«Дос болайық бәріміз»



Дата07.01.2022
өлшемі16,67 Kb.
#20428
Байланысты:
Дос болайық бәріміз


« Дос болайық бәріміз»
Мақсаты: Балаларға достық туралы түсініктерін жетілдіру және басқа ұлттармен қарым-қатынасты нығайту. Сыйластық, ынтымақтастық туралы түсінік беру. Тақпақ, өлең арқылы, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, достыққа, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер! 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Дос болайық бәріміз» атты ертеңгілік өткізіліп жатыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.

«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз.

Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Олай болса мерекемізді ән ұранымызбен бастайық.

Ән ұран.

Жүргізуші: Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Достық. Бірлік. Ынтымақтастық мерекесі.

Жүргізуші Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Ал біздің ел ордамыз қалай аталады?

Балалар: Нұрсұлтан

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар сендер білесіңдер ме, біздің елімізде өзге ұлт өкілдері де тұрады. Олар орыс, татар, өзбек, кәріс, испан,үнді. Балалар біздің топтада өзге ұлт бала бар. Ол кім?

Балалар: жоқ

Жүргізуші: Ендеше балалар осы мерекеге арналған тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

Жания:Берік болсын бірлігім Нуриман:Бірлік достық айырылмас әніміз

Биік болар жұлдызым Бірге жүріп бірге оны шырқаймыз

Бақытты боп ұл-қызым өзбек орыс түрік бол

Күлімдесін нұр-жүзім дос болудан кашпаймыз

Айым: Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата-бабадан

Бірлік асыл мұрамыз

Жүргізуші: Бүгін қызық бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып, би бидедік

Жалғастырсын ойды- ой. – деп ендігі кезегімізді әнге берейік

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Ал енді балалар «Қай ұлттын киімі» ойынын ойнайық

Жүргізуші: Бәрекелді балалар, ендігі кезегімізді тақпактарға кезек берейік:

Санжар :Мамырдың бірі достық күні

Ән салып билеген халықтың үні

Тұтасып тойлаған ұлттар

Керемет мереке мамырдың бірі

Диана: Сары ақпыз қарамыз

Бәрімізді баламыз

Бір отанда тұрамыз

Бір бақшаға барамыз

Ғалымжан:Болсын жер мен суда ортақ

Болсын біздің ту да ортақ

Ақпыз қара сарымыз

Ағайынбыз бәріміз

Жүргізуші: Балалар сендер қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

Балалар: Асық ату, орамал тастамақ, арқан тарту,сақина салу, қыз қуу.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар, екі топқа бөлініп арқан тартыспақ ойыннын ойнайық.

Ойын: «Арқан тартыс»

Жүргізуші: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана,

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. –дей отырып бүгінгі мерекемізді «Балдырған » әнімен аяқтаймыз.Ән: «Балдырған»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен «Дос болайық бәріміз» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Тағыда мерекелеріңіз құтты болсын.

«Әмина балабақшасы»



« Дос болайық бәріміз»

Тәрбиешісі: Исимбаева.А.Н

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет