Қ.Қ. Мəдібай
1
, Е.М. Солтанаева
2
,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
1
ф. ғ. д. профессоры,
2
ф. ғ. к. оқытушысы,
Алматы қ., Қазақстан,
e-mail: kapi-51@mail.ru; esoltanaeava@mail.ru
Қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік арналары
Мақалада қазіргі қазақ поэзиясының ел тарихын жырлау үдерісіндегі эпикалық дәстүр
үлгісін шығармашылықпен дамыту бағыттары өзіндік түр, поэтикалық тың тәсілдер тұрғысында
сараланған. Тәуелсіздік кезең әдебиетінің мейлінше сергек, заманның көкейкесті күйлерін тарихи
сабақтастықта зерделеудің тың көркемдік әдісін ашып отырған поэзиялық туындылары қазақтың
көрнекті ақындары Жарасқан Әбдіраш, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбай, Несіпбек Айтұлы,
Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов т.б. шығармашылығы негізінде көркемдік талқыға түскен.
Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы ұлтазаттық күрес, елдік, ерлік рух, қазақ мемлекеттігінің
қалыптасып, даму тарихындағы тұлға тағылымын жырлау үрдісін жеке шығармашылықтағы
отаншылдық мұраттар, шеберлік тәсілдер, суреткерлік қолтаңба ауқымында зерделей отырып,
мақала авторлары қазіргі қазақ өлеңінің көркемдік поэтикалық әлеуетін аша түседі.
Түйін сөздер:
эпикалық дәстүр, поэма, стиль, тұлға тағылымы, бостандық күрес тарихы, тарихи
жады, елдік рух, көркемдік тәсілдер.
K.K. Madybaeva, E.М. Soltanaeva
The artistic search of modern kazakh poetry
During the years of independence the modern Kazakh poetry enriched with new artistic traditions
and techniques: the issues of national interests, of historical past of the nation became clearly identified.
The article analyzes new trends of modern poetry, new poetic techniques and peculiarities of the poetry
of Zharaskhan Abdrashev, Nurlan Orazalin, Nesipbek Ajtuly, Ulugbek Yesdaulet, Yesengali Raushanov.
The authors analyzed the thematic content, historical foundations, stylistic peculiarities of modern
poetry of independent Kazakhstan.
The process of the revival of epic traditions in Kazakh poetry after years is valued as an artistic
necessity and spirituality of new time.
Key words:
epic traditions, poem, style, personality, artistic means of expression, na
tional spirit,
historical memory, history of national emancipation struggle.
К.К. Мадибаева, Е.М. Солтанаева
Художественные поиски современной казахской поэзии
За годы независимости современная казахская поэзия обогатилась новыми художественными
традициями, приемами: стали четко выявлятся вопросы национальных интересов, исторического
прошлого народа. В статье анализируются новые направления современной поэзии, новые поэти
ческие приемы, особенности поэзии Жараскана Абдрашева, Нурлана Оразалина, Несипбека Айту
лы, Улукбека Есдаулета, Есенгали Раушанова.
Авторами проанализированы тематическое содержание, исторические основы, стилевые осо
бенности современной поэзии независимого Казахстана.
Процесс возрождения эпических традиций в казахской поэзии после долгих лет оценивается в
качестве творческой возможности духовности нового времени.
Ключевые слова:
эпическая традиция, поэма, стиль, личность, художественные средства вы
ражения, народный дух, историческая память, история национальноосвободительной борьбы.
ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. No4-5 (150-151). 2014
47
Қ.Қ. Мəдібай, Е.М. Солтанаева
Қазақстан Республикасының егемендігі жа
-
рия ланған 1991 жылдың 1 желтоқсаны ел тари-
хындағы жаңа дəуірдің есігін ашты.
Ұлттық сөз өнеріміздің байырғы бай маз-
мұны жаңа уақыттың болмыс-бітім, беталыс-
бағдарымен маңыздана түсті,
əр қосып түлеп-
түрленді.
Қилы тарихи себептермен шынайы өнерге
тұсау болған қондырма мазмұн, қолдан жасалған
кейіпкерлер, қолпаштау ұстанымы,
əсірелей
жазу, қисынсыз тартыс құру, тақырыпқа теліну
сынды құбылыстар шығармашылық өрістен
біртіндеп ысырыла бастады.
Адам тұлғасы көркемдік кеңістікке тіршілік
құндағындағы бітім-болмысымен батыл енуге
еркіндік алды. Қаламгерлер шығармашылық
азаттыққа шықты.
Қазақ сөз өнерінің даму тарихындағы тəуел-
сіздік кезең
əдебиеті атты жаңа шығармашылық
уақытта қазақ поэзиясы жаңашылдықпен дəстүр
байытқан, дара поэтикалық туындылармен өріс
кеңітті.
Мəтінді ұлттық тұғырлармен
əсерлеу; ежел
-
гі жыр-толғаулардағы түпнегіз, дəстүрлі поэти
ка-
лық нысандарды жаңа дəуірдің мазмұнына ұтымды
сіңіріп ұқсату; баяндау үрдісіне эпика
лық үлгі мен
лирикалық нақыштар үйлесімінің жатық орнығуы,
т.б. суреткерлік бағыттары жа
ңа көркемдік дəуір
поэзиясына əсер құйды, қуат қосты.
Қазақ поэзиясының алдыңғы буын өкілдері
де, кейінгі толқыны да заманалар ақиқатын,
ұлт тағдырына
құбылыс
(Ж. Бөдеш) болып
енген, ғасырларды көктей өтіп аман жеткен
Бостандықтың бас айналдырар бақытын, ендігі
уақыттың жаңа бағытын, азамат ердің баласы
көтерер замана жүгін өлеңге дарытуға асықты.
Неден де болсын сескенбей, қалпын түзей баста-
ған халқының ежелгі ғұмыр ғұрпын, ұлтжанды
рухын Тəуелсіздік тарихымен тоғыстыра, жары
-
са жырлады.
Ақындар арғы замандарды, аруақты бабалар
тағылымын, бодандықтың азапты сапарларын,
бүгінгі уақыттың болмысын оның
əлі жазылып
бітпеген жүрек жарақаттарымен, жан қуантқан
тарихи
əсерлерімен тұтас сезінді. Қазақ өлеңінің
мейлінше дəстүр байытқан, жаңашыл өрістер
ашқан өнімді кезеңі де осы жылдар болды.
Тəуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы
ұлттық болмыстың түп қайнарларын сезінудегі
көркемдік тапқырлығымен, сыршыл саздары
-
мен, əлеуметтік өткірлігімен ерекшеленеді.
Өткен дəуірлердің поэтикалық шежіресін
жасау салтқа еніп, қазіргі заманның тарихи
жырлары жазыла бастады.
Қазақтың көрнекті ақыны Жарасқан Әбі-
раш ұлы елдік мұрат күрескерлері – ХХ ғасыр
басындағы Алаш азаматтарының рухына ба-
ғыштаған тағзым жырлардан тұратын көркемдік
құрылымы бөлек «Құлпытас» кітабын жазды
[1, 15].
Ақын абырой жүгі, ар тазалығы, кісілік
мінез, қымбат адамдар, өмір ағыстары туралы
толғанды. Артық туған жандардың дара мінез
болмыстарын аялады.
Жарасқан қазақ поэзиясын таза поэтикалық
бітімдегі текті, рухты жырларымен байытты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлық
-
бек Есдəулетұлының отаншылдық, елдік мұрат-
тармен суарылған сыршыл да намысты өлеңдер
жинағы – «Киіз кітап» қазақ лирикасының қа-
зіргі заманғы көркемдік
əлуетін көтере түскен
рухани олжа есебінде бағаланды.
«Мынау кітап тартып отырған талай тау-
қыметіміздің басын шолса да, кеудеңе үміт гүлін
егіп, жігеріңе жігер қосатын, тəуекелге мінгізіп,
тəубеңе келтіретін парасатты жырларға толы»
(Ә.Кекілбаев) [2, 21].
Жайық үшін жан бергендер,
Еділ үшін егесіп.
Қиғаш үшін қырылғандар –
Қазір бір-бір төбешік...
Басын иіп өтуі керек
Уақыт өзі бұл жерден
Тағзым етіп тұруы керек келген қоғам төресіп.
Ұ. Есд
əулетұлының «Киіз кітабындағы»
«Күр шім. Жаралы Барақ батыр». «Қобда. Иса
-
тай батыр қабірі». «Ұлытау. Құрбандық. Қобыз
үні». «Қарой. Махамбет». «Алматы. Желтоқсан»
толғамдарынан түзілген «Қара шаңырақ. Иман
-
нұр» топтамасы ата мекенді ардақты тұлғала-
рымен аялайды.
Ақындық «Меннің» алғаусыз рас болмысы-
нан қайнап шығып жататын, бейнелі тілмен
жасанған өлеңнің көркемдік кернеуі поэзияның
бəсін көтере түседі.
Қара Қобда қан сасыды,
Көбік шашып қан ақты.
Қан кірпігін əрең ашып,
Қанды көзбен таң атты.
Қапияда қырғын тапқан қобыландар жанарын
Қарға шұқып,
Қорқаулар мен қара шыбын талапты.
Аса шынайы, жаны жұмсақ, кішіпейіл
өлеңдерімен
əдеби кеңістікке ерте, еркін кірген
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. No4-5 (150-151). 2014
48
Қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік арналары
Ұлықбек ақын Тəуелсіздік жылдары өлеңін
өткірлік дарыған,
əлеуметшілдігі айқын тың
бағыттармен байытты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Несіп-
бек Айтұлының жүздеген жылдарға кеткен
Азаттық жорығын, Бостандықтың арман-ар
-
палыспен қолға түскен бағалы, кəделі жо
-
лын дəстүрлі эпикалық баяндау, аңыздау, та
-
рихи жырлар үлгісінде толғаған дастандары
Тəуелсіздік кезең поэзиясының көркемдік даму
бағыттарында өзіндік мəнге ие болды.
«Осы Тəуелсіздік идеясы тоғыз дастанға
ортақ желі тартқан бұл жинақ – «Тоғыз тарау
дан»
тұратын «Тəуелсіздік дастан» атты эпикалық
роман ретінде
əсер қалдырады» (С.
Қирабаев)
[3, 44].
Біздің уақытымыздың рухы тұнған «Бəй-
терек» поэмасында ақын Астана туралы толға-
нады. Астана – тəуелсіздік құрбандарына мəңгі-
лік ескерткіш.
Астананың күн санап бой түзеп, қазіргі
заманғы сəулетті шаһарға айналып келе жатуы
– тұтас елдіктің тұғыры.
Жөңкілген Бостандықтың көші қандай,
Сарқылған құрдым қайта тасығандай!
Көзінен келгендердің қымсынады,
Жыртығын жүдеу қала жасырғандай.
Бұл – 1997 жыл. Ақын болашаққа болжам
айтады. Сол болжам ертегідегідей шындыққа
айналды.
Уақа емес, жалт қаратып дүниені,
Астана шыттай жаңа киінеді.
Қазақтың көсемінің алдына кеп,
Тəкаппар талай бастар иіледі!
Ата тарихты ілгерідегі бабалар дəстүрі
машығында өлеңмен ашып, шежіре, шешен сөзге
ұйыта баяндауды жаңғырту бағытын мығым
ұстанған ақынның «Бас сүйектер», «Төлегетай»,
«Жалаңтөс», «Сардар», «Бердіқожа», «Ақмола
шайқасы», «Желтоқсан – Мұқағали», «Ерлік
пен тектілік», «Ту», «Тоғыз тарау», «Ерліктің
ескерткіші», т.б. поэмаларындағы эпикалық
екпін, есілген сөз оралымдарының поэтикалық
салмағы құнарлы мазмұнға көркемдік маңыз
қосты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы
Тəуелсіздік тұғырлары бағытындағы эпикалық
толғамның озық үлгілерінің бірі [4, 57].
Ежелгі дəуірлерден бергі өзекті күйді – халық
пен билік баянын Есенғали ақын жаңа уақыттың
ең жауапты құбылысы мəнінде ақындық үрдіске
батыл енгізді.
Діни ұстаным, дүниетаным бағытында да
Алланың пəрмені, ұзақ адасуда жүрген адам
баласының шектеулі тағдырын үздік көркемдеу
тəсілдерінде тəпсірлеген Есенғали Рауша
-
нов əлем
əдебиетіндегі шығарма бітімін Ұлы
Мəнмен нəрлендірудің ежелгі озық арқауын
қазақы пайымға қайта сіңіру бағытындағы
қапысыз суреткерлік əлуетін байқатты.
Поэмада көркем
əдіптелген тұспал, астар-
лаудың озық үлгілері ұдайы назарға ілініп оты
-
рады. Адамзат тарихымен қатар жасап келе
жатқан көне де жасаң поэзияның аспан асты,
жер үстін ұйытқан сырлы сазы құлақтан кет
-
пей, дауалы күйімен
əлдилейді. Е. Раушановтың
дүниенің ұлы қисындарын сезіндіру машығы
ақындық алқапты еркін шарлау рахатын сый
-
лайды. Әр сөз,
əр тармақ,
əр шумақта тұнған
шыншылдықтың сəулесімен нəрленген поэти
-
ка лық мəн ұлан-асыр көркемдік
əсерге бөлей-
ді. Ежелгі эпостың оралымды, ой жетегін
үзбей есіліп жататын жатық баяндау үлгісі шы-
ғармашылық ұтымдылықпен дамытылған поэ
-
мада кейіпкерлер ой текетіресі,
əрекет, аталы сөз
ауқымында авторлық, азаматтық ұстаныммен
астаса дараланып, тұлғаланады.
Шығарма құрылымындағы дəстүрге жүйрік,
жаңашыл тəсілдерге де икемді дара сипатты
ақындық қолтаңба назар аударады.
Ақын ұлттық төлтума өнер айтыс өлеңнің
қатты айтуға, ащы ай
туға, бетке айтуға жол
беретін жанрлық мүмкіндігін ұтымды қолданған.
Айтыстың бұқарашыл заңы шамданбауды,
кектенбеуді міндеттейді.
Елдік салт, тұғырлы мемлекеттіліктің мəңгі-
лік негіздері тұрғысында ой қозғаған шығармада
автор аңыздық арқауды шындыққа сіңістірудің
өзгеше бір үлгісін жасайды.
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар, Күлтегін, Жі-
гіт-қаған, ақын қыз Ғайша, мəңгілік ергежейлі
жырлардың авторы Мəстекбай, Жылан-ханша,
жыландар, заман, қоғам бейнесі тұлғаланған
дастанның құрылым, тіл, образ ашудағы, таби-
ғат ты түйсіндірудегі шебер өрімі, автордың ой
азаттығы, көркемдеу кеңістігіндегі шығарма-
шылық еркіндік үйлесімі қазіргі қазақ поэзия-
сының озық бағыттарын поэтикалық
əлуетін
танытады.
Осы кезеңдегі поэма жанрының тақырып
аясы, эпикалық құлаш-қарымы Жəркен Бөдеш-
ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. No4-5 (150-151). 2014
49
Қ.Қ. Мəдібай, Е.М. Солтанаева
тің «Аңырақай бекетіндегі ой», «Генерал Жо
-
хар Дудаев», «Исатайдың баласы», «Жалғыз»,
«Бостандықтың басы», «Қарауыл төбе», т.б. по
-
эмаларында өзіндік көркемдік алымда көрініс
беріп отырды.
«Жолаушы» поэмасында күнкөріс қамымен
шетке кеткен, толған соң Елді ұмытқан ұлдың
айтқанға көнбес құлқын иіткен күй құдіреті,
ұлттық рух қуаты жайлы айтылады.
Асқар Егеубайдың түркі
əдебиетін зерттеу
бағытында нақтылы тарихи деректер қозғау
сал ған «Шу батыр», «Мыс шаһар», «Қала сал-
ған қазақтар» егіздастаны сынды туындыла
-
ры эпикалық жанрдың көркемдік өрісін кеңіте
түсті.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын
Нұрлан Оразалиннің халықтық, ұлттық мұраттар,
биік адамгершілік ұстанымдар арқау болған
сыншыл философиялық толғамдары тəуелсіздік
дəуіріндегі поэзияның даму, қалыптасу бағыт-
тарындағы жеке шығармашылық тұлға
əлуетін
айқындай түскен сыршыл лириканың озық
үлгілері есебінде танылып, бағаланды [5, 112].
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Иран
-
бек Оразбаевтың Абай дəстүріндегі өлең үлгі-
лері ақынның қоғам, адам болмысындағы жан
қыжылын, пəлсапалық ойларын көркемдік ше-
шім ге тартуындағы
əсерлі бейнелілік дарытқан,
ұтымды, жатық тəсілдердің бірі болып орнықты.
Мінезді өлеңдердің көркемдік-стильдік дара
сипатын айқындай түсті.
Мен де –
Бетті бастым.
Мен де –
Тұра қаштым:
Көбігімен жудым кір –
Көзден аққан жастың...
Ақын нарық заманының ауыртпалықтарын
сезінеді, жаһандану дəуіріндегі халықтың ке-
ре нау, байғамдау қалпына алаңдайды, күйіп,
күйзеледі. Оның поэзиясындағы өткір сыншыл-
дық, қалғымайтын қырағы азаматтық ұстаным,
жаңа үлгілер, өзіндік поэтикалық кеңістік қазіргі
қазақ өлеңінің мəнді көркемдік нышандарына
айналды.
Қазақ поэзиясындағы дəстүрлі, ел мінезіне
күйіну, күйзелу, алаңдау сарыны белгілі ақын Ис
-
раил Сапарбайдың «Рухнама» жыр жинағында да
айқын «Тайқазан», «Қазақты жаңаша танысты
-
ру», «Менталитет», «Жаһандану жаңғырығы»,
«Ерлердің ісі бітер ме?!», «Менің
əлемім»,
«Оты
рар ойлары», «Біздің қоғам» толғамдары
– қаламын құрғатпай замана күйіне алаңдап
отырған ақынның қалпын қапысыз сезіндіреді.
Әдет шіркін қала ма, қанға сіңген?
Әлі күнге келеді арбасумен.
Жалқаулығын қайтерсің алабөтен,
Алтын басып жатқандай жамбасымен!
Тəуелсіздік кезеңіндегі поэзия ХХ ғасырдың
адамзатқа жасаған асқан «сыйы» – атом апаты
тұрғысында елеулі ойлар толғады.
Қазақ жеріндегі қырық жылғы жарылыстың
бақ үркіткен бейдауа опаты азаматтық лирикада
ширыққан серпінді желі түзді.
Б. Жақыптың «Тамыздың жиырма тоғызы»
атты ұзақ толғамында жарылыстың бейдауа
сұм дығы, жан шыдамас ақиқаты жəне бір қыр-
ларынан ашыла түседі.
Тамыздың жиырма тоғызы...
Күн емес, алып шар шықты.
Дегелең деген өр таудың
Кеудесінен сол күні жан шықты.
Тəуелсіздік жылдар поэзиясында ұлттық
бітім даралығы, дəстүр, салт-сана, туған жер,
ата-анаға сағыныш, адамдық қилы аңсар, көңіл-
күй, сезім жырлары сыршылдық бағыттағы
жаңа ағыстар түзді.
Ақұштап Бақтыгерееваның
əйел-Ана, ата
мекен Ақжайық, туған ауыл, Ана тілі, ата салт,
адамгершілік игіліктер, ұлттық құндылықтар,
қазіргі қоғамның көкейкесті күйлері тұрғысын-
дағы сезімді, сырлы, жаз мінезді, кей-кейде
сынық көңіл, кейде өктем де өр жырлары өзекті
ой айту үшін «ойбайлай» берудің міндетті емес
екендігіне меңзейді.
Ақынның «Наурыз» толғамы осы бір арғы
тарихы адам ғұмырымен бір тұтасқан ұлы
мерекенің рухани мəнін жоқ іздеген жолаушы
ұлтының жоғалғаны табылған, айтқаны болып,
арманы озған құбылысымен аса нəзік
əрі сəтті
астастырады.
Ақын адамсүйгіштік пейілі асып-тасып
жатқан Әз Наурызбен ұлтының ұмыт бола
жаздаған ұлы құндылықтары қайта оралатыны
-
на шаттанады.
Ұлт кіндігі байланған Ауыл қазақ баласы
үшін дүниенің бар қымбатын сыйғызған ұғым.
Анасы, атасы, бабасы ғұмыр кешкен, елдік
рух жайылған ауыл – осы кезең поэзиясында
болашағы алаң туғызар қаяу көңіл, аяулы, амал
-
сыз қалпында көркем бейнеге тұтасты.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. No4-5 (150-151). 2014
50
Қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік арналары
Тəуелсіздік жылдары қазақ лирикасы шын
-
шылдық сəулесімен қуаттанған ішкі мазмұнға
тұнған дүние құбылыстарын сезіндіру тəсіл-
деріндегі тосын шеберлік алымдармен құнар-
ланды.
Адамның
əрқилы күйзеліс, жадаған сəттері,
арғы түкпіріндегі жан қаяуына
əрдайым ортақ
болып отыру – ақындық болмыстың
əлімсақтан
бергі адамсүйгіштік артықшылығы.
Тəуелсіздік кезеңнің
əдеби дамуындағы
тыңға түрен салған ізденістер модернистік,
постмодернистік жазу үлгілерінің Т. Медетбек,
Ә. Қайран, Т. Әбдікəкімұлы, Ж. Бөдеш, Н. Ора
-
залин, Ұ. Есд
əулет, Е. Раушанов, Г. Салықбай,
М. Райымбек, З. Елғондинова, Ж. Әскербек, т.б.
ақындар поэзиясындағы нышандары, олардың
шығармашылығындағы жаңа көркемдеу тəсіл
-
дері бұл дəуір поэзиясының танымдық, түй-
сіну, сөздің шексіз бейнелеу мүмкіндіктерін
кəдеге жарату бағытындағы елеулі көркемдік
жаңғыруын танытады [6, 28].
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Темір-
хан Медетбек көне түркілік өлең түрінің қазіргі
поэзиядағы өзіндік үлгілерін түзді. Көне жыра
-
улар поэзиясындағы ұйқассыз өлең үлгілерін,
тармақтардағы буын санының
əркелкілігін
қазіргі поэзияның көркемдік өрісіндегі өзіндік
стильдік өзгешеліктерге ұластырды.
Поэтикалық тіл қолданыста ой мен образ
тұтасқан күрделі оралымдарды іркілмей, қинал-
май төгіп тастайтын ақындық өнер, жыр шай
-
ырлары айқындау (эпитет) мен ауыстырудың
(метафора), алмастыру (метонимия) мен кейіп-
теудің (аллегория), егіздеудің (параллелизм),
шендестірудің (антитеза) үздік бейнелеу жүйе-
сін түзді.
Қазақ поэзиясы сөз айшықтаудың небір қай-
таланбас үлгілерімен молықты. Ақ қар мен көк
мұз құрсанған қыс, желмая жел, сылдыр бұлақ,
жаңбырлы күздің суланған сары жапырағы тілге
келіп, сыр ашты.
Тəуелсіздік жылдар поэзиясында ана тілдің
бейнелеу мүмкіндіктері ашыла түсті. Дала
суреті, тау аңғары, судың түсі, бұлақ күлкісі,
бұта сыбдыры, Тəуелсіздіктің саумал дəмі,
кəрі тарихтың мəңгілікте қалған таңбалары,
адамның ақ пейіл, алаң көңілі, шаттығы мен
шарттылықтармен шарпысуы, «күн түспейтін
қырлары да сəулелендіретін» сөздің құштар ны
-
санына айналды.
Тіршілік иірімдерін ақындар тосын мета
-
форалармен тұспалдады, керемет кейіптеулер
жасады.
Тəуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясының
айтулы өкілдерінің шығармашылық бағыттары
туралы зерттеу еңбектер жарық көрді.
Қазақ поэзиясының аға буын өкілдері мен
жас ақындардың таңдамалы томдарын, жеке
жинақтарын шығару үрдісі жалғасуда.
Бүгінгі Уақыттың өзекті күйлерін, өткен
тарихтың тағылымын, келешектің баянды
бағыттарын ұлттық сана, ұлттық болмыс, ұлттық
мұраттар, ұлттық мүдделер, жалпыадамзаттық
игіліктер ауқымында толғап отырған өміршең
поэзия – халқымыздың сарқылмайтын рухани
қуаты.
Әдебиеттер
1 Әбдіраш Ж. Құлыптас. – Алматы: Арда, 2007. – 15 б.
2 Есдəулет Ұ. Киіз кітап. – Астана: Фолиант, 2012. – 21 б.
3 Қирабаев С. Ұлт тəуелсіздігі жəне қазақ əдебиеті. – Алматы: «Жібек жолы» БҮ, 2011. – 44 б.
4 Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан. – Алматы: Жазушы, 2011. – 57 б.
5 ХХІ ғасырдағы қазақ əдебиеті (2001-2011 жж.). – Алматы: Арда, 2011. – 112 б.
6 Қазақ əдебиетінің тарихы. – 10 т. – Алматы, 2006 б. – 28 б.
References
1 Abdrash G. Kulptas. – Almaty: Arda, 2007. – 15 b.
2 Esdaulet U. Kiz kytap. – Almaty: Foliant, 2012. – 21 b.
3 Kyrabaev S. Ult tauelsyzdygy ghene kazak adebyety. – Almaty: Ghybek gholy, 2011. – 44 b.
4 Raushanov E. Bozanga bytken boz ghusan. . – Almaty: Ghazushy, 2011. – 57 b.
5 ХХІ gasrdagy kazak adebiety (2001-2011 g.). – Almaty: Arda, 2011. – 112 b.
6 Kazak adebietynyn tarihi. – 10 t. – Almaty: Arda, 2007. – 28 b.