Әлеуметтану



Pdf көрінісі
Дата15.11.2023
өлшемі31,26 Kb.
#123079


Бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық коммуникация, заманауи ақпараттық
технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай əсер ететіні туралы эссе
Əлеуметтік əлемді түсінудегі əлеуметтану.
«Əлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы əрі социологы Огюст Контпен
(1798-1857) қолданылды. Қоғам мен əлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде
түсіндірілді. Əлеуметтану қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын əлеуметтік
құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу
объектісі - социум деп аталатын əлеуметтік шындық. Əлеуметтану – қоғамдық
жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық жəне
эмпирикалық пəн. Əлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді.
Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік,
эстетикалық жəне т.б. əрекет етеді. Берілген жағдайда əлеуметтану нақты қызмет
ететін барлық салаларда əлеуметтік өзара əрекеттерді қарастырады.Əлеуметтанудың
объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған
əлеуметтік шындық саласы: əлеуметтік институттар, əлеуметтік қатынастар мен
үрдістер, əлеуметтік құрылым, əлеуметтік қоғам , əлеуметтік роль , əлеуметтік бақылау
жəне т.б. жатады. Əлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, əлеуметтік
қарама-қайшылық жатқызылады.Əлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мəні,
əлеуметтік қатынастар жəне байланыстар əлеуметтік заңдар мен зандылықтар
деңгейінде зерттеледі.Əлеуметтік заң – бұл əлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең
алдымен, адамдардың əлеуметтік əрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік
əлеуметтік əрекеттерінің жалпы жəне қажетті байланыстарын айқындауы.Қазіргі
замандық ғылымда – əлеуметтану қоғамды əлеуметтік толық
жүйе ретінде қарастыратын жəне осы жүйенің жеке тұлғалар, əлеуметтік қауымдар,
институттар сияқты өзіндік құрамдас элементтері арқылы қызмет етуі мен дамуы
туралы ғылым деген анықтама кең тараған.Қазіргі ғылымда «əлеуметтік» деген
терминнің бірнеше мағынасы
бар. Біріншіден, бұл термин адамдар арасында əлеуметтік
байланыстардың болатындығын дəлелдейді. Осы мағынада
«əлеуметтік» термині – қоғамдағы жасына, дүние-мүлкіне, ұлттық белгілеріне қарай
ерекшеленетін адамдардың, түрлі қауымдардың
өзара ықпалдары жүзеге асатын қоғамдық өмір өрісін анықтаумен
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет