Білім беру ұйымы: «Х. Доспанова атындағы жоббм» кмм



Дата25.08.2023
өлшемі18,52 Kb.
#105568
Байланысты:
31 мамыр тәрбие сағаты қмж


Білім беру ұйымы:

«Х. Доспанова атындағы ЖОББМ» КММ

Педагогтің аты – жөні:

Тұрғалиева А. Қ.

Күні:

31.05.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Біздің сыныптың бір жылы»

Мақсаттары

Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру.
Оқушылардың тыңдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту.Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Патша өкіметінің қазақтардың жерін тартып алуы екі бағытта жүргізілді:

Біріншісі: әскери бекіністер салу арқылы.


Екіншісі:Қазақстанға басқа халықтарды қоныстандыру арқылы.


Орыс тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, қазақ тілінің дамуына зияны тиді. Қазақша жер-су атаулары өзгертіліп, орысша атаулар енгізілді. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі аяққа басылды.


Көрнекті тілші ,алым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, үлкен ағартушы Ахмет Байтұрсынов Патша өкіметінің отаршылдық саясатын айыптады.


1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағының құрылғаны туралы шарт қабылдады. Съезд КСРО мемлекетінің басты белгісі-КСРО мемлекеттік елтаңбасын , жалауын бекітті. КСРО астанасы Мәскеу қаласы болып белгіленді.


1931-1933 жылдары Қазақстан халықтары аштыққа ұшырады, осы жылдары қуаңшылық болды. Осы жылдары 2 миллионға жуық қазақтар қырылды. Ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайы өзен көлдерді жағалай бақа-шаян теріп, жол-жөнекей жәндіктерді, ит пен мысықты қорек еткендері де болды. Олар өз Отандарынан ашаршылыққа шыдымай Өзбекстан, Моңғолия, Түркменстан, Иран, Мәскеу,Ауғанстанға қоныс аударды. Елінен кеткен босқындар болатын.





Оқушыларға презентация көрсетіледі. Сол бойынша өз ойларын жеткізеді. 1931-1933 жылдары республикадан жыл сайын халық санымен мал саны кеміп отырған. Қазақстанның қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов, С.Сәдуақасовтар зорлық-зомбылықтарына наразылығын Кеңес өкіметі басшыларына жеткізіп отырды, бірақ Кеңес өкіметі құлақ аспады.

1929-1933 жылдар арасында 400-ге жуық көтерілістер болды.


Қазақстанда кеңес мемлекетін нығайтуға белсене қатысушы, қазақ халқының даңқты перзенті – Тұрар Рысқулов. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін оның жұмысына белсене қатысып РКФСР үкіметі төрағасының орынбасарлығына дейін көтерілді. Сонда тұтқынға алынып, «Халық жауы» деген жалған атпен атылып кетеді.Партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин атына жазылған «Бесеудің хаты» Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты. Оқиға 1932 жылы болды.








презентация

Сабақтың ортасы

Бұдан біз қазақ жеріндегі ашаршылыққа сол кезде билікте жүрген адамдар болсын, алаш ордашылар болсын, барлығы бір жақты ғана баға бергендігін көреміз. Яғни, олардың барлығы ашаршылықтың себебі табиғаттың қолайсыздығынан дегенге әкеліп тіреді. Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37 жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды.



Оқушылар қорытындылап айтады ойларын




Интербелсенді тақта/ компьютер презентация

Сабақтың соңы

«Біздің сыныптың бір жылы»
Осы оқу жылы да аяқталып қалды. Осы жылды өте жақсы белсенділікпен аяқтап жатырсыз, бұл үшін мен өте қуаныштымын! Қорытындылай келе сынып болып алған жүлделеріміз бен жеке-жеке алғанда жүлделерінің көп, спорт жағынан болсын, оқу жағынан болсын.
Осыған орай 5-сыныпты жақсы аяқтағандарыңыз үшін диплом табысталады!

Оқушыларға диплом табысталады!








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет