Электростатика. Есептер шығару



Дата15.01.2023
өлшемі17,54 Kb.
#61385

Электростатика. Есептер шығару
1. Бір-бірінен 3см қашықтықта тұрған, әрқайсысы 20 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әрекеттеседі?
2. Шамасы және таңбасы жағынан бірдей екі нүктелік заряд ваккумде бір-бірінен 3,0 м қашықтықта орналасқан және 0,40 Н күшпен тебіледі. Әр зарядтың шамасын анықтаңдар?
3. Суда бір-бірінен 3,3см қашықтықта орналасқан 0,66*10-7Кл және 1,1*10-3 Кл екі заряд өзара қандай күшпен әрекеттеседі?
4. Бір кулон зарядтың шамасы туралы түсінік болуы үшін вакуумде бір-бірінен 1м қашықтықта орналасқан шамасы 1Кл болатын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күшін есепте. Суда дәл сондай қашықтықта әрекеттесу күші қандай?
5. 1мкКл және 10нКл екі заряд 9мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?

6. Арақашықтығы 20 см, зарядтары 4нКл және 6 нКл зарядталған вакуумдегі бірдей екі кішкене шар қандай күшпен әрекеттеседі?




7. Кл заряд тұрған нүктеде электр өрісінің кернеулігі 5Н/Кл.Зарядқа әсер ететін күшті табу керек.


8. 28нКл зарядқа электр өрісі тарапынан 450мкН күш әрекет етеді. Осы электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар.

9. Кернеулігі 200Н/Кл біртекті электр өрісінде орналасқан нүктелік зарядқа әсер ететін күш 4мН-ға тең.Нүктелік зарядтың шамасын тап.




10. 2,7*Кл нүктелік заряд өрісінің кернеулігін 10см қашықтықтан анықтаңыздар.Заряд су ішінде. ℇ=81.k=9* Н* /

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет