Экономикалық дамудың кластерлік принципі» - елдің
бəсекеге қабілеттілігін арттыру»
2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.
Назарбаевтың Жолдауында республикамыздың бəсекеге
қабілетті əлемнің 50 елі қатарына қосылу міндеті қойылды.
Бұл міндетті қысқаша анықтап шығу үшін бəсекеге
қабілеттілік рейтингіндегі Қазақстанның тұғырын, берілген
рейтингін есептеу əдіснамасын жəне бірқатар басқа да
мəселелерді қарастыру керек. Бəсекеге қабілеттілікті
арттыру ең алдымен бəсекеге қабілеттілік дегеннің мəнісін
түсініп алу арқылы анықталады. Қазірдің өзінде
Президенттің аталған Жолдауын талқылау барысында алға
тартылған міндеттің əр түрлі түсінілгенін байқау қиын емес:
көбіне əңгіме “ең дамыған”, “ең табысты”, “ең бəсекеге
қабілетті” елдер туралы болып жатады. Біздің ойымызша,
Қазақстанды бəсекеге қабілетті елдің бірі ету мақсаты
қойылғанын анық түсіну керек. Жəне де жалпылама емес,
белгілі бір əдіснама, дəлірек айтқанда, жыл сайын есептеліп
отыратын Бүкілəлемдік экономикалық форум (БЭФ)
белгілеген бəсекеге қабілеттіліктің өсу индексі бойынша
бəсекеге қабілетті ету мақсаты көзделіп отыр. 2013 жылдың
қорытындысы бойынша БҚӨИ бағалаудың басқа үлгісі
жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексімен алмасты. Бірақ
Президент Жолдауы БЭФ елдердің бəсекеге қабілеттілігін
БҚӨИ бойынша бағалап отырған 2010 жылдың наурызында
жасалған болатын, сондықтан да бұрынғы нұсқада
қабылданған бағалау критерийінің индексін де қарастырған
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |