Екі компонентті жүйедегі сұйықтықтардың өзара ерігіштігін зерттеу



бет1/2
Дата31.10.2022
өлшемі166,5 Kb.
#46590
  1   2
Байланысты:
Лб 3 Екі компонентті жүйедегі сұйықтықтардың өзара ерігіштігін зерттеу


Екі компонентті жүйедегі сұйықтықтардың өзара ерігіштігін зерттеу

Сұйықтардың бір-бірінде өзара ерігіштігі әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір сұйықтар бір-бірімен кез келген ара қатынаста араласады /Су-ацетон, су-спирт және т.б./, басқа сұйықтар іс жүзінде бір-бірінде ерімейді /су-бензол/. Үшінші типті сұйықтардың өзара ерігіштігі шектеулі. Мұндай жүйелер температуралар мен концентрациялардың белгілі бір аймағында екі сұйық қабатқа бөлінуімен сипатталады. Сұйық екі фазала тепе-теңдік аймағын шектейтін қисық бинодальді қисық деп аталады. Жүйенің қасиеттеріне қарай бинодальді максимум арқылы /бұл жағдайда жоғары кризистік температурасы бар жүйемен, мысалы, фенол-су, жұмыс істейміз немесе минимум арқылы жүйенің төменгі кризистік темературасы болады, мысалы, үш этиламин-су/ етуі мүмкін.


Тұйық қабаттасу аймағы бар жүйелер сирек кездеседі, олар ерігіштіктің жоғары және төменгі кризистік температурасы болумен сипатталады. Оған су-никотин жүйесі мысал бола алады.
Тұрақты температура кезінде бинодальді қисықтың екі нүктесін қосатын түзу нода деп аталады. Бұл нүктелер берілген температурадағы екі тепе-тең фазаның құрамдарына сәйкес келеді. Сөйтіп, бинарлы жүйеде екі тепе-тең фазаның құрамдарын анықтау үшін температураның қажетті мәнінде абцисса осіне параллель түзу жүргізіп, оның бинодальді қисықпен қиылысу нүктелерінен құрамның осіне перпендикуляр түсіру жеткілікті. Тепе-тең фазалардың құрамдары тек температура мәнімен ғана анықталатындықтан, қоспаның бастапқы жалпы құрамының маңызы болмайды /1-суретті қара/. Егер а% А компоненті бар қоспа с% С компоненті бар қоспаны алатын болсақ, бірдей температурада екі қоспа үшін де қабаттардың құрамы бірдей /Х1 және Х2/ болады, олардың тек массалары ған өзгереді. Температура көтерілгенде шектеулі еритін сұйықтардың өзара ерігіштігі түрліше өзгереді.
Егер жүйенің жоғара кризистік температурасы болса, онда температуның жоғарылауы компоненттердің өзара ерігіштігінің артуына әсерін тигізеді. 2-суреттен температураның артуымен тепе-тең қабаттардың құрамдары бірте-бірте жақындасып, t=Tкр. кезінде барабарланатыны, яғни сұйықтардың толық өзара ерігіштігі пайда болатындығы көрінеді. Егер жүйенің төменгі кризистік температурасы болса, онда сұйықтардың өзара ерігіштігі температураның төмендеуіне қарай артады. Ерігіштіктің төменгі кризистік температурасы және одан төмен температураларда сұйықтар бір-бірінде шексіз ериді /3-сурет/.
Жүйенің кризистік температурасы мен кризистік құрамын табу үшін Алексеевтің жарты диаметр ережесін пайдаланады: бірнеше нода жүргізіледі /температуралардың бірдей интервалдары арқылы жүргізілетіні дұрыс/, әрбір нода қақ бөлініп, нодалардың ортасы арқылы бинодальмен қиылысқанша бірқалыпты қисық жүргізіледі. Қиылысу нүктесінің координаттары жүйенің кризистік температурасы мен кризистік құрамын береді /4-сурет/.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет