Жұмыс барысы: Оқушыға жауап парағы және сұрақтар беріледі. Жиырма сұрақтан тұратын а,б нұсқаулары бар сауалнама беріледі оқушы мұқият оқи отырып өз таңдауын жасауы керек. Сауалнамалар белгілі мамандық ісіне қатысты әрекеттерге бағытталған. Оқушы жауап парағына сауалнамалардың нөмірімен нұсқауларының тұсына тек ұнаса 1+, ал айқын ұнаса 2++, өте қатты ұнататын болса 3+++ белгілерін қойылады. Егер де берілген мамандықтар әрекеті ұнамаса 1- , айқын ұнамаса 2- - , тіпті ұнатпаса 3 - - - белгілерін қойюы тиіс. Берілген екі нұсқауғада осындай жауаптар беруі тиіс. Ең басты талап сұрақтардың екі нұсқауына бірдей жауап беруге болмайды.