Әлеуметтік құрылымы. Үндістандағы адамдардың қоғамда алатын орны басқа көптеген елдерден ерекше болды. Үнді қоғамы брахмандар, кшатрийлер, вайштер және шудралар деп төртке жіктелді. Бұл касталық жүйе деп аталды



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі17,88 Kb.
#136634
  1   2

Әлеуметтік құрылымы. Үндістандағы адамдардың қоғамда алатын орны басқа көптеген елдерден ерекше болды. Үнді қоғамы брахмандар, кшатрийлер, вайштер және шудралар деп төртке жіктелді. Бұл касталық жүйе деп аталды.

(Варна немесе каста туралы. Осылайша, бүкіл үнді қоғамы төрт топқа бөлінді. Әр топтың өз орны мен міндеттері нақты көрсетілді. Олардың өз міндеттерін дұрыс атқаруын патша мен оның қызметшілері бақылап отырды. Төменгі топ адамдарының өзінен жоғары топтағылардың міндетін атқаруына тыйым салынды. Ол топқа өтуіне жол берілмеді. Қаншама талантты, қайратты, білгір болса да әркім өз тобының ғана міндетін атқаруға тиісті еді. Сөйтіп, әрбір топ өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті жабық топқа айналды. Оны ғылыми әдебиетте варна немесе кейде каста деп те атайды.)



Брахмандар деп дінді уағыздаушы абыздарды атады. Тек брахмандар ғана қасиетті діни кітаптарды халыққа оқытып, үйрете алады. Ал қалғандары оларды тыңдап, қасиетті кітаптарды оқып-үйренуі керек. Олар Брахма атты құдайдың аузынан жаралған сүйікті ұлдары. Сондықтан оларға тіл тигізуге, айтқан сөздеріне күмәндануға болмайды. Брахманды өлтіру ең ауыр қылмыс саналды. Осылайша, брахмандар басқалардан ерекше, қасиетті топ болды. Олардың баласы да осындай қасиетті деп есептелінді.

Кшатрийлер елді қорғаушы, күзетуші, тәртіпті рет- теуші топ. Оларды Брахма өзінің қолдарынан жаратқан. Брахмандардан басқасы жауынгерлер тобының өкілдерін тыңдап, айтқандарын орындауы керек. Жауынгердің балалары дүниеге жауынгер, қолбасы болып келеді. Әскери іс басқалардың қолынан келмейді деп саналды. Сөйтіп, тек жауынгерлердің үрім-бұтағынан құрылған екінші топ қалыптасты.

Вайштер ерікті егіншілер тобы. Бұл үшінші жабық топ негізінен шаруалар болды. Бұл топқа қолөнершілер, малшылар мен саудагерлер де қосылды. Олар Брахманның жамбасынан жаратылғандар деп есептелді. Үшінші топ адамдары брахмандар мен жауынгерлерді тыңдауға, сыйлауға тиіс болды. Олардың баласы егін егумен, мал бағумен, қолөнершілікпен және сауда жасаумен ғана айналысуы керек. Өз ата-бабаларының кәсібімен ғана шұғылданып, соны қанағат тұтуы қажет делінді. Сөйтіп, бұлар белгілі бір салада ғана еңбек ете алатын топқа айнала берді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет