Дәрілік зат – организмге емдік немесе профилактилалық әсер ететін табиғи немесе синтетикалық немесе гендік инженерия жолымен алынған зат.
Дәрі
Дәрі – Фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі ауруларды емдеу, алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданатын дәрілік зат немесе бірнеше заттар қосындысы.
Дәрілік түр (қалып) – қажетті емдік және профилактилалық әсер алу үшін пайдаланылатын, қолдануға, сақтауға ыңғайлы болу үшін дәрілік затқа берілетін қалып.
Дәрілік қалыптар консистенциясына қарай қатты, жұмсақ және сұйық түрлерге бөлінеді.