Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Бос уақытты ұйымдастыру драматургиясы негіздері.
Орындаған студент:
Мырзалы Гулзат спс-41
7 - апта
Нұр-Сұлтан қаласы
.
Бос уақытты ұйымдастыру драматургиясы негіздері.
Өтпелі кезеңнің ең өзекті мәселелерінің бірі ол жаңашыл адамның бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Э. Фромм айтқандай: «Біз өткен жүз жылдыққа қарағанда жұмыс уақытын екі есе қысқарттық. Біздікіндей бос уақытты ата-бабаларымыз армандай да алмаған. Енді не болды? Біз сол бос уақытты қалай дұрыс өткізу керек екенін де білмейміз. Біз уақытты өлтіргенімізге, бір күннің біткеніне қуанамыз». Е.А. Ямбургтың пайымдауынша, Жаңашыл заманда білікті және мобильді тұлға тәрбиелеумен қатар, басқа да мақсат бар, ол – «рухани бай тұлға» тәрбиелеу. Жас адамның мынадай тұлғалық қасиеттері маңыздыррақ болып бара жатыр: ашықтық, шығармашылық белсенділік, инициативтілік және жауапкершілігі мол дербестік. Бұл қасиеттердің барлығы тұлға бойында бос уақыт сферасында қалыптасатындығы күмән келтірмейді. Қоғамда тұлғаның бос уақытын тиімді ұйымдастыру әлеуметтік тәрбие аясына жататыны мойындалды. Бұл жағдай Еуропа мен Ресей сияқты көптеген елдердің қазіргі жаңашыл білім саясатына әсерін тигізіп отыр, және инновациялық үдерістерді маманның дайындығында көрсетілген шеңбер үшін кедергі келтіреді. Маңызды үлесті осы мәселенің зерттемесіне В.Г зертте- енді. Афанасьевтың, Л.Г. Борисовой, Л.А. Гордона, Б.А. Грушина, Г.Е. Зборовского, М.С. Кагана, Э.В. Клопова, Г.П. Орлова, В.Д. Патрушева, В.И. Пименовой, Г.А. Пруденского, С.Г. Струмилина, Э.В. Соколова, Н.Н. Трубникова и др. Аталған және басқа да авторлардың еңбектерінде бос уақыттың әлеуметтік ұғым және тұлға дамуының шарты ретінде жалпы әдістемелік талдауы жасалды. Түрлі сөздіктерде «бос уақыт» ұғымы – бұл адамда қалатын жұмыстан және сабақтан тыс уақыт сияқты міндетті жұмыстарынан тыс (үй шаруасы, өз өзіне қарау сияқты) уақыты. Бос уақыттың бұндай анықтамасы басқа да шет ел ғалымдарымен (Т. Веблен, Э. Гидденс, С. Де-Гразия, М. Каплан, С. Паркер и др.) и отечественных (Л.А. Гордон, Б.А. Грушин, В.Л. Иноземцев, Э.В. Клопов, Г.П. Орлов, Э.В. Соколов және т.б. В.Л. Иноземцев ойынша, қазіргі таңда бос уақыт пен еңбек айырмашылығы қалмай бара жатыр.
Адам баласы өмірінің басты мақсаты – ол мәдениет принциптеріне сүйене отырып, өзінің бойындағы дарынды-қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады.
7 Мәдениет, негізінен, қарқынды түрде қоршаған ортаны, қоғамды, адамзаттың өмір сүру салтын өзгеріске ұшырата алады, сондықтанда ол өмір сүрудің шығармашылық факторы ретінде және қоғамдық жаңа өзгерістердің шексіз қайнар көзі ретінде бағаланады. Осыдан мәдениеттің потенциалын, оның ішкі байлығын іздеп табуға және оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға деген құлшыныс туындайды. Мәдениетті адам баласы өзінің ішкі потенциалын жүзеге асыруы мен өзінің ерекшелігін атап көрсетуінің құралы ретінде қарастыра отырып, мәдениеттің тарихи процестерін және адам баласына позитивті әсер ететін жаңа түпсіз, шексіз импульстарды көруге болады.
Мәдениет – бұл халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған шығармашылық туындылары және тарихы. Мәдениет адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау және жаңарту (инновация) жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері болып табылады. Әлеуметтік болмыс адам баласысыз тіршілік етпейді және оның қасиеті де дәл осы қасиетінде шоғырланған. «Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мақсат-мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан».
Мәдениет ғылым айналымында және күнделікті өмірде жиі қолданылып жүретін сөздердің бірі болып табылатынын бәріміз білеміз. Әр адам баласы мәдениет сөзінің ғылыми мән-мазмұнымен таныспай тұрып, мәдениетке өзінің осы уақытқа дейін алған біліміне («априорлық білімге») негізделе отырып, өз тұрғысынан анықтама береді. Қазіргі мәдениеттану пәні де «мәдениет» ұғымын бейнелеудің екі негізгі ыңғайлары барын көрсетеді –
1. Күнделікті – қарапайым адам баласы беретін сипаттамалар;
2. Ғылыми (арнайы) – мәдениеттанушылар мен ғалымдардың көп жылдық еңбектері арқасында қол жеткізген құнды да мәнді анықтамалар.
Күнделікті өмірде мәдениет ұғымы 3 мағынада қолданылады:
1. Мәдениет деп қоғам өмірінің белгілі бір сферасы. Яғни, бұл сфера институционалды бекітілген сфера болып табылады (Мәдениет министрлігі, мәдениет бойынша дайындайтын орта кәсіпқой және жоғары оқу орындары, рухани құндылықтарды өндіретін және тарататын жүйелер
– журналдар, қоғамдар, клубтар, театрлар, мұражайлар және т.б.);
2. Үлкен әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға, халыққа немесе ұлтқа тән рухани құндылықтар мен нормалар жиынтығын мәдениет деп түсіну (элитарлы мәдениет, қазақ мәдениеті, шетелдік қазақ мәдениеті, жастар мәдениеті және т.с.с.);
3. Мәдениет дегеніміз рухани жетістіктердің сапалы дамуының жоғары деңгейі («мәдениетті» адам=«тәрбиелі» адам, «жұмыс орнының мәдениеті» =қызмет ету кеңістігінің тазалығы, жинақтылығы).
Сонымен, шындығына келгенде, адамдардың көпшілігі мәдениет деп өмірдің жалпы адамзат қабылдаған және тұрақты формаларын түсінеді
8 (салт-дәстүрлер, нормалар, институттар). Көпшілік жағдайда, мәдениеттің қарама-қайшы мағынасындағы сөзді пайдаланылатыны («мәдениетсіз») да белгілі нәрсе.
Ғылым әлемінде «мәдениет» ұғымын, категориясын және терминін жеке-жеке, сонымен қатар, дұрыс және дәл анықтама беруге тырысады. Алдымен «мәдениет» сөзінің этимологиясын қарастырар болсақ, бірқатар құнды деректер алуға болады. Яғни, «мәдениет» сөзінің ғылымда әлеуметтік дүниетанымға ие үш этимологиялық бастамалары бар:
1. «Culturа» деген сөзді ежелгі латын тілінен қазақ тіліне аударғанда жерді өңдеу, күту деген мағынаны береді;
2. Ал «сultus» деген латын сөзін қазақ тіліне аударғанда табыну, құрметтеу, білімділік, тәрбие және даму деген мағынаны береді;
3. Ал «медина» деген сөз араб тілінен аударғанда қала, қалалық деген мағынаны береді.
Сонымен, мәдениет (немесе» culture) ежелгі дәуірлерден келе жатқан термин болып табылады. Мәдениет феномен ретінде көп қабатты және көп сырлы болып табылады, оған бір жақты және бір аспект тұрғысынан анықтама беру көп нәрсеге бағыт бермейтіні – хақ. Қазіргі таңда «мәдениет» сөзі қарапайым өмірде және ғылымның барлық салаларында көп қолданылатын сөз болып табылатыны жоғарыда айтылды. Яғни, мәдениет сөзі – бұл көп мағыналарға және мәндерге ие құнды термин. «Мәдениет», сонымен қатар, 7 аспектілі ұғым болып табылады, яғни күнделікті өмірде мәдениет дегеніміз:
1)Нәтиже;
2)Процесс;
3)Іс-әрекет;
4)Тәсіл (мысалы, жануарлардан ерекшеленетін адам баласының өмір сүру әдет-ғұрпы);
5)Қарым-қатынас;
6)Норма;
7)Жүйе.
Мәдениет феноменін ғылыми тұрғыда қарастыратын пән – бұл мәдениеттану пәні. «Мәдениеттану – бұл XX ғасыр ғылымы, ол ғылыми коммуникация мен мәдениеттердің өзара байланысының қарқынды даму жағдайындағы Әлем мәдениеттерінің өзара жақындасу мен өзара араласу нәтижесінде туындаған қиындықтарға деген жауап ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы болып табылады».
Бірақ, шындығына келгенде, мәдениеттанудың тарихы-түбірі тереңде жатыр. Оның идеяларын Антика, Ортағасыр және Ренессанс дәуірлерінің мұраларынан байқауға болады, ал XVIII ғасыр аяғы – XIX ғасыр басы кезінде Еуропа қоғамдық ой жүйесінде ыңғайлар қалыптаса бастады. Сондықтан да мәдениеттану пәні XX ғасыр кезі емес, одан ертерірек басталды деп есептеу дұрыс болар.
Достарыңызбен бөлісу: |