Реферат балалар аутизмі Орындаған: Рахимова Алия Тексерген: 2022 Кіріспе



бет1/2
Дата19.05.2022
өлшемі26,51 Kb.
#35093
түріРеферат
  1   2

Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова
РЕФЕРАТ
Балалар аутизмі


Орындаған:Рахимова Алия
Тексерген:


2022
Кіріспе
Аутизм – социалды қарым – қатынас жеткіліксіздігі тән, психика бұзылысы. Аутист балалар дамуында өмір бойы сақталатын бұзылыстар оның қабылдау, түсіну әрекетіне кері әсерін тигізеді.


Аутизм қай жастан бастап көрініс береді?
Балалық аутизм бүгінгі таңда 100 000 балаға 2 – 4 жағдайда кездеседі. Ақыл кемдігімен қоса (атипиялық аутизм) анықталуы 100 000 адамға 20 жағдаймен кездеседі. Ұлдар мен қыздар ара қатынасы 4/1. Аутизм кез келген жаста кездеседі. Жас ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері де өзгеріп тұрады. Ерте балалық аутизм ( 3 жасқа дейін), балалық аутизм ( 3 жастан 10 – 11жасқа дейін) және жасөспірімдік аутизм (11 жастан жоғары).


Аутизм бар баланың ерекшелігі.
Бұл аурудың симптомдары әртүрлі және жас ерекшеліктеріне байланысты болғанмен, ортақ аутист балаларға тән өзіндік ерекшеліктері болады.
социалды контакт және қарым – қатынас бұзылысы;
қызығушылықтың шектелуі және ойын ерекшеліктері;
қайталамалы әрекеттерге бейімділік (стереотипияға);
вербалды қатынас бұзылысы;
интеллектуалды сфера бұзылысы;
жүрісі мен қозғалыс ерекшеліктері


Қайталамалы әрекеттерге бейімділік (стереотипияға)
Аутизммен ауыратын балалардың 80 пайызында қайталамалы әрекеттер немесе стереотипия кездеседі. Стереотипия іс – әрекеттерінде және сөйлеу кезінде байқалады. Жиі ол қозғалыс стереотипиялары, оларға бір бағытты бас қозғалысы, иықтың қозғалысы, саусақтарын жұмуы жатады. Ретта синдромы кезінде стереотипты саусақ бүгуі және қол жуу байқалады.
Жиі кездесетін стереотипты әрекеттер:
жарықты қосу және өшіру;
құм, мозаика, дәнді дақылдарды қайта төгу;
есікті тербету;
стереотипты санау;
қағазды мыжу немесе жазу;
аяқты босату және қысу.
Сөйлеу кезінде кездесетін стереотипиялар эхолалия деп аталады. Ол дыбыспен манипуляция, сөзбен, сөз тіркесімен болуы мүмкін. Бұл кезде балалар ата – анасынан естіген, теледидардан естіген сөздерді қайталайды, бірақ мағынасын түсінбейді. Мысалы, «шырын ішесің бе?» сұрағын қойған кезде, бала «шырын ішесің бе, шырын ішесің бе» деп қайталай береді. Немесе бала бір сұрақты бірнеше рет қайталауы мүмкін, мысалы:
Бала – «қайда бара жатырмыз?»
Анасы – «дүкенге»
Бала – «қайда бара жатырмыз?»
Анасы – «дүкенге сүт алуға»
Бала – «қайда бара жатырмыз?»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет