Қазақстан Республикасының Конституциясы
1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995
жылы
30 тамызда қабылданды.1995 жылы 30
тамызда республикада бүкілхалықтық референдум
өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа
Конституциясы қабылданды.
Дауыс беру еліміздің
қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау
учаскелерінде жүрді. Конституция бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті саяси
жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік
тармақтарынан жоғары тұрады. Парламент туралы
конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы
палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс)
Парламентке сайлау өткізілді.