Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған. Бағыттар қатар да,әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СОӨЖ 4.
Әдебиеттану мен эстетикадағы психологиялық мектеп Орындаған: Әлден Гүлназ
Тексерген:Қабатай Б
Алматы, 2023 Әдебиеттану мен эстетикадағы психологиялық мектеп 2.1. Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған.Бағыттар қатар да,әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады.Филологиялық мектеп(филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т.б гуманитарлық пәндердің жиынтығы.Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Жеке сөздер, тіркестер қолжазбалар тарихын бажалайды. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар,рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бқл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді. Биграфизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану.Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі. Мәдени-тарихи мектеп – әдебиеттану ғылымындағы ең танымал бағыт.
2.2. Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – оқушының бойында көркем- эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіре білу.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік-құлықтылығына игі әсер ету;
Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отыра, халықтық дәстүрлердің қыр-сырын түсінуге, табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс- әрекетінің әдемілігін бағалай білуді үйрету.
Әдеби шығармалар, өнер құралдары арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
Қоғамдағы, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу және оларда байқай білу қабілетін дамыту;
Ал, сабақтастық дегеніміз – білім беруде оқу пәнінің әр түрлі бөлімдері арасында қажет байланыстарды белгілеу, оқытудың әр түрлі кезеңдерінде сол байланыстардың қатынасын дұрыс орнату болып табылады. Сабақтастық ұғымы оқушылардың білімі мен икеміне қойылатын талаптарды, оқыту әдістері мен тәсілдерін, жаңа оқу материалдарын түсіндіру мен оны толық меңгеруге жүргізілетін жұмыстарды да қамтиды. Сонымен оқытуда сабақтастық орын алу үшін ғылымның мазмұндық көлемі, баяндау логикасы, орналасу жүйесінің жас ерекшелікке сәйкестігі айқындалуы керек.
Оқытуда сабақтастық талаптарын ескеру білімді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан беріп, оның өмірдегі әсерін кеңейтеді.
Білім берудегі сабақтастықтың осы қағидаларын тәрбиелеу ісінде қалай қолданамыз? Ол үшін, ең алдымен, адамның білімі, ақыл-парасаты оның мінез-құлқының, тәрбиесінің қалыптасуына өз үлесін қосатынын ескеріп білім беру мен тәрбиелеуді ұштастыра жүргізу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен эстетикалық тәрбиені халқымыздың озат дәстүрлерін ескере отырып жүргізу бастауыш сынып мұғалімдерінің мәртебелі міндеті.
Өйткені, балалық сезім - саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негізін қалауда қандай да берік, сенімді тірек қажет болатыны түсінікті. Демек, бала эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін, тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек.
Бұл туралы белгілі мүсінші С.Г. Коненков: «Бала күндегі эсер кімнің де болса келешегіне көп себін тигізеді... Бала шағыңда алған әсерің, сол сияқты ғылым жолындағы кезеңдерің мәнді өміріңнің негізі және де осы мөлдір таза да жарқын күндердегі есіңде қалғандар - өміріңде ұмытылмайтын естеліктеріңді сақтайтын қойма ролін атқарады» - дейді. Сондықтан әр оқушының өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалап үйренуге талпынуы сол баланың бүкіл жан-дүниесіне эсер етеді. Дегенмен адамның көркемөнерге деген қабілетінің дамуы, қабілетінің шығармашылықпен ұштасуы, оның бала кезінен тэрбиенің осы түрлерімен қамтылуына жэне эр оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тэрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.