Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерін салыстыру Әлеуметтанулық зерттеу Артықшылығы Кемшілігі!



Дата19.10.2023
өлшемі37,68 Kb.
#119107
түріПрограмма

Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерін салыстыру Әлеуметтанулық зерттеу Артықшылығы Кемшілігі!

Сандық Зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие бола аламыз; Зерттеу объектісін кең ауқымда қамту; Болашақ дамуды болжауға мүмкіндік; Арнайы программалар қажет ететін әдіс; Ұзақ уақытты қажет етеді; Бір нәтиже беретін индикаторларды жаңғырту мүмкіншілігі болу керек; Сапалық Кішігірім респонденттерден тұратын топтан өткізуге болады; Статистикалық талдау көмегін қажет етпейді; Адамдардың ішкі мотивтерін анықтауға мүмкіндік береді; Шағын мөлшер респонденттер нәтижелерін барлық халық нәтижесімен жалпылауға болмайды; Әрқашан объективті емес; Дәлдіктің жеткілікті жоғары дәрежесі жоқ; Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдері Әлеуметтанулық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану. Әлеуметтанулық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады: — зерттеуге дайындық; — бастапқы ақпаратты жинақтау; — жиналған ақпаратты өңдеу — өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау. Социологиялық әдістердің әр алуандығы оның зерттейтін объектісінің өзі сан - салалы , көп түрлі , әрі күрделі болуымен түсін діріледі Ал ең алдымен әдістің әр түрлі болуын қоғамның өзін әр түрлі ұғынуынан іздеген жөн . Осыған байланысты жеке қоғамдық құбылыстардың оқылуы сол негізге лайық келеді . Социология ғылымында қоғамның мәнін қарама - қарсы түсіндіретін бірнеше көзқарастар қалыптасқан , соның әрқайсысы әдістерді әр түрлі түсіндіруге ықпал жасайды. Әлеуметтанудың «әдіс» түсінігі жинақты мағынада қолданылады , сондықтан " әдістер " туралы айтылады . Социология әдісінің маңызды сипаттамаларының бірі – әлеуметтік ақиқатты оқуда эмпирикалық зерттеулерге сүйену болады . Бұл зерттеулердің шеңберінде түрлі тәсілдер қолданады : байқау , сұрау , құжатты талдау , эксперимент ( яғни ғылыми тәжірибе жүргізу ) және үлгі әзірлеу.Сөйтіп , эмпирикалық деңгейде деректер жиналып ол теориялық ой арқылы талдауға түседі, тұжырымдалады . Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құру Кез келген әлеуметтік іске асыру Зерттеу бірқатар міндетті қадамдарды қамтиды: 1. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын жасау. 2. Алғашқы әлеуметтік ақпараттар жинағы. 3. Мәліметтерді алғашқы өңдеу және оларды компьютерге енгізу. 4. Мәліметтерді талдау. 5. Есептер мен аналитикалық анықтамаларды дайындау. Бағдарлама ғылыми зерттеудің стратегиялық құжаттарының түріне жатады, оның мақсаты болашақ оқиғаның жалпы схемасын немесе жоспарын ұсыну, бүкіл зерттеудің тұжырымдамасын белгілеу болып табылады. Ол белгілі бір құбылысты немесе процесті зерттеудің әдіснамалық тәсілдері мен әдіснамалық әдістерінің теориялық негіздемесін қамтиды. Зерттеу бағдарламасы аталған мақсаттарға байланысты құрылады. Бірақ зерттеудің нақты мақсаты қандай болса да, оның жалпы бағыты сайып келгенде практикалық мүдделерге жауап береді. Мұқият құрастырылған бағдарлама – бүкіл зерттеудің табыстылығының кепілі. Идеалды жағдайда теориялық және қолданбалы зерттеулер бағдарламасы келесі элементтерді қамтиды. Бағдарламаға қойылатын негізгі талаптар: 1. Қажеттілік (неліктен бұл әдістерді таңдады және т.б.). 2. Айқындық (бағдарламаның анықтығы, анықтығы). 3. Икемділік (әлеуметтік зерттеулер жүргізу процесіндегі қателерді түзету мүмкіндігі). 4. Құрылымның логикалық реттілігі. Бағдарламаның құрылымы екі бөлімнен тұрады: 1. Әдістемелік Проблемалық өрісті сипаттау, есептерді құрастыру; зерттеу объектісін, пәнін анықтау; зерттеудің мақсатын анықтау және міндеттерін қою;негізгі ұғымдарды нақтылау және түсіндіру (негізгі ұғымдарды эмпирикалық және теориялық түсіндіру); зерттеу объектісіне жүйелік талдау жасау; зерттеу тұжырымы. 2. Процессуалдық (процессуалдықәдістемелік) Негізгі зерттеу жоспары (стратегиялық); іріктеу жиынын жобалау және негіздеу; мәліметтерді жинау мен талдаудың әдістері мен негізгі процедураларын таңдау және негіздеу; социологиялық құралдардың құрылысы. Бағдарламаны әзірлеуге еңбек шығындарының 30-дан 70%-ға дейін жұмсалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет