Иманжүсіп Құтпанұлы
Тәуелсіздік
жолындағы
күрескер
Иманжүсіп
Құтпанұлы
1863
жылы Павлодар
облысы Ақсу ауданы, Алтыбай ауылында дүниеге келді.
Атасы Тұрғанбай датқа (1804 – 1850) Түркістан
қаласы маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі
Құтпан Кенесары
Қасымов көтерілісіне
қатысқан.
Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар
болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып,
палуан атанады.
Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Біржан
сал, Ақан
сері, Үкілі
Ыбырай, Балуан
Шолақ, Мәди әндерін
тамылжыта
шырқаған. Жаяу
Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес
берген, оған өлең де арнаған.
Патшалық Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған
Иманжүсіп 19 ғасырдың аяқ шенінде Ақмолаға келеді.
Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне
шыдамай, оларға шығарған өткір өлеңдерін айтады.
Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі.
1905–1912
жылдары Өскеменге,
1914
жылы Жетісуға жер
аударылады.
Шұбарағаш,
Ойжайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа
тартылған.
.
Иманжүсіп – Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті
жырлаған
күрескер
әнші.
Оның
әндерін А.В.
Затаевичке Қ.Байжанов,
Қ.Байсейітов,
И.Байзақовтар
нотаға
түсірткен.
Затаевич Иманжүсіптің бірнеше әндерін жазып алып, “Қазақ
халқының 1000 әні” атты жинағына енгізген. Соңғы жылдары
Иманжүсіптің жаңа әндері де табылып отыр. “Сейфүл-мәлік”,
“Сарыарқа” (4 нұсқасы), “Сарыбел”, “Ерейментау” (2 нұсқасы), “Болған
жастан” (2 нұсқасы), т.б. әндері әр жылдарғы фольклорлық
экспедициялар
кезінде
жазылып
алынған.
“Сармойын”
әні
Е.Г.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында (Бекежан ариясы)
пайдаланылды.
2001 ж. жарық көрген “Иманжүсіп” (авторы Р.Көшенова) атты
кітапқа Иманжүсіп әндері толық енген.
Ақын шығармалары
«Сарымойын»
«Бұқылы мен Тағалы»
«Ішім өлген дүние-ай құр сыртым сау»
«Сарыарқа»
«Ерейментау»
«Қысырақтың үйірі жирен ала»
тағыда басқа шығармалар көп
Қуғын сүргін жылдары
Иманжүсіп
1913
жылы
атамекеніне
оралып,
Сырдария
губуберниясының Шиелі болысына қоныстанған. Кеңес дәуірінде тағы да
қудалау көрген Иманжүсіп Сарысуға көшіп, 1930 жылы 20 желтоқсан күні
тұтқындалған. 2.3.1931 ж. ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен атылып,
1990 жылы толық ақталған.
Ел үшін жанын кешіп азап шеккен ерлерді елі ұмытпайды.
Қазіргі Ақсу қаласында орнатылған ескерткіш.
Ақсу тарихи-өлкетану музейінде Иманжүсіп Құтпанұлының 150
жылдығына орай “Тәуелсіздік жолындағы күрескер” атты ғылыми-
зерттеу
жұмыстар
сайысы
өткізілді.
Осы іс-шараға “Шафер үйі” музейінің директоры Татьяна
Алексеевна Корешкова қатысып көрерменді Иманжүсіп Құтпановтың
өлеңдерімен таныстырды.
Осы іс-шараға арнайы “Тәуелсіздік жолындағы күрескер”
атты фото-көрме ұйымдастырылды.
Сайысқа ауыл және қала мектебінің оқушылары қатысты.
2012 жылдың 26 қыркүйек күні спорт сарайына Иманжүсіп
Құтпанұлы аты беріліп салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Осы іс-шарада облыс әкімі Ерлан Арын XXX Лондон
Олимпиада ойындарына қатысушы Дәулет Шабанбайға
спорт
кешеннің
кілтің
табыс
етті.
И.Құтпанұлы атындағы спорт сарайында көп функционалдық және
дайындық жаттықтыру залдары бар.
Спорт сарайының фойесі
Өр тұлға, тәуелсіздік үшін күресіп,
ұмыт болсада жарты ғасыр өтседе,
сырын ашқан, ақын немересі Раушан
Көшенованың
еңселі
еңбегінің
арқасында ұрпақ үлгісі, елінің азаматы
Иманжүсіп Құтпанұлының ерлігі әр
қазақ
азаматының
жүрегінде.
Елі үшін күресіп, тәуелсіздік үшін өмірін құрбан
етіп, көпшілік зиратында жерленген. Бүгінгі күннің
дәлелі Иманжүсіп Құтпанұлының еңбектері мен ақын
өмірі мен шығармашылығы істеген ісі мен батырлығы
келесі ұрпаққа үлгі өнеге, ұлы тұлғалардың арқасында
сыры ашылып, 1990 жылы аласапыран заманның
өткеніне 60 жылдан кейін ғана ақталып, ақын есімі
аталды.
Әбіш Кекілбаев:
«Иманжүсіп – көз жетер жердегі аса бір
әйгілі де асқақ тұлға. Ол бүтін
болмысымен аса зерделі суреткер,
композитор, ұлы әнші-сазгер.
Өзінің бітім табиғаты бойынша - нағыз
дала көкжалы.
Жырау
Мәнсүр Бекежанов
Ақ балдақ алмасымның сынығысың,
Шынардың шыңға біткен шыбығысың.
Бәйге аттай жұрттан озған заманында,
Арда емген арғымақтың сыңығысың, -
Жүз қатыны қазақтың ұл тапса да,
Бәрібір Иманжүсіп бола алмайды! –
деп, өзін-өзі танып, қайрат пен дарынды
бір бойына сіңірген Иманжүсіп
Құтпанұлының есімі – тарих беттерінде
алтын әріппен жазылуға лайық дара тұлға.
Ахмет Жұбанов
«Иманжүсіптің бар тарихы архивте жатыр.
Әлбетте, көп сөз ел ішінде әлі бар.
Соларды жинау керек. Иманжүсіптің де
күні болады»
Оразбек Сәрсенбай
«Саналы ғұмырында тағдырдың теперішін
көп көрген Иманжүсіп күрескерлік өр үнін
әндерінде танытады».
Жаяу Мұса
Туыпты Иманжүсіп Құтпанбайдан,
Ер болсаң медет тіле бір құдайдан.
Ешкімнің төбесіне құй қазған жоқ,
Сонда да қайда кетті Сейтек Тайжан.
Раушан Көшенова
“Иманжүсіп өз өмірінде Сәкен Сейфуллин,
Қажымұқан Мұңайтпасовпен, Балуан
Шолақпен жолдас болған. Қажекен
Иманжүсіпті аға тұтып қатты
құрметтейді. Сондықтан болар онымен
ешқашан да белдесіп, күреспеген”
Құрбан болғаннан кейін, сыры ашылған, ақын тағдыры
шығармашылығы,
халқымен
ұрпағымен
бірге.
Келешек ұрпақ ақын ісін жалғастыруда, ісі мен өлеңі де,
өмірі де мәңгілік үлгі өнеге, қазақпын деген адамның
жүрегінде
мәңгі
сақталады.
Арман биік төрінде Иманжүсіп ағамыз,
Ағамызды толғана есімізге аламыз .
Ерлігіңде, ісіңде көңілдің биік төрінде.
Тәуелсіздік жалауы желбірейді көгімде.
Армандап өткен бабамыз,
Істеген әрбір ісіңді үлгі етер әрбір балаңыз.
Тарихта алтын әріппен ерлігіңді жазамыз.
Назарларыңызға
рахмет
Document Outline - Страница 1
- Страница 2
- Страница 3
- .
- Страница 5
- Страница 6
- Страница 7
- Страница 8
- Страница 9
- Сайысқа ауыл және қала мектебінің оқушылары қатысты.
- Страница 11
- Страница 12
- Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайы
- Страница 14
- Спорт сарайының фойесі
- Страница 16
- Страница 17
- Әбіш Кекілбаев:
- Жырау Мәнсүр Бекежанов
- Страница 20
- Ахмет Жұбанов
- Оразбек Сәрсенбай
- Жаяу Мұса
- Раушан Көшенова
- Страница 25
- Страница 26
- Страница 27
Достарыңызбен бөлісу: |