Гистотехника



Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#25009

ГИСТОТЕХНИКА

Гистология дәрігерлерді дайындау жүйесіндегі негізгі және маңызы зор пән. Себебі, көп жағдайларда тірі организмдерден биопсиялық және операция барысында материалдар алынып зерттелінеді. Бүйрек жұп мүше, онда үздіксіз зәр түзіледі. Бүйрек су-тұз алмасуын реттейді организмде тепе-теңдікті тұрақтандырып, эндокриндік қызмет атқарады. Бауыр ас қорыту жүйесінің ең ірі безі. Қызметі өте күрделі.

Мақсаты мен міндеті: Мүшелерден зерттеуге алынған кесіндіден жарық микроскопына арнап гистологиялық препарат дайындауды үйрену.

  • Мақсаты мен міндеті: Мүшелерден зерттеуге алынған кесіндіден жарық микроскопына арнап гистологиялық препарат дайындауды үйрену.

Зерттеу әдісі: Препаратты дайындау мынандай кезеңдерден тұрады.

  • Зерттеу әдісі: Препаратты дайындау мынандай кезеңдерден тұрады.
  • мүшеден кесінділер алу;
  • мүше кесінділерін бекіту;
  • мүше кесінділерін тығыздау;
  • мүше кесінділерінен қалыңдығы 5-10 микрометр кесінділер дайындау;
  • кесінділерді бояу.

Мүше кесінділері жедел түрде бекіту сұйығына салынады формалиннің 10%-дық ертіндісінде 24-48 сағат бойы, ал Карнуа сұйығында (спирт-хлороформ, сірке қышқылы) 3-6 сағат бойы бекітіледі. Мүше кесіндісін парафинмен тығыздау үшін: бекіту сұйығында болған материалдардан 0,2-0,3см кесінді алынады. Оны 3-4 сағат суда жуып формалиннен тазартылады. 70º,80º,90º,100º спиртке салынып, судан арылтады.

  • Мүше кесінділері жедел түрде бекіту сұйығына салынады формалиннің 10%-дық ертіндісінде 24-48 сағат бойы, ал Карнуа сұйығында (спирт-хлороформ, сірке қышқылы) 3-6 сағат бойы бекітіледі. Мүше кесіндісін парафинмен тығыздау үшін: бекіту сұйығында болған материалдардан 0,2-0,3см кесінді алынады. Оны 3-4 сағат суда жуып формалиннен тазартылады. 70º,80º,90º,100º спиртке салынып, судан арылтады.

Бөлме температурасының жағдайында мүше кесіндіні әр спиртте бір тәуліктей болады, спирттен кейін кесіндіні хлороформ-парафинге, ксилолға көшіріледі, еріп тұрған парафинге тұрған кесекше бір сағаттан кейін екінші парафинге көшіріледі. Кесекшелерді тығыздаудан кейін салқын суға салынады. Тығыздалған мүше кесекшелерден қалыңдығы 5-10 микрон кесінділер арнайы «Микротом» аппаратында кесіледі. Ол жылы суға көшіріліп тегістеледі, алынған жұқа кесіндіні заттық шыныға желімдейді. Кесінділерді бояғанда ядросын анықтау үшін (гематоксилин көгі), қышқыл немесе цитоплазмалық (эозин, азокармин және т.б) бояулары қолданылады.

  • Бөлме температурасының жағдайында мүше кесіндіні әр спиртте бір тәуліктей болады, спирттен кейін кесіндіні хлороформ-парафинге, ксилолға көшіріледі, еріп тұрған парафинге тұрған кесекше бір сағаттан кейін екінші парафинге көшіріледі. Кесекшелерді тығыздаудан кейін салқын суға салынады. Тығыздалған мүше кесекшелерден қалыңдығы 5-10 микрон кесінділер арнайы «Микротом» аппаратында кесіледі. Ол жылы суға көшіріліп тегістеледі, алынған жұқа кесіндіні заттық шыныға желімдейді. Кесінділерді бояғанда ядросын анықтау үшін (гематоксилин көгі), қышқыл немесе цитоплазмалық (эозин, азокармин және т.б) бояулары қолданылады.

Нәтиже: Мүше кесінділерін гематоксилин және эозин бояу үлгісі арқылы бүйрек және бауырдан гистологиялық микропрепараттары дайындалды. Микроскоппен зерттеу барысында : ядросы базофильді, ал цитоплазмасы оксифильді боялғаны анықталды.

  • Нәтиже: Мүше кесінділерін гематоксилин және эозин бояу үлгісі арқылы бүйрек және бауырдан гистологиялық микропрепараттары дайындалды. Микроскоппен зерттеу барысында : ядросы базофильді, ал цитоплазмасы оксифильді боялғаны анықталды.

Қорытынды: зерттеу нәтижесінің барысында қойылған мақсаттар толығымен орындалып, аталған мүшелерден гистологиялық микропрепараттар дайындалды.

  • Қорытынды: зерттеу нәтижесінің барысында қойылған мақсаттар толығымен орындалып, аталған мүшелерден гистологиялық микропрепараттар дайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет