Еңбекке жарамсыздық парағының сырт жағында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі, толтырылады: «Лауазым» бағаны қызметкердің лауазымы көрсетіледі. «Табельдік нөмір» бағаны қызметкердің табельдік нөмірі көрсетіледі



Дата10.03.2023
өлшемі14,04 Kb.
#73200

Еңбекке жарамсыздық парағының сырт жағында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі, толтырылады: «Лауазым» бағаны – қызметкердің лауазымы көрсетіледі. «Табельдік нөмір» бағаны – қызметкердің табельдік нөмірі көрсетіледі. «Жұмыс тұрақты, уақытша, маусымдық (қажетінің асты сызылсын)» бағаны. «20 __ж. ___бастап 20__ ж.___дейін жұмыс істемеген» бағанын толтырасыз, еңбекке жарамсыздық парағы жазылған кезеңді көрсетесіз. Бұдан әрі үтір арқылы «Еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін демалыс күндері (күні/дата)» деп ауру демалысы кезеңіне жататын жұмыс кестесіне сәйкес демалыс күндерін атап өту керек. Еңбекке жарамсыздық парағына ұйымның жауапты адамдары (кадр бөлімінің басшысы және бастығы немесе бухгалтер) қол қояды. Жұмыс берушінің мөрі қойылады. Ауру демалысын бекіту үшін комиссия құрудың қажеті жоқ. Аурухана парағын бекітілген Қағидаларға сәйкес толтыру керек Сұрағыңызға тағы көбірек жауапты Actualis: Бас бухгалтер ЭЖ сарапшыларынан дәл қазір біле аласыз.
Источник: https://buh.mcfr.kz/question/997-kagaz-tasygyshtagy-enbekke-jaramsyzdyk-paragyny-artky-jagyn-kalay-toltyru-kerek
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет