Әжемнің маған ежелден бері достықтың бірнеше түрі бар екенін түсіндіріп айтқаны есімде. «Дос тамыр», «Жандостық» «Құрдас достық» дегендерді мүлде білмеппін



Дата30.03.2023
өлшемі14,54 Kb.
#77487

«Бір дос бар мұрныңнан ұан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше» деп ата-бабаларымыз айтқандай, қазіргі заманда достардың қайсысы осы сипатқа ие екен? Жалпы дос деп кімді атайды? Менің өмірімде достың алатын орны қандай? Досым мені көрге сүйрей ме, төрге сүйрей ме? Өзім сүріп жатқан ортамда адал досым бар ма? Осы сұрақтар мені әрдайым мазалап жүреді. Шынын айтқанда, осы достық деген не? Ең алдымен өз түсінігімді, ылғи да сырымды айтып жүретін әжеме айтқым келді. Әжем, әдеттегідей, менің ойымды бөлмей, мұқият тыңдап алды да: «Ия, қызым, достық - өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құдылық. Дос табу оңай, ал оны сақтап қалу одан да қиын. Достықты нәзіктікпен берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажат ететін нәзік өсімдік сияқты. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады, өзін жалғызбын деп сезінбейді», -деп түсіндірді.
Әжемнің маған ежелден бері достықтың бірнеше түрі бар екенін түсіндіріп айтқаны есімде. «Дос тамыр», «Жандостық» «Құрдас достық» дегендерді мүлде білмеппін. Осылардың арасыннан маған «Құрдастық достық» деген қызық болған соң, оның мән-мағынасын ашуға, мысал іздеуге тырыстым. Менің түсінгенім, құрбы-құрдастар арасындағы достық ерікті түрде басталып кетеді, себебі бұндай достыққа бір ғана негіз болатын, олар - бір жылда туған достар. Құрдастар ағайынды болып кетеді екен. Тарихи деректерді оқығанда, белгілі қазақ тұлғалары өз құрдастарымен қалай қарым-қатынас жасағаны білдім.
Жуырда мен «Абай туралы естеліктер» атты кітапта, Ниязбек Алджарұлы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өзінің Қыздар есімді құрдаспен қалай дос болғанын айтып бергенін оқыдым. Қаншама Абай атамның өмірімен таныссам да, бұл мәлімет қызықты және мен үшін жаңалық болды. Абай атамның өмірінен білетінім: ол көп жылдар бойы аға сұлтан болған кісі. Абай талай рет халық арасындағы келіспеушіліктерді дау-дамайсыз шешіп жүрген. Бір жолы Абайға құрдас досы Қыздардың да дауын шешуге тура келді. Қыздар Жасбала атты қызға ғашық болыпты, ал қазақ дәстүрі бойынша Жасбаланы ата-анасы бала кезінен атастырып, қалыңмалын да алып қойған екен. Қыздар болса, басқа қазақ дәстүрі бойынша Жасбаланы алып қашыпты. Сол себепті атастырып қойған жігіттің ағалары: «Біз қалыңдық үшін қалың малды төледік, ал Қыздар оны ұрлап кетті, міне, біз сізге бұл туралы айту үшін келдік», - деп Абайға бұл дауды шешуге көмектесуді өтініпті. Абай болса біраз уақыт бойы өз ойына батып, үнсіз отырды да, былай деп жауап беріпті : "Қызды оның келісімімен алды, енді ол - оның әйелі. Сондықтан отбасын бұзудың себебі жоқ деп ойлаймын. Бірақ мен сізге қалыңдық үшін төленген барлық қалыңмалды қайтару үшін тірлігімді жасаймын". Бірақ Қыздармен сөйлескен соң қалың малды қайтарып беруге шамасы жоқ екенін түсініп, барлық шығынды өз мойнына алыпты. Төленген қалыңмалды бүге-шегесіне дейін өзі төлеп, Қыздар досын құтқарып алыпты. Кейін Абай Қыздар басын қатерге тігуге дайын болған Жасбаланы көру үшін, Қыздардың ауылына әдейі барыпты. Танысқан соң, Абайдың таңғалғаны сонша, бір ауыз сөз де айта алмай үнсіз отырып қалыпты, себебі Жасбаланың бетінде қызылша ауруының салдарынан дақтар пайда болыпты және соның кесірінен бір көзі де соқыр болып қалыпты. Үнсіздікті жою үшін Қыздар Абайға: «Сен менің Жасбалама менің көзімен қарасаң, сонда оның қандай жан екенін түсіненсің!»-депті. Абай күлімсіреп: «Ия,сенікі шындық!Сенің көзқарасың - бұл менің көзқарасым» - деп айтыпты.
Ойымды қорыта келсем, Абай атам құрдас досы Қыздар үшін жанын пида етуге, бар жинап терегенін беруге дайын болғанын түсіндім. Абай құрдастық достықты қаншалықты бағалағаны, қазіргі жастарға үлгі болатын достық деп ойлаймын. «Құрдастық достық» бізідің өмірімізде жалғасын табатынына сенімдімін.
Петропавл қаласы
«№4 орта мектеп» КММ
6 «Б» сынып оқушысы
Нокушева Алина
Жетекшісі: Искожина Асия Акылжановна

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет