Әл-Фараби атындағы ҚазҰу медицина және денсаулық сақтау



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата11.11.2022
өлшемі1 Mb.
#49299
  1   2   3   4


Инфекция туралы жалпы ұғым. 
Инфекциялық аурулардың классификациясы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Медицина және денсаулық сақтау


Жоспары:
Инфекциялық процесс
Инфекциялық ауру
Инфекциялық процестің сатылары мен даму жағдайлары
Инфекциялық аурулардың ерекшеліктері
Инфекциялық аурулардың классификациясы


Кіріспе
Тірі жәндіктер дүниесінде, бірінші жағынан, микро- және макроорганизмдер арасында, екінші
жағынан, осы организмдермен қоршаған орта жағдайлары арасында өзара күрделі қарым-
қатынас болып отырады. Бұл органикалық дүниенің ұзақ уақыт бірге дамуының нәтижесі.
Микробатардың патогенді емес формалары – сапрофиттер - өсімдіктер қалдығында,
жануарлар өлексесінде, топырақта, суда, атмосферада өскен деген жорамалдар бар. Содан
кейін, өзінің тіршілігі үшін тірі организм заттарын пайдаланған особьтар пайда болды, олар
органдарға және ұлпаларға енген, орта жағдайына бейімделген. Кейбір микроорганизмдер
түгел организм, кейбіреулеріне жеке органдар, мүшелер тіршілік мекені болған. Сөйтіп бірте-
бірте органотроптық микробтардың күрделі макроорганизмде белгілі бір мүшеге не ұлпаға
бейімделуі пайда болған. Макроорганизмнің қоректік затын пайдалану және оның өніміне
басқа тірі жәндіктер өнімдерінің араласуы физиологиялық тепе-теңдікті бұзды, яғни
патологияға ұшыратты.
Демек, инфекция – зардапты микробтардың макроорганизмдерге енуі нәтижесінде пайда
болатын биологиялық процестің комплексі.


Инфекция термині (лат. Infectio –
зақымдау, жұқтыру, ластау) –
инфекциялық агенттің 
микроорганизмге еніп, биологиялық 
процестер тудыруы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет