  атақты  старшындар,  тархандар  қатысты»  -  деп  корсете  келе,  олардың 

тізімін қағазға түсіреді жэне жиының барысын баяндайды.

Таң атқасын дәстүр бойынша эр елден келген балуандар күш сынасып, ат жарысын т.б.  өткізген.  Түскі 

астан кейін кеңеске келген елдің игі-жақсылары жазық далаға шығьш, біріншіден, Әбілқайыр ханды өлтірген 

Барақ  сүлтаннан  кек  алу  үшін  әскер  жинап,  Нүралы  хан  басшылығымен  атгану,  екіншіден,  Жоңғар 

қонтайшысьша Әбілқайьфдьщ қалмақ әйелінен тутан қызьш, яғни, Нүралыньщ қарындасын беру, үшіншіден, 

қазақ-орыс  арасындағы  түщындарды  алмастыруды  іс  жүзіне  асыруды  ортаға  салды.  Мүндай  маңызды 

мәселелерге Байүлдарынан -  алаша, ысық, адай, Әлімүлдарынан -  шекіі, төртқара, қарасақал, шөмекей, кете 

рулары,  Жетірудан  -   тама,  табын  руларының  өкілдері,  Орта  жүзден  -   Жәнібек  тархан  бастаған  18  адам 

қатысты.  А.  Яковлев жасаған тізімнен Кете руынан Алтай би, Алыбай жасауыл, Арал  мырза,  Жорас  батыр, 

Тоңқашы  би,  Ризап  би,  Сарт мырзаны,  адай руынан Мырзатайды,  Тама руынан  белгілі  Есет тарханды,  т.б. 

кездесгіруге болады [15].

1749 

жылғы  17  тамызда  тіркелген  хатында  А.Яковлев:  «...жиналған  қазақтар  қазақ-жоңғар 



қарым-қатынасын  реттеп,  олардың  қолындағы  түтқындарды  қайтаруды,  ол  үшін  Қарабас  сүлтан  мен 

бірнеше  белгілі  старшындарды  елші  ретінде  жіберуді  жэне  Жоңғар  қонтайшысынан  Барақ  сүлтанды 

қолға түсіруге көмектесуін өтінді» - деп баяндайды.

Алыбай батыр Нүралы ханның  1749 жылғы өз жанындағы сенімді азаматтар тізімінен де көрінді. 

Мэселен,  осы  жылғы  Орынборда  өткен  қазақ-орыс  кездесуінде  Кіші  жэне  Орта  жүзден  өз  жанына 

ерген  72  адамды  жазып  көрсеткен.  Есет,  Жәнібек  тархандар,  шақшақ  Бөкенбай,  жағалбайлы  Серке 

батырлар  қатарында Ақкете Алтай  батыр,  Бостыбай би,  Алыбай жасауыл,  Әжібай  баласы  Әкім  батыр, 

Ожырай кете Текелі батыр, кете Досқали батырлар аталады  [16].

Әбілқайырдың  үстанған  бағыттарын  әлсірету  жөнінде  Орынбор  губернаторы  И.И.Неплюев 

жасаған алғашқы қадам қарақалпақтар,  қалмақтар мен башқүрттарды Кіші жүз  қазақтарына айдап салу 

болды.  Ол  өз  жазбасында  башқүрттарға  қазақтарды  шабуға  қүпия  нүсқау  бергенін  ашық  жазған. 

Нүралы ханның өзі осындай талас-тартыс кезеңінде Кете, Шөмекей, Жағалбайлы рулары қазақтарының 

қаза  тапқандығын  Орынборға  хабарлады.  Елдегі  шиеленісті  тоқтатып,  бауыр  халықтардың 

арақатынасын  реттеу  үшін  Ерәлі  сүлтан  хан  тапсырмасына  байланысты  қазақ  руларының  беделді 

түлғаларына  хабар  салды.  Содан,  1757  жылғы  26  шілдеде  Ақкете  руынан  Әжібай  би  ауылынан  14 

башқүрт Орынборға қайтарылды.  Оны Ақкете Алыбай,  Ертай,  Шалдық,  Ожырай Кете Арсыланбек т.б. 

үйымдастырды.  Кейін  Орынборда  жүргізілген  тергеуде  Ноғай  жолы  Үсерген  болысының  Муталипов 

ауылының  башқүрты  Елдаш  Әбдрахманов  берген  жауабында  «мен  Кувате  старшынның  бастауымен 

қазақ  ордасында  Ақкете  руындағы  Алыбайда  түрақтадым,  кейін  оның  рүхсат  етуімен  Орынборға 

жіберілдім.  Бүгінде  оның  қолында  қызым  қалды.  Ал  әйелім 

1755  жылы  елге  келді»  -  деп

хабарлады [17].

Белгілі  өлкетанушы  Ғ.Төреханов  жэне 

Б.Бабажанүлының  ел  аузынан  жинаған  деректері 

бойынша  Алыбай  батыр  Жетісу  жерінде  жау  қолынан  қаза  тапқан.  «Үйде  туып,  түзде  өлген,  жігітте 

арман  бар  ма  екен?»  деген  бабалар  сөзін  серт  түтқан  батырдың  ақтық  демі  Алатаудың  баурайында 

үзіліп,  сонда жерленген көрінеді.  Бүл -  оның бір рудың ғана емес,  күллі қазаққа ортақ түлға болғанын 

дәлелдейтін айғақ.

Міне, осындай кезенде батырлар дәстүрлі қазақ қоғамыньщ  қауіпсіздігін  қамтамасыз еіуге, негізінен 

сырщы факторлардың әсерімен  шындала түсті.  Жырларға, эн мен күйге, аңыз-ертегіге арқау болған шығыс 

өнері  мен  әскери  амал-айланы  биік  сатыға  көтеруші  мемлекепің  интеллекіуалдық  қарымын  арпырды. 

Алыбай Қосакөзүлы сол қарама-қайшылығы мол жэне күрделі уақытга ел алдына шығьш, халық алдындағы 

абырой-беделімен көпшілік қүрмеііне бөленді.  Кіпгі жүздің ханы  Әбілхайыр, Нүралы т.б сүлтандармен,  өзге 

де би,  батьфлармен XVIII ғасырдағы Орталық Азия кещстігіндегі маңызды саяси оқиғаларға қагысып, қазақ 

өмірінің маңызды мәселелері -  қазақ-орыс, қазақ-қалмақ, қазақ-башқүрт қарым-қагынастарын ретгеуде көзге 

түсіп,  Ресей  мүрағатгарында  хатгалуы  оның  өз  заманында  елі  таныған  үлтжанды  азамат  деңгейіне 

көтерілгендігін,  осы  аса  зор  күрделі  істерге  тікелей  арласып,  өз  үлесін қосқан тарихи түлға ретінде  көріп

О Т Ь ф М Ы З .



Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ғана  ғылыми  айналымға  түскен  қүжаттар  мен  тарихшылардың 

еңбектері  Алтай,  Алыбай  жэне  Арыстанбай  секілді  түлғаларымыздың  жэне  олардың  үрпақтарының 

дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  батырлар  институтына  қосқан  үлесінің  орасан  мол  екендігін  дәлелдейді. 

Аталған  батырлардың  өмірі  мен  қызметіне  қатысты  арнайы  ғылыми  зерттеулер  мен  еңбектердің  осы 

деңгейде тоқтап қалмай, өз жалғасын табатындығына кэміл сенеміз.

Алыбай  батырдың  үрпақтарының  арасынан  би  де,  батыр  да,  мемлекет  қайраткері  де  шықты. 

Алыбай  батырдың  шөбересі  Елшібек  1783-1797  жж.  Сырым  Датүлы  бастаған үлт-азаттық  қозғалысқа 

белсенді  қатысқан  батыр  екені  мүрағат  деректерінде  сақталған.  Елшібектің  немересі  Сағындық  би 

ерлік  дәстүрді  XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  патшаның  қазақтан  эскер  жинауына  қарсы  шықан  түлға 

ретінде  өз  сөздерімен  жэне  іс-эрекеттерімен  жалғастыра  түсті.  Халықтың  жігерін  жанып,  елді 

көтеріліске  шақырды  [18].  1916  жылғы  үлт-азаттық  көтерілісте  Сағыздың  Аққүмы  бойындағы 

көтерісшілерге  қолбасшылық  жасаған  Сағындықтың  үлкен  үлы  Тауасар  түрды.  Көтеріліске  бидің 

екінші үлы Наурызбай да қатысқан.

Осындай билер мен батырлардың үрпағы -  Елеусін Сағындықов  мемлекет қайраткері дәрежесіне 

көтеріліп,  Ақтөбе  облысының  экімі  қызметін  абройымен  атқарып,  қазір  ҚР-сы  Парламентінің  сенат 

депутаты.  Ақтөбе  облысында  өнеркәсіп  қуатының  күн  өткен  сайын  қарыштап  дамып,  қазынасы 

кемелдене  түскенін  айтпағанның  өзінде,  өңірде  Елеусін  Сағындықовтың  мүрындық  болуымен  қазақ 

тарихында түнғыш рет осыған дейін  фольклорлық кейіпкер  саналып келген Қобыланды  батыр тарихи 

түлға  ретінде  ортамызға  оралды.  Алтын  Орда  дэуірінде  салынған  Абат-Байтақ  кесенесі  қалпына 

келтірілді т.б.  бірнеше ондаған тарихи, әлеуметтік-мәдени нысандар жаңғыртылып немесе жаңадан бой 



көтеріп жатыр.

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1.  Қазацстан тарихы.  Бес томдъщ.  3- том.-Алматы: Атамүра,  2010.202-203 б.б.

2.  ТынъштаевМ. Великие бедствия...  (Актабан-Шубырынды). Алма-Ата: Жалын.,  1992. 90-91-6.

3.  Есмагамбетов. К  «Батырлартарихы-рухани байлыгымыз».//Қазақтарихы, 2007. №4. 65-6.

4.  Қондыбай С. Жауынгерлікpyx кітабы. Алматы:  «Нүрльі элем».  2006.  127-бет.

5.  Назарбаев Н. А.  Тарих толцынында. Алматы: Атамүра,  1999.  73-6.

6.  Добросмыслов А.И.  Тургайская область. Исторический очерк. Ацтобе.,  2010.  14-15-6.

7.  Төреханов Ғ., Бабажанұлы Б.  Атадан -  ұлагат, Үрпаща -  мұрагат./A -Полиграфия, Ацтобе, 

2009ж..- 49,145 б.б.  (300 б).

8.  Утепов Е., Досниязов Б., Дусупов Т.  Кіші жүздің шежіресі. Алматы,  2005ж.  113-6.

9.  Мүцтар Ә.Қ.  «Жасауыл Алыбай (Алыбай Қосакозұлы туралы 

айгацтар)».  Егемен 

Қазацстан.  2010.  25 цырцкүйек.

10. АВПРИ,  «Киргиз-кайсацше дела»,  ф.122,  on.  1,  год 1742,  д.  4, л.  164-167.

11. Новый  энциклопедический словарь. Научное изд.  «Большаяроссийская энциклопедия». 

Москва,  2000.  3756.  -(1465с.).

12.  Султанов Т.Н.. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана Алматы, Дайк пресс, 2001-16 б.

13. Левшин А.И.  Описание киргиз-казачъих,  или киргиз-кайсацких,  орд и степей. Изд.  2-е.А.,  1996, 

206-207 6.6.  (228с.)

14.  Есцалиев С. А..  Батырлардыңқазаңқогамыныңруханиқуатынкотерудегіорны. //Материалы П  

Международной научной конференции  «Кадырбаевские чтения -2010». Ацтобе. 2010. 206-207 б.

15. АВПРИ,  ф.  122,  on.  122/1,  1749,  д.  4.

16.  ОрОММ,  ф.  3,  on.  1.  д.  22.

17. АВПРИ,  Ф.  122/1.  1757г. Д.  4.

Ескалиев С.А. Билер мен батырлар -  цазац елінің ацылмандары жэне цорганы. / /  «Батырлар 

институты:  цалыптасуы,  тарихы,  маңызы» аттьіреспубликалъщ гылыми-тәжірибелік 

конференцияньщ материалдары.  Орал.  2011.-63 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет