Егер адам өз уақытын жоспарлай алмаса, жетістікке қол жеткізу мүмкін емес. Бұл менеджерлерге ғана емес, кез келген басқа мамандық иелеріне қатысты, бірақ өзге қызметкерлерді басқаратын жетекшілер үшін бұл дағды аса маңызды, себебі жетекші тек өз уақытын ғана басқарып қана қоймай, айқын жүйе арқылы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалай отырып қол астындағы жұмысшылардың да уақытын жоспарлайды. Тәжірибелі көшбасшылар уақыттың шын бағасын біледі. Бұл ұйымдардағы мақсаттарға қол жеткізу үшін ең тапшы ресурс деуге болады. Ақшаны қарызға алуға, адамдарды жалдауға болады, ал уақыттың бағасы жоқ. Уақытты қарызға немесе сатып та ала алмайсың және сата да алмайсың. Өзіндік менеджмент қолайлы және ақылпарасатпен өз уақытын жұмсау үшін күнделікті тәжірибеде қолданылатын сыналған әдістерді дәйектілікпен және мақсатты қолдануды ұсынады. Өзіндік менеджменттің басты мақсаты - өз мүмкіндіктерін максималды қолдану, саналы түрде өз өмірінің ағынын басқару және сыртқы жағдайларды жеңу. Өзіндік менеджмент аз мөлшердегі шығындармен орындауға, еңбекті жақсырақ ұйымдастыруға, жұмыстың көптігін азайтуға, яғни асығыстық пен стресстерді азайтуға мүмкіндік береді. Өзіндік менеджменттің айқын ережелер мен функциялар шеңбері бар: Мақсаттардың қойылуы Мақсаттарды қою – бұл әрекеттерді бағыттап, көздеген мақсаттарға және олардың орындалуына көмектесетін біздің ықыласымыздың қажеттіліктері немесе анық мақсаттардың және нақты тұжырымдаманың бейнесі. Бұл үшін мақсат орындалуға тиісті әрекеттерді емес, түпкі нәтижені көрсетуі керек. Тіпті ең жақсы ойластырылған жұмыс тәсілінің өзі сенімсіз болады, егер жетекші алдын-ала қандай нәтижеге талпынатынын анықтамаса. Мақсат қою – сөзсіз жоспарлаудың алғышарты, демек жетістіктің де алғышарты – ненің, қашан, қандай ауқымда қол жеткізу керектігін нақты білімге сүйене отырып жасалынады. Мақсат қай бағытта жылжу керектігіне нақты түсінік бергендіктен, өз мақсатын жете түсіну көп жағдайда жұмысқа өзін-өзі ынталандыру қарқынын арттырады. Мақсаттарды қою – бұл уақытша процесс, себебі кәсіпорын жұмысы барысында кей параметрлердің өзгергені анықталуы мүмкін. Ал бұл мақсатты қайта қарастыруға мәжбүрлейді. Өзіндік менеджмент үшін менеджердің қайда келгісі келіп, қайда түскісі келмейтінін ұғыну іргелі маңызды орын алады. Егер жетекшіде саналы мақсаты болса, онда оны іске асыру үшін жетекшінің барлық аңғарылмаған күш-жігері салынады, яғни мақсаттар маңызды бағыттарда шоғырланады. «Кездейсоқ жетістіктер жақсы, бірақ сирек. Жоспарланған жетістіктер анағұрлым жақсы, себебі олар басқарылады және жиірек болады» Мақсаттарды анықтау Жетістікке қол жеткізу үшін мақсаттарды дұрыс анықтау қажет. Әрбір фирманың, әрбір менеджердің соңында жоғары мақсатқа қол жеткізетін көптеген кішігірім аралық төменгі деңгейдегі мақсаттарынан құралған басты, маңызды мақсаты болады. Мақсаттарды тікелей жоспарлауға болатындай тікелей әрекеттерге айналатын бір-бірімен келісілген айқын мақсаттарды орнату керек. Анық айқындалған, қағазға түсірілгендері автоматты түрде міндетті сипат алады, тұрақты талдауға, қайта тексеруге, ревизияға итермелейді. Ахуалды талдау өзінше жеке ресурстар реестрін (тізімін) береді. Нені көтермелеуге болатынын және немен әлі де шыңдап, жұмыс жасау керектігін анықтауға көмектеседі. Өз мүмкіндіктерін талдау жолымен менеджер, жалпы неге қол жеткізе алатынын, мақсатқа жету үшін қандай жеке әлеует бар екенін анықтайды. Бір жағынан өз әлсіз тұстарын анық көруі қажет. Кейінгіде қателіктер болдыртпау үшін. Қандай қасиеттердің жоқтығын анықтауға сәтсіздік пен жеңілу балансын құру көмектеседі. «Өз әлсіз жақтарын білу - өз күшті жақтарын нығайтуды білдіреді» Мақсаттарды тұжырымдау Мақсаттарды жүзеге асыру уақытын құру мен тілеген нәтижені тұжырымдау. Бұл келесі жоспарлау стадиясына өтуде нақты тәжірибелік мақсаттарды тұжырымдау мақсаттарды анықтаудың соңғы баспалдағы. Орындалмаған жұмыстардың арасында қалмау үшін, өзіне көп іс алмау керек. Ұзақ мерзімді ғаламдық мақсаттарға жетуге байламды қысқа мерзімді мақсаттар құру керек. Жоспарлау Жоспарлау – шешім қабылдаудың үздіксіз процесі, процесс барысында үнемі кәсіпорын дамуының міндеттері мен мақсаттары бекітіледі, оған жетудің стратегиясы мен саясаты анықталады: кәсіпорынның экономикасын жүргізудің әр түрлі жақтары көрінетін, біріктірілген көрсеткіштері бар жоспарлар жасалынады. - Стратегиялық жоспарлау – фирманың болашақтағы даму жоспары.Стратегиялық жоспар ертеңгі күн позициясымен жоспарлауға көмектеседі, бейімділік процесі оның нәтижесінде қабылданған басқару шешімдерін түзетіп отырады, оның орындалуын үнемі бақылайды. - Тактикалық жоспар – қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуге байланысты көрсеткіштерге жету амалы. - Оперативті жоспарлау – жоспардың жылдам өзгерісі. - Зерттеу жұмысының жоспары, өндірісті, өнімді жоспарлау - Қызметшілерді жоспарлау. Жоспарлау ең бағалы ресурс уақытты қолдануды қамтамасыз ету үшін жасалынған. Уақыт неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, соғұрлым ол жетекшінің жеке және кәсіби қызығушылықтарына қолданылады. Жоспралау өзіндік менеджменттің құрамды бӛлігі мен ережелері ретінде мақсаттарды іске асыру мен уақытты құрылымдауға дайындықты білідіреді. Күнделікті жұмысты орта және ұзақ мерзімді акциялар мен нәтижелерді жоспарлау сондай-ақ уақыт ұту, жетістікке қол жеткізу және өзіне деген үлкен сенімділікті білдіреді. Сондай-ақ, кезкелген фирма сияқты өзінің өткізу және өндіру қызметін жоспарлайды немесе жоспарлау керек. Әрбір адам болып жатқан оқиғалар жетегінде кетпей, болашаққа бет бұрып ойланып, жұмыс жасауы қажет. Қойылған мақсаттарға жету үшін уақытты қолдануды жоспарлау керек. Жұмысты жоспарлау арқылы қол жеткізілетін басты артықшылықтың мәні – уақытты жоспарлау ұтыс алып келеді. Жалпы тәжірибелік сынама көрсеткендей жоспарлауға өндірістегі кеткен уақыт шығыны артуы соңында уақыттың жалпы үнемделуіне алып келеді. Әлбетте, жоспарлауға кеткен уақыт шығыны шексіз өсе бермейді, оптимум бойынша жоспарлауға кеткен уақыттың ары қарай ұлғаюы тиімсіз болып кетеді. Жалпы жоспарлау периодынан ( жыл, ай, апта, күн ) максималды 1 пайыздық уақытты жоспарлауға кетіру керек Уақытты жоспарлаудың басты ережелері 1. Арақатынас (60:40 ) Тәжірибе көрсеткендей, жоспарды ең дұрысы тек белгілі жұмыс уақыты бөлігіне құрған жөн (60 пайыз ). Менеджер жұмысының ерекшелігімен байланысты алаңдатар мәселелерді басынан аяғына дейін жоспарлана алмайды, алдын-ала болжау қиын жағдайлар, жетекші шамамен жұмыс уақытының жартысын жұмыс орнында өткізбейді. Себебі жұмыс адамдармен қарым-қатынасты, ақпараттармен алмасуды талап етеді. Әрқашан да белгілі пайызда резерв ретінде күтпеген келушілерге, телефонмен сөйлесуге, дағдарыс немесе кейбір шаруалардың созылуын дұрыс бағаламағанға уақыт қалдыру керек. Бірақ сонымен қатар уақыт алушылардың санын азайтуға тырысу керек 2. Мәселелерді бір жерге жинақтау Уақыт шығыны туралы дұрыс жоспар құрастыру үшін болашақтағы жұмыстар жайлы хабардар болу шарт. Оларды ұзақ, орта, қысқа мерзімді мәселелерге лайықты бөліп, олардың артықшылығын орнатып және соған байланысты әрекет жасау керек. 3. Ұдайылық-жүйелілік-реттілік Басталған істі аяғына дейін жеткізу үшін жоспармен ұдайы, жүйелі, ретті жұмыс істеу керек. 4. Шындыққа негізделген жоспарлау Яғни, менеджердің шын мәнісінде қол жеткізе алатын мәселелер көлемін жоспарлау керек. 5. Уақыт шығынының орнын толтыру. Уақыт шығынын мүмкіндігінше бірден толтырған дұрыс, мысалыға келесі күні бойы кеткен уақытты қуып жетем деп әбігерге түскенше, бір кеш ұзағырақ жұмыс істеген артық. 6. Әрекеттер орнына нәтижелерді бекіту Күш-жігер о бастан мақсаттарға жетуге бағытталу үшін жоспарда жай ғана әрекеттерді емес, нәтижелер мен мақсаттарды бекіту керек. Бұл жоспардан тыс әрекеттерді болдырмауға көмектеседі. 7. Уақыт нормаларын құру Тәжірибе көрсеткендей, шартты түрде құзырында қанша уақыт болса, сонша уақыт жұмысқа шығындалады. Сондықтан нақты уақыт нормаларын құру, қанша уақыт талап етсе, сонша уақыт қарастыру керек. 8. Орындау мерзімі Жұмыстарды кешіктіру мен кейінге қалдыруды болдырмау үшін, барлық әрекеттердің дәл уақытта орындалуын қамтамасыз ету керек. 9. Қайта жөндеу мен қайта тексеру Жоспарды мәселелердің толықтай орындалуы мүмкін бе деген тұрғыда н үнемі қайта жөндеу мен қайта тексеру қажет. 10. Уақыт жоспарларының мәмілесі Менеджерге өз жоспарларын іске асыру үшін, оларды басқа адамдар ( хатшы, басшы, қол астындағылар, әріптестер ) жоспарымен үйлестіру керек.