Эхинококкоз



Дата12.05.2023
өлшемі21,61 Kb.
#92456

Эхинококкоз

Бұл ірі қара малдың, қойлардың,шошқалардың, басқа да сүтқоректілердің, және адамдардың кең таралған созылмалы түрде өтетін ауруы. Ол эхинококктың ет қоректі цестодтарының дернәсілдердің ішкі ағзаларында паразиттенуімен туындайды.

Қоздырушысы- ларвальды (дернәсілді)эхинококк-сұйықтықпен толтырылған және екі қабатты қабықпен қоршалған біркамералы көпіршік, өсуі көп жылға созылады және көлемі үлкен болады (5-10 см диаметрде. Цестодтың жыныстық жетілген формасы иттердің аш ішегінде және басқа да ет қоректі жануарларда паразиттеніп өмір сүреді.

Ауыл шаруашылық инвазияның негізгі көзі-иттер. Жұмыртқалар сыртқы ортаға соңғы буынмен иттердің фекалияларында шығады. Ауруды жұқтыру оларды су мен азықты жұту кезінде болады. Жұқтырудың үлкен деңгейі ересек малдарда көп байқалады.

Бастапқы кезеңі субклиникалық өтеді, алдағы уақытта ошақтануғв,көпіршіктердің санына және инвазияның ұзақтығына байланысты әртүрлі білінуі мүмкін. Көп жағдайда арықтау, өнімділіктің төмендеуі пайда болады. Өлім кахексиядан (ағзаның жалпы әлсіреуі) болады. Диагноз патологоанотомиялық тілу негізінде- өкпеде, бауырда,кейде жүректе,көк бауыр мен бүйректе эхинококкты көпіршіктерді табу кезінде қойылады.

Эхинококкозды емдеудің жолы жасалмаған.

Алдын-алу мен күресу шаралары иттерді шаруашылық бөлмелеріне, азықтарды сақтау орындарына, серуендеу алаңдары мен жайылымға кіргізбеуге негізделеді, иттердің санын қысқартып, цестод дернәсілдерімен зақымдалған малдардың мүшелерін жегізбеу,иттерді кез-келген кең шоғырлы әсері бар антгельминтті заттармен дегельминтизациялау.

Ірі қара малдың цистицеркозы (финноз)

Ірі қара малдың цистицеркозы (бовисті)- адам цепені дернәсілдерінің жануар бұлшық етінде паразиттенуінен туатын ауру.

Ірі қара мал гельминттің-бұқа цепенінің аралық иесі болып табылады. Жыныстық жетілген цепен формасы адамның аш ішегінде жылдар бойы празиттеніп(оның ұзындығы 10м),сыртқы ортаға әр қайсысында 100 мың жұмыртқасы бар( тәулігіне 1 млн жұмыртқаға дейін бөлінеді) члениктер шығарады(сур. 25). Сыртқы ортада жұмыртқалар инвазионды қасиеттерін 18 айға дейін сақтайды. Ірі члениктарды немесе адамның флекалияларымен бөлінетін цепен жұмыртқаларын ,азық немесе сумен жұту нәтижесінде бұзаулар ауруды жұқтырады. Аралық иесінің ағзасында жұмыртқадан шыққан ұрықтар қанға еніп, одан кейін бұлшық ет, бауыр және т.б. мүшелерге ,соның ішінде жүреке еніп, инвазионды цистицерктерге айналады. Өндірістік типтегі семірту шаруашылықтарында жаппай ауруды жұқтыру мүмкін. Инвазияның таралуына шаруашылық объектілеріндегі антисанитарлы жағдай (дәретханалардың жоқтығы) әсер етеді.


25Сурет-Ірі қара малдың цистицеркозы қоздырғышы

Финноз клиникалық білінбей өтеді, қалтырау, миозиттер, кенет жүдеу,қанды зерттегенде эозинофилияны байқайды( қанда эозинфелдер санының өсуі).

Ірі қара малдың цистицеркозы диагнозын союдан кейін қояды, жүрек,тіл және шайнау бұлшық етінде, көкет аяқтарында цистицерктерді анықтау жолымен.

Емдеу жолы жасалмаған.



Алдын-алу мен күресу шаралары ветеринарлық және медикосанитарлық шаралардың кешенін ұйымдастыруға негізделеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет