Егерде мен Президент болсам



Дата11.06.2023
өлшемі21,79 Kb.
#100508
Байланысты:
Егерде мен Президент болсам


Егерде мен Президент болсам...

Президент болу әрине оңай емес, ол үшін адамның бойында үлкен тіпті дара ойлар мен мақсаттар, табандылық пен шыдамдылық, сарқылмас білім керек.Президент болу үлкен жауапкершілік!


Егер мен президент болсам, елімнің гүлденуі үшін бар күшімді салар едім. Мен өз елімнің барлық азаматтарының, әсіресе балалар мен қарттардың өзіне қажет нәрсенің барлығын алуын қамтамасыз етер едім.
Мен президент болсам, елімізде жұмыссыздық болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын едім. Тағы да, көптеген жұмыс орындарын ашатын едім. Басқа дамыған мемлекеттер сияқты отандық өнімді сыртқа экспорт жасайтын едім. Қытай сияқты өзінің бағдарламалары арқылы арзан тауарларын бүкіл әлемге шығаратын едім.Тағы да айта кетейін, бұл – еліміз үшін көп жұмыс және орасан табыс. Және, әрине, басқа елдерден тәуелсіздік.. Бұл, менің ойымша, еліміздегі көптеген қаржылық мәселелерді шешер еді. Мысалы: шетелдік өнімдерді сатып алу құны айтарлықтай төмендейді, дүкендердегі бағалар айтарлықтай төмен болар еді. Ал бүкіл тауар айналымынан түсетін пайда ел шекарасынан шықпас еді.
Қазақстан ешкімге тәуелді емес бөлек әлем сияқты болар еді. Өзінің өндірістері жеткілікті болатын еді. Президент ретінде мен барлығына бірдей жалақы мөлшерлемесін қояр едім. Біріншіден, бұл кірістің көп болуына байланысты бір-біріне деген қызғаныш мәселесін шешеді. Зейнетақыға қатысты көптеген мәселелер шешілмек.
Колледждердің , университеттердің оқу ақысын азайтатын едім, барлығына бірдей қолжетімді болатын еді. Білім неғұрлым қолжетімді болады, сәйкесінше мамандар да көбейеді. Сол жалақының арқасында жас мамандар басқа елдерге асықпай, тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасады. Білім саласын дамытуға аса назар аударар едім. Мен білім беру бюджетін ұлғайтып, аз қамтылған балаларға жоғары білім алуға көмектесетін бағдарламалар жасар едім. Қазақстандағы білім деңгейі қазіргіден жоғары болуы үшін мұғалімдерді де көп еңбек етіп, жұмыс істеуге шақырар едім. Сондай-ақ мен әрбір мектепте оқу мен даму үшін лайықты жағдай жасау үшін жұмыс істейтін болар едім. Мектеп ғимараттары қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Ол үшін мектептерді жөндеуге, жаңғыртуға көбірек қаржы бөлер едім.Денсаулық пен Медицина саласына да көбірек қаржы бөлетін едім. Мен Қазақстанның барлық азаматтары үшін мүлдем тегін медициналық жүйе құрар едім. Бұл барлық адамдарға қажет медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді, тіпті егер олар оны төлеуге мүмкіндіктері болмаса да.
Сонымен қатар, мен еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салар едім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды қатайтып, осы зұлымдықпен күресу үшін арнайы комиссиялар құрар едім. Мен адамдарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға шақырар едім, сонда біз кінәлілерді ұстап, жазалай аламыз.
Мен қоршаған ортаны қорғауды ойлайтын едім. Ластану мен климаттың өзгеруіне байланысты планетамызға қауіп төніп тұр. Мен табиғатты қорғауға және газ шығарындыларын азайтуға көмектесетін жаңа технологияларды дамытуға инвестиция салар едім.
Педофилдерді , маньяктарды, қыз зорлаған жауыздарды, ең сорақы қылмыс жасаған адамдарды өлім жазасына кесетін едім. Ұрлық жасағандардың себебіне қарай саусақтарын кесетін жаза тағайындайтын едім.Ата-анасын немесе перзенттерін тастап кеткен қатыгез жандарды қатал жазаға кесетін едім. Ата-анасыз өскен балалардың көпшілігі психологиялық травмамен өседі, ата-анасының қолдауынсыз қатты қиналады. Қариялар үйіндегі ата-әжелер де тура сондай жағдайда. Жазасы ауыр болған соң , ондай қылмысқа бармастан бұрын адамдар ойланады. Бұл қазіргі қоғамда болып жатқан көптеген проблемалардың алдын алатын еді. Ия, қатыгездік танытатын шығармын, бірақ, осылайша қоғамды өзгерте аламыз.
Сосын , бізде жас балалар арасында мектепте құқықбұзушылық көп тіркелетін болды. Тәртіп бұзған оқушыларды мектептен шығарып жіберетін заң шығаратын едім. Мектепке, білім алуға немқұрайлы қарайтын оқушылар көп. Тәртіп бар жерде білім де, жетістік те болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресетін едім. Себебі , қазіргі таңда бұл өте ауқымды проблема. Адамдар өздеріне, өздерінің білімдеріне , әділеттілікке сенуден қалды. Барлығын ақшамен өлшейтін принципті ұстанатын адамдар өте көп. Сыбайлас жемқорлықпен қолға алынған адамдарды қатаң жазалайтын едім.
Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген жастарды барынша қолдайтын едім. Бұл Елімізде өндіріс пен кәсіпкерлікті жақсарта түсетін еді. Оқу үлгерімі жақсы оқушылар мен студенттерге шетелде оқып келу сияқты мүмкіндіктер беретін едім.
Елдің көркеюі үшін, елдің дамуы үшін көптеген бағдарламалар ойлап табатын едім. Қандай сала болмасын, қандай кәсіппен айналыспасын, өзінің жұмысын жақсы атқарған адамдардың айлығын көбейтіп, марапатайтын едім. Сонда басқа да жұмысшылар мотивация алып, жақсы жұмыс істейтін еді.
Мұғалімдердің жұмысын жеңілдететін едім. Неге деп сұрайсыз ба?! Себебі , қазіргі таңда мұғалімдерге өте көп міндет жүктелген. Компьютермен жұмыс істеу, Күнделік.кз, Мектеп.кз, Білімлэнд сияқты платформаларда жұмыс жасайды. Одан кейін күнделікті жоспарлармен жұмыс істейді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін сол платформаларды алып тастайтын едім. Менің анам мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Кейде жұмыстан шаршап келгені сонша , бізге уақыт бөлуге де шамасы мен уақыты болмайды. Көзінің көру деңгейі нашарлаған. Тіпті өзіне де көңіл бөлуге уақыты жоқ. Осы проблеманың кесірінен көптеген мұғалімдер қиналуда.
Бұрынғы білім беру жүйесін қайтадан енгізетін едім. Қарапайым әрі түсінікті бағдарлама. Жаңартылған білім мазмұнынан бас тартатын едім. Мектептерде барлық оқушыларға тегін тамақ беретін бағдарлама енгізетін едім. Мектепте өзінің тәртібімен, үздік бағаларымен немесе өзінің өнерімен көзге түскен оқушыларға стипендия беретін бағдарлама құрастыратын едім. Бұл кішкентай балаларға білім алуға, жаңа нәрсеге талпынуға мотивация беретін еді. Кішкентайынан қаржылай сауатты , ақшаны дұрыс жұмсайтын болып өседі. Мектептерге көлік жүргізу туралы , өзін-өзі қорғау туралы, алғашқы көмек көрсету туралы, бизнес туралы , дін туралы пәндер енгізетін едім. Мектеп тек қана сауат ашу мен есеп шығарудан басқа, оқушыларды ересек өмірде керек болатын нәрселерге дайындау керек. Оқушылар сабақ кестесін өздері таңдайтындай жеңілдік енгізетін едім. Себебі, кейбір оқушылар үшін азанда білім алғаны тиімді болса, кейбіреулері үшін түстен кейін оқыған тиімді әрі қолайлы. Сондықтан оқушыларға қолайлы болуы үшін осындай жеңілдік енгізетін едім. Қазіргі таңда мектептерде балалар «оқуымыз керек екен , мәжбүрміз» деген принциппен оқиды. Яғни, ол пәнді қаласа да, қаламаса да оқиды. Бірақ баланы мәжбүрлеп оқыту мүмкін емес. Қаламаған нәрсесін істемейді. Сондықтан олар өздері қызығып, өздеріне қолайлы болатын жағдай жасап беруге тиіспіз.Сабаққа денсаулығына байланысты, отбасылық жағдайына байланысты келе алмаған оқушылар сабақты онлайн өтетін бағдарлама енгізетін едім. Яғни, мұғалім видеокамераны қосып өткен тақырыптары мен тапсырмаларын оқушыға жіберіп, түсіндіріп беруі керек .
Менің ойлап тапқан бағдарламаларымның көбісі білім мен ғылым саласына арналады. Ал экономикаға келетін болсақ ;
Экономиканың жағдайын жақсарту үшін егіншілік пен ауыл шаруашылығына көбірек назар аударуға кеңес беретін едім. Себебі, төрт түліктің етін де, жүнін де , тіпті сүйегін де пайдалануға болады. Жүнінен көптеген жіптің түрін, көрпе мен көрпеше, маталар шығаруға болады. Оларды экспорттауға болады. Етін де тасымалдауға болады. Егіншілікке келетін болсақ, адамдар оны кәсіп етіп өздерінің пайдасына жаратса болады. Артып қалғанын экспорттаймыз.
Одан кейін туризм саласына назар аударатын едім. Қазақстанның табиғаты да, климаты да жақсы. Неге соны пайдаланбасқа?! Көптеген кесенелер мен тарихи орындар бар. Соларды дамыту керек. Көптеген туризмді дамытатын кешендерді тұрғызатын едім. Себебі, туризмнен елдің қазынасына ақша көп түсетіні бәріне белгілі.
Машина жасау және робототехника саласына көбірек инвестиция бөлетін едім.
Қазақстанның өзі шығаратын машина маркасы жоқ. Егерде біз оны сапалы әрі жоғары деңгейде шығаратын болсақ, көрші мемлекеттердің бәріне сатуға шығаратын едік. Ол да көп пайда алып келетін сала.
Робототехниканы дамытып, өзіміз де жұмысымызды жеңілдететін едік. Әрі әр түрлі көрмелер ұйымдастырып , көрші мемлекеттермен келісім шартқа отырып, тауарды сатуға шығаратын едік. Еліміз қазба байлықтарға бай. Соларды пайдаланатын едім.
Мысалыға, дәрі – дәрмек шығаратын орындар ашатын едім. Сапалы дәрі-дәрмек шығаратын болсақ, оны да шет елге тасымалдаймыз. Бұл да қыруар ақша алып келеді.
Моделинг саласын дамытуға шақыратын едім. Себебі, әлемге белгілі , атақты мемлекеттер туралы интернеттен оқып қалсаң, көбіне моделинг саласымен атақты. Отандық өнімд пайдалана отырып, нарыққа шықсақ бұл біз үшін үлкен жетістік. Ұлттық нақыштағы киімдер мен бас киімдер тігіп оны жарияласақ,бізбен серіктес болғысы келетін көптеген мемлекеттерден дизайнерлер табылады. Олармен серіктес бола отырып, өзіміздің тауарларымызды әлемге танытамыз.
Эссені жазып қорытындылай келе, президент болу өте қиын екенін түсіндім. Ақылың мен жүрегіңе сүйене отырып жұмыс жасау керек екен. Сегіз қырлы ,бір сырлы адам болу керек деп есептеймін. Еліміздің көркеюі үшін әрбіріміз өзіміздің үлесімізді қосатын болсақ, еліміз әлдеқайда өзгеріп, дамып кететін еді. Және де айтарым, әрбір адам перзенттеріне отансүйгіштікті үйретсе, елімізде ақылды әрі мемлекетіміз үшін атсалысатын адал адамдар көбейетін еді. Өзімшіл болып кеткеніміз сонша, оны кейде байқамай қаламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет