Әлеуметтік қҰрылым және әлеуметтік стратификация



Дата14.04.2022
өлшемі14,53 Mb.
#30970

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ

1. Әлеуметтік құрылым түсінігі және ондағы негізгі теориялар.

2. Әлеуметтік стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділік.

3. Орта тап теориясы мен орта таптың рөлі мен орны.

Әлеуметтік құрылым - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы.

Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады.

Әлеуметтік құрылым ұғымы "таптық құрылым" ұғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік топтарға, жіктерге бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның тұтастығын және тұрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады.

Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар.

Кең мағынада — бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі. Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік қауымдардың және олардың арасындағы қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар — әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар.

Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқылы бірлестіктердің құрамын белгілейтін өте кең ұғым.

Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді;

—екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді

Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.)

Орта тап - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі негізгі әлеуметтік топтар: бай мен кедей ішінде аралық орын алатын қабаттар жиынтығы. Орта тап - бұл материалдық және әлеуметтік қажеттіліктердің кең ауқымын қанағаттандыру үшін жеткілікті тұрақты табысы бар адамдардың әлеуметтік тобы.



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет