2 Сәулет-құрылыс бөлімі
2.1 Құрылыс ауданының сипаттамалары
Аталмыш дипломдық жобаның тақырыбы: «Шымкент қаласындағы 9 қабатты тұрғын үй».
Құрылыстың салынатын ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы.
ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 «Құрылыс климатологиясы» бойынша:
климатолгиялық аудан бойынша – IVГ.
ең суық тәулік бойынша орташа ауа температурасы – 170 С;
ең суық бес күн бойынша температурасы – 170С;
климатологиялық аудан – біркелкі континентті. Жаз мезгілі – ыстық, әрі құрғақ. Қыс мезгілі – жылы әрі жауын-шашынның мөлшері салыстырмалы түрде аз;
ҚР ҚНжЕ 2.01.07-85 «Жүктемелер мен әсерлер» бойынша:
қардың мөлшерлік салмағы – 500 Н/м2 (II аудан үшін);
желдің мөлшерлік әсері – 380 Н/м2 (II аудан үшін).
салынатын құрылыс алаңының сейсмикалық ауданы ҚР ҚМжЕ 2.03.30-2006 «Сейсмикалық аумақтағы құрылыс» құжатына сәйкесінше көрсеткіші - 7 балл.
топырақтың мөлшерлік қату тереңдігі – 0,45 м.
Ғимарат орнығатын негіз көрсеткіштері:
жоғарғы қабат бойынша: саздақтан үйілген топырақ, құрамында 1 метр тереңдікке дейін орналасқан тығыздығы біркелкі таралмаған ұсақ жұмыр тастардан және қиыршық тастардан құралған.
төменгі қабат бойынша: қалыңдығы 4,6 м құмайт топырақ, ал оның көрсеткіштері келесідей:
l1=17,0 кН/м; φII=21; С= 4кПа; Е=3,6мПа.
Топырақтың шөгуінің шарты бойынша – екінші топқа жатады.
Жердің астындағы сулары 5,5 м тереңдікте жатыр.
Ғимараттың конструктивтік схемасы: темірбетон қаңқалармен қамтамасыз етілген және кірпіштен салынған ғимарат.
Су-құбыр, кәріз (канализация) жүйелері – қаладағы қолданылудағы сумен қамтамасыз ету жүйесі мен қалалық кәріз жүйесі. Электр көзімен қамтамасыздандыру орталық қалалық жүйелерден тартылған.
Достарыңызбен бөлісу: |