Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастарудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
қоғам
жеке тұлға
азамат
апатрид
резидент
Қоғамда автономды жағдайы (мәртебесі) бар және соған сәйкес құқықтарға, бостандықтар мен міндеттерге ие болатын адам
тұлға
зат
болмыс
заңдық факт
әрекет қабілетсіз
Жекелеген тұлғалардың (билік етушілердің) еркі мен іс әрекеті басқа тұлғалардың (бағыныштылардың) еркі мен іс-әрекетінен басым тұратын, үстемдік ету мен бағыныштылық қатынастары
билік
әлеумет
құрмет
елшілік
әділдік
Анықталмаған тұлғалар шеңберіне және жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз әрекет ететін жалпыға ортақ жүріс- тұрыс ережесі.
норма
сұрақ
мәселе
қатынас
санкция
Басқару-қамтамасыз етушілік, қорғаушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы аппаратты иеленетін және елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы
мемлекет
жеке тұлға
заңды тұлға
халықаралық ұйым
одақ
Мәжбүрлеу аппаратына негізделе отырып, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын қарым-қатынастар жүйесі
мемлекеттік билік
қоғамдық қадағалау
әлеуметтік сараптама
азаматтық қоғам
анархия
Өзін өзі басқаруға негізделген жергілікті билік
муниципалитет
монархия
автократия
конфедерация
прокуратура
Мемлекеттік биліктің ел ішінде және одан тыс жерде басқа кез келген биліктен (саяси және идеологиялық) тәуелсіздігі
егемендік
елшілік
ерулік
монополия
домен
Мемлекеттің өзінің барлық істерін дербес және ерікті түрде шешу құқығы
егемендік
бағыныштылық
елшілік
сот әділдігі
заң шығармашылық
Елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы
саяси жүйе
жеке адам
қоғам
мемлекет
заңды тұлға
Билік етудің құралдары мен тәсілдерінде, демократиялық немесе демократиялық емес сипатында көрініс табатын биліктің мазмұны
саяси режим
басқару нысаны
территориялық құрамы
заңшығармашылық
құқықтық
Әрбір органға тиесілі биліктің көлемінің шектері заңмен анықталатын, барлық биліктік органдар халықтың мандатына, барлық азаматтар сотпен корғалатын ажырамас құқықтар мен бостандықтарға ие болатын мемлекет
демократиялық
автократиялық
тоталитарлық
фашистік
анархиялық
Мемлекеттік билік заңмен анықталса да тікелей халық мандатына ие болмайтын, бірақ билік етуші органдар мен тұлғалардың шектелген аясымен басқарушылық әкімшілік аппаратты, қарулы күштер мен жазалау мекемелерін тікелей пайдалану арқылы жүзеге асырылумен сипатталатын мемлекет
авторитарлық
құқықтық
демократиялық
либералды
лейбористік
Әкімшілік басқару бәрін билеп-төстеуге негізделген мемлекет, ол заңмен анықталмайды. Қоғам өмірінде тәуелсіз сот төрелігі мен адам құқықтары болмайды, бүкіл қоғам басқарушылық әкімшілік аппарат пен жазалаушы органдардың тоталитарлық бақылауына алынады, адам құқықтарын шексіз аяққа таптау жүзеге асырылады
тоталитарлық
тікелей демократиялық
либералды демократиялық
құқықтық
бостандық
Мемлекеттің басқарушьғлық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардын, мекемелер мен ұйымдардын біртұтас, иерархиялык жүйесі (кешені).
мемлекеттік аппарат
жеке тұлға
заңды тұлға
одақ
апатрид
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын жэне тиісті биліктік өкілеттіктерге ие ұйым немесе басқарма
мемлекеттік орган
жеке тұлға
заңды тұлға
қоғам
индивид
Мемлекеттік орган, сондай-ақ, лауазымды тұлға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі
құзірет
міндет
парыз
сенім
білім
Басқару, саяси тәртіп нысанында және мемлекеттік құрылым нысанында көрініс табатын, елдегі мемлекеттік билікті ұйымдастыру
мемлекет нысаны
егемендік
ұйым
әрекет қабілеттілік
сервитут
Мемлекеттің жоғары билігін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің жиынтығы
басқару нысаны
саяси тәртіп
территориялық құрылым
егемендік
қоғам
Мемлекеттің құрамдас бірліктерінің біртұтас және аумақтық бөліктер ретіндегі ара қатынасын ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің жиынтығы
құрылым нысаны
басқару нысаны
саяси тәртібі
демократия
антидемократия
Мемлекетпен танылатын қайнар көздерде көрініс тапқан жүріс- тұрыстың талабы болып табылатын жалпыға міндетті нормалар жүйесі
құқық
дәстүр
салт
ғұрып
жөн-жоралғы
Құқықтың көмегімен қоғамдық қатынастарға, адамдардың жүріс- тұрысына құқықтық құралдардың барлық жүйесімен әсер етуді жүзеге асыру
құқықтық реттеу
азаматтық қоғам
әлеуметтік эксперимент
рулық қауым
егемендік
Барлық заңды нормаларды, барлық құқықтық ережелерді барлық субъектілермен, яғни азаматтармен, олардың бірлестіктерімен, лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік органадармен қатаң әрі мүлтіксіз сақтау мен орындау талабы
заңдылық
сот әділдігі
қадағалау
теңдік
дискриминация
Заң талаптарының тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуын көрсететін, қоғамдық қатынастардың іс жүзінде ретке келтірілу жағдайы
құқықтық тәртіп
жаппай тәртіпсіздік
құқықбұзушылық
құқықтық нигилизм
әділетсіздік
Құқықтық болмыстың құқықықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтас қарастырылатын жүйесі
құқықтық жүйе
мемлекет нысаны
саяси тәртіп
құқықтық білім
құқық ғылымы
Мемлекетпен бекітілетін немесе танылатын қүқық нормаларының көрінісінің және бекітілуінің, оларға заңды, міндеттілік мән берудің құжаттық нысаны
құқықтың қайнар көзі
құқықтық мемлекет
құқықтық саясат
құқықтық мәдениет
құқықтық сана
Заңдық нормалардан құралған ресми құжат
нормативтік акт
әдет-ғұрып
әкімшілік прецедент
діни ереже
салт
Заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде белгіленетін және құқық субъектісінің құқықты-рұксат етілген (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрысының талабы ретінде көрініс табатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі
заңды норма
санкция
гипотеза
диспозиция
мемлекет
Құқық құрылымы, оның салалар мен институттарға тармақталауы
құқық жүйесі
құқықтық жүйе
құқық нормасы
құқықтық мәдениет
құқықтық сана
Заңдық реттеудің өзіне тән режимімен ерекшеленетін және біртектес қоғамдық катынастарды қамтитын құқық жүйесінің басты тармағы
құқық саласы
құқық нормасы
гипотеза
диспозиция
міндет
Құқықсубъектілікке ие тұлғалар, яғни кұқықтар мен міндеттерді иелене алатын, құқықтық қатынастарға қатыса алатын азаматтар, ұйымдар мен қоғамдық құрылымдар
құқық субъектілері
құқық объектісі
құқық мазмұны
құқық мәні
құқықтық қатынас
Субъективтік құқықтар мен занды міндеттерге ие болатын субъектілер арасындағы байланыс
құқықтық қатынас
құқық субъектілер
құқықтық сана
құқықтық мәдениет
құқық ережесі
Кінәлі тұлғаға жасалынған құқық бұзушылық үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары
заңды жауапкершілік
марапаттау
сендіру
ақпарат
өкілеттік
Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайтын теория
теологиялық
патриархалдық
ирригационды
таптық
психологиялық
Мемлекетгің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындататын теория
патриархалдық
диффузиялық
географиялық
спорттық мектеп теориясы
демографиялық
Бұл теория бойынша мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді
келісім-шарттық
күштеу
органикалық
таптық
патриархалды
Мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын танитын теория
күштеу
психологиялық
органикалық
келісім-шарттық
ирригациялық
Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы кауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстыратын теория
психологиялық
органикалық
ирригациялық
материалистік
патерналистік
Бұл теория бойынша мемлекет бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биологиялык дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі
органикалық
ирригациялық
диффузиялық
инцестік
материалистік
Бұл теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстык аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты
ирригациялық
материалистік
органикалық
психологиялық
күштеу
Бұл теория мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады
материалистік
ирригациялық
күштеу
органикалық
теологиялық
Арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы
мемлекет
ру
тайпа
одақ
федерация субъектісі
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
бұқаралық биліктің болуы
ортақ қабірстанның болуы
әлеуметтік жіктелудің болмауы
қоғам мүшелеріне артықшылық бермеу
табыстың бірдей бөлінуі
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
аумақтық бөлініс
тайпаға тиесілік
билік ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді
билік тікелей қоғамдық болып табылады, өзін-өзі басқару негізінде қалыптасты
билік органы ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар кеңесі, әскербасылар қызмет етті
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
салықтар жүйесі
ақшаның болмауы
билік органы ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар кеңесі, әскербасылар қызмет етті
билік ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді
әлеуметтік жіктелудің болмауы
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
егемендік
саяси тәуелділік
құқықтық ережелердің болмауы
жабайы демократия
бұқаралық билік жоқ
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
құқықтың болуы
құқық ережелерінің болмауы
айырмашылығы жоқ
билік ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді
|