Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ
Педагогика факультетінің
Бастауыш оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі
мамандығының 1 курс студенті
Абитова Сабина Мұзафарқызының
Оқу таныстырылым практикасы
ЕСЕБІ 03.10.2022 – 10.12.2022 ж. уақыт аралығында «Оқу танымдық практика» оқу –таныстыру іс-тәжірибесінен практикадан жақсы өттім деп есептеймін. Қазіргі бастауыш білім беру жүйесінің бағыттарымен толықтай дерлік танысып және практика жүзінде жүргіздік.
Практиканың бастапқы күнінде практикалық жұмысымның жетекшісі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша «Оқу танымдық практика »оқу–таныстыру бағдарламасымен дәлірек таныстырды. Соның арқасыңда оқу-танымдық практикасының мақсаты мен негіздерімен таныстым. Практиканың қалай және қай уақыт аралықтарында болатындығы жайлы ақпарат алдым. Oқy-танымдық практикасының мaқcaты - бұл оқу-тәрбие ғылымы бacтayыш мeктeптeрде үздіксіз білім беру және oқытy әдіcтeмecі мeн пәні бoйыншa тeopиялық білімді, білік пeн дaғдыны бeкітy жәнe тepeңдeтy болып саналатындығы.
1)Бірінші практикамыз №16 мектепке барған болатынбыз. Бізді ол жерде мектеп директорының орынбасары қарсы алды, ол жердің құрылымы мен тарихымен таныстырды. Болашақ педагогтар ға өзінің ақыл-кеңесін айтты. Мектеп кітапханасына бардық, ол жердегі бір қатар ғұламалардың кітаптарымен таныстым. Одан кейін мектеп мұражайына бардық . Ол жерді де ерекше қызығушылықпен қарадым. Себебі бұл менің алғашқы практикам болатын. Сонымен қатар педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім,
Тапсырмалар бізге практикалық теориялық, таным процестерімізді білімімізді практика жүзінде қолдана алдық. Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріменде таныстық. Білім мазмұнының бағыттарын, принциптерін де айтарлықтай талдадым деуге болады.
2)Практика Әл-Фараби атындағы №102 мектеп гимназиясында жүргізілді. Гимназияға алғаш келгенде бізді мектеп директорының орынбасары Р.А.Ерингаиповно қарсы алды. Ол кісі бізді мектептің блоктарымен таныстырды. Атап айтқанда бізді мектептің құрылымы мен таныстырды. Ең алғаш біз бастауыш блогына бардық. Ол жерде әр сыныптын өзіне сай дәліздерін байқадық. Оқушыларға олардың жастарына ерекше мән берген. Одан кейін біз мектептің кітапханасына бардық , ол жерде мені қатты қызықтырғаны Әл-Фараби атамыздың әр салада қандай үлес қосқаның нақты айтып кеткен. Мектеп мұражайынада шолу жасадық, маған мектептің мәдениеті, көркі қатты ұнады. Болашақ педагогтер мен жас мамандар арасындағы сабақтастықты арттыра отырып, жаңартылған оқу бағдарламасын меңгеруге ынталандыру. Біз топтарға бөлініп, әр мұғалімнің сабағын бақыладық. Бұл практика барысында түсінгенім болашақта оқушыларға дұрыс білім беру. Өзімізді жан-жақты дамыту.